Ежелгі грек философиялыќ мектептері мен баѓыттары



бет5/6
Дата15.11.2023
өлшемі0,76 Mb.
#123590
1   2   3   4   5   6

Эпикур ілімі-ежелгі Гректердің соңғы ілімі де, стоицизм- Ежелгі римдіктердің басты ілімі. Эпикур ілімінің басты ерекшелігі – оның бұл дүниелік игіліктерге қатынасында:Эпикур оларды қажетсінбейді емес және, сонымен қатар, оларды алдыңғы орынға қоймайды да. «Бір сәттік рахат», «қазір болса болды, кейінгісін көре жатармыз» қағидасы емес Эпикурдің қлайтыны –тұрақты, біркелкі таусылмас ләззат. «Ол оның ішкі жан дүниесінде қатты қайраңға ұрған тынық теңіздей толқиды». Мұндай ләззат – тән саулығы мен жан тыныштығынан тұрады. Сондықтан Эпикур түсінігіндегі бақыт-түкке тұрғысыз наным-сенім мен үрей-қорқыныштан азат болу.

Ғылымдарды классификациялау.

Эпикур ғылымдарды физикаға, гносеологияға және этикаға бөледі. «Жаратылыстанусыз мамыражай рахат –ләззат алу мүмкін емес» деп тұжырымдайды Эпикур, «табиғатты зерттеудің қажеттілігі осыдан туындайды»

Киниктер мектебі

Киниктер-ежелгі грек философиясының Сократтық кезеңіндегі (б.д.д 4 ғ) мектептердің бірі.

Негізгі өкілдері: Антисфен, Синоптық («бөшкедегі») Диоген, Кратет

Мектептің атының шығу тегі екі түрлі:

1.Антисфеннің Афинадағы Киносар қыратында орналасқан философиялық мектебінің орны.

2.Диогеннің лақап атының бірі(«кинос»- «ит»)

Киниктер өмір салты мен философиясының жалпы сипаты

  • Шексіз, асоциалды-қоғамнан тыс бостандықты дәріптеу, сыртқы дүниеге(қоғам, мемлекет, отбасы, үй-жай,дүние-байлық т.б) тәуелсіздікті мақтаныш тұту
  • Әлеуметтік байланыстардан шектеу, ерікті жалғыздық: «Қауымсыз! Үйсіз! Отансыз!» қағидасы бойынша тіршілік кешу(Синоптық Диоген)
  • Шектен шыққан аскетизм: тәндік жұтандықты, рухани жарлылықты уағыздау
  • Бедел атаулыны мойындамау
  • Патриотизнің болмауы, кез-келген қоғамда сол қоғамның заңдарымен емес әрбір адамның тек өз қағидаларымен өмір сүруі
  • «Әлем азаматы » болу(Космопотилизм)
  • Табиғат заңынан басқа ешбір заңды мойындамау
  • Радикализм, парадоксалдылық

Стоялық мектеп



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет