ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР
ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ:
XI-XIII ғ. ғ. - Майқы би, Аяз би.
XIV-XV ғ. ғ. - Асан қайғы, Жиренше шешен.
XV-XVIII ғ. ғ. - Шалкиіз, Бұқар жырау т. б.
XVIII ғ. - Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1764), Әйтеке би (Айтық) Байбекұлы (1644-1700).
XVIII-XIX ғ. ғ. - хан-сұлтандарға қарсы шыққандар: Байдалы би, Тіленші би, Тарақты Тұяқ, Шалқар шешен;
Бек-болыстарға қарсы шыққандар: Сырым Датұлы, Досбол шешен т. б.
Шешендік сөздердің жанрлық түрлері: шешендік арнау, шешендік толгау, шешендік дау.
Шешендік нақылдар мен толғаулар - ата-бабаларымыздың қалдырған сөз сарайы тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалма аумырлық өсиеті. (М. Әуезов)
Шешендік, кейбіреудің ұғымындай, әшейін ширақ сөйлеу, құрғақ пысықтық жасау емес. Шешендік - шексіз білімнен, терең ойдан, асқан парасаттан туатын нәрсе…Көп біліп, дөп сөйлеген --шешен, аз біліп, көп сөйлеген мылжың (3. Қабдолов)
Қазақтар шешен келеді. Олар мақамдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады. (В. В. Радлов)
Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет. (А.Брем)
Түркі халықтарының ішінде ең суретшіл, образды тіл - қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиеті мен де даңқты. (С. Е. Малов)
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері… Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі жан-жақты. (П. И. Мелиоранский)
Қандай қиын түйінді де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді! Қандай қиқар даукесің де Әйтеке айтқанда құлақ, аспасқа, Қазыбек айтқанда құптамасқа, Төле айтқанда "төресі осы" деп жығыла кетпеске жағдайы жоқ-ты. "Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады" деген сөз де содан қалған-ды. (Ә. Кекілбаев)
• Шешендік өнердің кеңінен дамып биіктеген кезеңі: (XV-XVIII ғ.)
• Екі адамның белгілі бір талас мәселелерін, даудың шешімін шығарушылар: (Билер, шешендер)
• Елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздер: (Шешендік сөздер)
• Мазмұнына қарай үш түрге бөліп қарастыратын ауыз әдебиетінің үлгісі: (Шешендік сөз)
• Шешендік сөздердің жанрлық түрлері: (3; шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау)
• Шешендік сөздердің басты ерекшелігі: (Халқымыздың даналық ойының үлгісі)
• Шешендік толғаудың ерекше түрі: (Қанатты сөздер)
• Нақыл сөздің белгілері: (Ғибратты, тәлім берерлік мәні бар терме жырлар, өлеңдер)
Шешендік сөздердің басты ерекшелігі: (Халқымыздың даналық ойының үлгісі)
"Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде… бейне бір өлең екен деп таңғаласың, " - деп, шешендікке баға берген ғалым: (В. В. Радлов)
Қазақтың шешендік өнерінің тарихы басталады: (Майқы би мен Аяз биден)
"Түгел сөздің түбі бір, түп атасы …"- деген халық сөзін толықтыратын бидің аты: (Майқы би)
"Тіл - қылыш, тиімсіз жерде тый, Тиімді жерде жи," - деген қанатты сөздің білдіретін мағынасы: (Тіл - тәрбие құралы)
Би бой, би болмасаң да, би түсетіндей үй бол" дегенге түсінік: (Әйелің жақсы болсын дегені)
Айтушының Табиғат құбылыстары мен әлеуметтік өзгерістірге өзіндік көзқарасын білдіретін шешендік сөздің түрі: (Шешендік толғау)
"Бұл дүниеде не өлмейді?" деген Жәнібек ханға Жиренше шешеннің қайтарған жауабы шешендіктің қай түрі? (Шешендік толғау)
Жәнібек ханның "Бұл дүниеде не өлмейді?" деген сұрағына жауап берген шешен адам: (Жиренше шешен)
Сөздері аңыз әңгімеге айналып кеткен шешен: (Жиренше)
Шешендік арнаудың негізгі мазмұнын құрайтын тілектер: (Қуанышқа бата беру, ауыр қайғыны жеңілдету үшін тоқтау айту, елін, жерін қастерлеуге, қорғауға үндеу)
"Сөзден тәтті нәрсе жоқ, Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе ақылыңа билет…" - деген сөздердің авторы: (Бөлтірік шешен)
Бөлтіріктің шешендік сөздерінің көпшілігі неге негізделген? (Өз ұлтының қасиетті ұғымдарына сипаттама беруге)
Ізкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді. (Бөлтірік шешен).
Шешендік сөздің жанрлық түрі: (Шешендік арнау)
Малайсары би Сырым мен қоштасарында: "Есіңе салар уш сөзім бар: "обал, сауап, борыш", Осы үш сөз есіңде болса, елің жаныңнан кетпес. елін барда басқа дұшпан басыңа тектес, "-- деген екен. Үзінді: (Шешендік өсиет)
Әрі батыр, әрі шешендігімен танылған: (Сырым)
Малайсары: "Есіңе сақтайтын 3 сөз бар: обал, сауап, борыш." деп кімге айтқан? (Сырымға)
"Кеудең толы бауыр болсын, арқаң қара нардай жауыр болсын, Бірақ жасың жетпіске жетпесін…" - деген батаны Сырымға кім берген? (Малайсары)
Тарихта Сырым Датұлына бата берген би: (Малайсары би)
"Дау мұраты - біту,
Сауда мұраты - ұту;
Жол мұраты - жету:
Қыз мұраты - кету, " - деп айтқан: (Сырым)
Ақсауыт би: "Баланың екі түрі болады: біреуі - үй баласы, біреуі - ел баласы. Ел бүтіндігін сақтайын деп тұрған бала екенсің…" - деп айтты: (Сырым биге)
"Ел баласы" деген сөздің мағынасы: (Көптің қамын ойлайтын бала)
"Кісі болар баланың кісіменен ісі бар,
Кісі болмас баланың кісіменен несі бар?" деген Малайсарының сөзі. (Шешендік нақыл)
"Киңнің алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең. ауылыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең, " деген Малайсарының сөзі: (Шешендік нақыл)
• "Байдалы шешеннің Уәлидің ханымы Айғанымға айтқаны" атты шешенді сөздері: (Шешендік арнауға жатады)
• Соқыр Абыздың Жәнібек батырға айтқан батасы шешендіктің қай түріне жатады? (Шешендік арнауға)
• Шешендік дау түрлері: (Жер дауы, жесір дауы, күн дауы, ар дауы)
• Мұса Шормановтың бес ауыз жұмбағын шешкен шешен: (Қанжығалы
Достарыңызбен бөлісу: |