Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Парфия мемлекетінің ішкі құрылысы



бет39/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92
Байланысты:
annotation15107

2. Парфия мемлекетінің ішкі құрылысы
Соңғы уақытқа дейін бірқатар зерттеушілер Аршакид державасының әлеуметтік құрылысын феодалдық қоғам деп анық түрде көрсетіп келген болатын. Парфиялық атақты ақсүйек рулар өкілдері, патша бекзадалары (уәзірлер), ұсақ жер иелері мен жергілікті билеушілер, аймақ басқарушылары мен басқа қызмет иелері жоғарғы сюзерен болып табылатын патшалардың патшасының, иерархиялық сатының әр түрлі баспалдақтарында тұрған вассалдары ретінде қарастырылды. Парфия қоғамының феодалдануының көріністерінің қатарына жауынгерлердің бірдей киім киюі, сарай салт-жоралғыларының күрделі дәстүрі, күрделі титулдар жүйесі және басқа да таза сыртқы белгілер жатқызылды. Парфия қоғамының сипатын нақты анықтау үшін әлі де болса зерттеулерді жетілдіре түсу қажет. Қазіргі таңда тек Парфия қоғамының жекелеген элементтері және оның әлеуметтік өміріндегі негізгі үрдістер жөнінде ғана айтуға болады.
Біріншіден, Парфия қоғамының әлеуметтік құрылымы, оның бес ғасырға созылған өмірінің өн бойында өзгеріссіз қалды деуге еш негіз жоқ. Екіншіден, өзінің қоғамдық және экономикалық құрылысы бойынша әр текті әлеуметтік организмдер «Ұлы Парфияның» саяси аумағында біріктірілгенін ескеру қажет. Бұл жерде өзін-өзі басқаруын сақтаған эллинистік қалалар да, өте күшті патриархалды-рулық құрылымдары бар ұсақ араб әмірліктері, бір жерлерде шахан-шахтың туыстары басқаратын, ал басқа жерлерде жергілікті әулеттер басқаратын жартылай тәуелсіз патшалықтар да болды. Бұл жерде экономикалық жағынан қуатты храмдық поместьелер де, жерге бекітілген құлдар еңбегімен өңделетін жеке меншік поместье - дастакерттер де, сондай-ақ дәстүрлі қауымдық уклад нормаларымен өмір сүретін ерікті жер иелері де болды.
Плинийдің көрсетуі бойынша парфиялықтардың 18 патшалығы болған. Кейінірек оларды «тайпалардың патшалары» деп атады және Парфия мемлекетінің ішкі құрылымын түсінуге осы жағдай көмектесетін тәрізді. Өз уақытысының ең қуатты әлемдік державасының бірін қалыптастырған көшпелі халық парналар көп уақыт бойы өздерінің көшпелі рулық дәстүрлерін сақтаған болуы керек. Парфия державасы тарихының бүкіл өн бойында парфиялық қуатты ақсүйек рулар - әрқайсысы өз әскерін ұстаған карен, сурен, михран және т.б. рулардың ерекше роль атқаруын «феодалданумен» емес, көшпелі өмір салтының сақталуымен түсіндіру керек. Ру-тайпалық ұйымының қалдықтары қатарына ру шонжарларының жалпы мемлекеттік кеңесінің сақталуын да жатқызуға болады.
Аршакидтердің өздері жаулап алған елдерді қолдарында ұстап тұру үшін құрған әскери-саяси ұйымы өте бейімделгіш, әр аймақтың дәстүрлері мен ерешеліктеріне икемделгіш болды. Мысалы, державаның батыс бөлігінде селевкидтерге тән болған грек шенеуліктерінің номенклатурасы (мысалы, «Месопотамия мен Парапотамияның стратегі») «арабтардың архосы ( басшысы )», немесе одан да ежелгі дәуірге жататын ахеменидтік терминдер ( аркапат - «қамал бастығы» ) кездеседі. Шығу тегі ирандық яғни жергілікті титулдар мен шен- дәрежелер Закавказьеде де, Шығыс Иранда да кездесті. Аршакид державасының Шығыс шегінің яғни тікелей Парфияның өзінің әкімшілік бөлінісі өте жақсы зерттелген. (Нисадан табылған шаруашылық құжаттарының арқасында). Бұл жерде әкімшілік бөлініс үш сатыда болған: дизпат (кіші-гірім ауылдың немесе қамалдың билеушісі) сатрапка ( шахрап), яғни ахеменидтік дәуірде қарағанда салыстырмалы түрде кішірек ауданның билеушісіне бағынды, ал сатраптардың үстінен марзбандар (шекараларды қорғаушылар) ең ірі әкімшілік территориялық бірліктің билеушілері тұрды. Салық салу жүйесі де аймақтарға қарай ерекшеленіп отырған тәрізді.
Әкімшілік құрылымның мұндай, яғни ауданның ерекшеліктеріне бейімделген жүйесі мықты патша билігі болған жағдайда ғана алып державаны билеуді қамтамасыз ете алды, алайда ол әлсіреген кезеңдерде бірден-ақ бөлінуге деген ұмтылыстар күшейіп кетіп отырды. Парфияның ақсүйек рулары арасындағы бәсекелестік бұл үрдісті одан бетер күшейтіп жіберді.
Б.з. I ғасырдың соңғы ширегінде басталған орталыққа бағынбау бағытындағы үрдіс күшейе келе, аршакидтер әулетінің бірнеше өкілдері арасындағы билік үшін күрес формасына ие болды. Б.з. I ғасырдың аяғы - III ғасырдың басында бір уақытта екі бір-біріне жау билеушінің отыруы жиі кездесіп отырды. Олардың екеуі де патша титулын иеленіп, өз теңгесін шығарды және т.б. Алайда, бұл өзара қырқыс күресте күштердің арасалмағы тұрақты болмаған тәрізді, сондықтан да Парфия патшалығы бөлшектеніп, әр билеушіге тиісті территориялар бөлініп кете қойған жоқ, билікке таласушылардың әрқайсысы бүкіл патшалыққа билік жүргізуге ұмтылды. Орталық биліктің әлсіреуі елдің сыртқы саяси жағдайының нашарлауына (дәл осы өзара қырқыс күрес б.з. II ғ. Римнің Месопатамиядағы жаулап алуларын жеңілдеткен болатын) және Парфия державасының құрамындағы патшалықтар мен аудандарының бөлінушілік ұмтылыстарының күшеюіне ықпал етіп отырды. Б.з. 58 жылы көтерілістен кейін Гиркания тәуелсіздігін алды, Аршакид патшалары б.з. II ғасырда көптеген иеліктерінен айырылып қалды, ал III ғасырдың басына қарай олардың қоластынан Парс толықтай бөлініп шығады. Бұл жердегі жергілікті билеушілер мен абыздар өздерін ахеменидтердің мұрагерлеріміз деп есептеді. Кейінірек олар сасанидтер әулетін құрып, бүкіл Иранды өздеріне қаратқаны жөнінде орта ғасырлар тарихынан білетін боламыз.
Парфияның мәдениетін Аршакидтер державасының құрамына кірген елдер мен халықтардың мәдениетінің қарапайым жиынтығы ретінде қарастыруға болмайды. Бағындырылған халықтарға иран мәдениетін таңу немесе әрбір жеке мәдениеттің өз келбетін жоғалтып, ортақ мәдениетке бірігуі де орын алған жоқ. Тигрдегі, Селевкиядағы гректер өз құдайларына табына берді; Парста Армуз бен Анахитаға табынды, яғни ежелгі зороастризм дәстүрлері сақталды. Тікелей Парфияның өзінде Заратуштра ілімімен бастау алатын, бірақ көп өзгерістерге ұшыраған діни дәстүрлер таралды.
Арабтардың Хатра әмірлігінде ежелгі семиттік құдайларға: ал-Лат, Шамсқа табынды. Рим-Парфиялық шекаралық Дуро-Европас қаласында Зевс-Теос храмы синагогамен «Пальмира құдайларының» храмы римдік «Митреуммен» қатар орналасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет