Ежелгі шығыс елдерінің құқықтық мұралары



бет14/16
Дата06.01.2022
өлшемі205,26 Kb.
#16262
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

3.Неке және отбасы құқығы

  • 3.Неке және отбасы құқығы
  • Ежелгі Үндістандағы неке мүліктік мәміле ретінде қаралып, нәтижесінде күйеуі әйелін өзіне сатып алды, осыдан кейін ғана ол оның меншігіне өтті. Осы тұрғыдан Ману заңдарында ер адамдардың үстемдігі барынша көрсетілді.Заң талаптарына сәйкес, әйел балалық шақта әкенің, тұрмыс құрған соң күйеуінің, жұбайы қайтыс болған соң балаларының билігі аясында болған. Әйел адам үнемі еркек адамның қадағалауында болуы керек деп есептелді. Тіпті қайырымдылықтан ада болса да, әйелі күйеуін құдайша сыйлауға, құрмет көрсетуге міндетті болды. Некенің сегіз түрі анықталды.
  • Олардың негізгілері:
  • Салтанатты неке. Бұл жағдайда келіншектің артынан келген мүлік күйеуінің жеке меншігіне өтті;
  • Сатып алынған неке. Бұл жағдайда әйелді сатып алады
  • Екі жақтың бір-бірімен келісімі арқылы жасалған неке. Бұдан жағдайда ешқандай міндеттеме
  • қойылмады;
  • Әйелді алып қашу. Бұл неке соғыс кезінде тұтқынға алу және ұрлап кету арқылы жүзеге
  • асырылады.
  • Ежелгі Үндістандағы касталық құрылымның талаптарына сәйкес күйеуі де әйелі де бір кастаның аясындағы адамдар болуға тиіс еді. Ерекше жағдайларда ғана ер адамдарға өзінен төмен тұрған кастаның әйеліне үйренуге рұқсат берілді, ал жоғарғы кастаның әйеліне өзінен төменгі кастаның еркегіне тұрмысқа шығуға тыйым салынды. Отбасының қожасы болумен бірге ер адам жанұяның барлық мүлігінің ортақ болуына қарамастан, оның барлық мүліктік иелігінде басшылық етті. Ежелгі Үнді құқығында мұра қалдырудың тек заң бойынша нысанын жүзеге асырылды, ал өсиет бойынша мұрагерлік ескерілмеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік мүліктер ұлдарының арасында тең бөлінді немесе кәмелетке толмаған ірілеріне қорғаныс болатын үлкен ұлының қарауына берілді. Қыздары мұрагерліктен шеттетілді, алайда бауырлары олардың жасаужабдығына арналған өз мүліктерінен төрттен бір бөлігінің үлестерін беруге міндетті болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет