1865 жылы Ташкентті Ресей әскері басып алды . XIX ғасырдың 60 - жылдарының екінші жартысынан бастап орыс әскерлерінің соғыс қимылдары толығымен Орта Азия мемлекеттерінің – Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтарыныңаумағына ауысты , қатарынан бірнеше рет есеңгірей соққы алып , жеңіліске ұшырағаннан кейін Қоқан хандығы біржолата жойылды .
- 1866 жылдың көктемінде орыс әскерлері Бұхар хандығының едәуір бөлігін басып алды Ол аумақтар Түркістан генерал - губернаторлығының құрамына енгізілді.
- 1873 жылы Ресей әскери экспедициялық корпусы Хиуа хандығының астанасын да басып алды.
- 1865 жылы Ресей ескери министрінің бұйрығымен Түркістан аймағы құрылды . Ол Орынбор генерал - губернаторына бағындырылды .
- 1867 жылы орталығы Ташкент қаласында орналасқан Түркістан генерал губернаторлығын құру туралы жарлық шықты
Ресей империясының Қазақстанды басып алуының салдары:
Патша үкіметі өскерлерінің Ұлы жүздің аумағында жүргізген соғыс қимылдары Қазақстанның Ресей империясына толық қосылып бітуімен аяқталды.
16. 1867-1868 жж. Қазақстандағы патшалық Ресейдің әкімшілік реформаларының міндеті мен мақсаты. 1867 – 1868 ЖЫЛҒЫ РЕФОРМАЛАР Тарихнама: Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның аграрлық тарихының түйінді мәселелері кеңес тарихшылары Б.Сүлейменовтің (XIX ғ. соңғы үштен бірі – ХХ ғ. басы, 1963 ж. Қазақстандағы аграрлық мәселе) және П. Галузоның (1867-1914 ж. ж. Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар А., 1965) еңбектерінде зерттелген. Б.Сүлейменовтің монографиясында автократияның аграрлық саясатының мәні ашылып, қазақ ауылының отырықшы өмір тарихы мен әлеуметтік-шаруашылық құрылымы талданды. Автор ауылда тұрақты тұрғын үйлер мен малға арналған үй-жайлар құрылысының күшеюін атап өтті, 1867-1868 жылдардағы реформа нәтижесінде құрылған әкімшілік ауыл мен шаруашылық ауылы арасындағы айырмашылықты көрсетті, оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін қарады. Ол патриархалды феодалдық қатынастардың өміршеңдігіне байланысты ауылдың кедейлері көбінесе "рулық көмек" түрінде пайдаланылғанын атап өтті»
Еңбектер:
Бельбаева А.А. Переселенческая политика царизма в Казахстане в конце XIX – начале XX вв. // Мысль. 2000. № 4.
Таштемханова Р.М. Переселенческая деревня и ее взаимосвязи с казахским аулом во второй половине XIX – начале XX вв.: Автореф.к.и.н. Алматы, 1994;
Менилбаев Гани Абылаевич. Проблемы взаимовлияния переселенческой деревни и казахского аула (1867-1917 гг. по материалам Сырдарьинской области): Дис... к.и.н.: Алматы, 1995. 176 с.
Таштемханова Р.М. Переселенческая деревня и ее взаимосвязи с казахским аулом во второй половине XIX – начале XX вв.: Автореф.к.и.н. Алматы, 1994. 9.
Менилбаев Гани Абылаевич. Проблемы взаимовлияния переселенческой деревни и казахского аула (1867-1917 гг. по материалам Сырдарьинской области): Дис... к.и.н.: Алматы, 1995. 176 с
Патша үкіметі 1867-1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет билігінен біржолата ығыстырып , жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді . Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын көбейте түсуге тиіс болды.