Ежелгі шығыс елдерінің құқықтық мұралары


Неке және отбасылық құқықтық қатынастарды реттеу



бет2/16
Дата06.01.2022
өлшемі205,26 Kb.
#16262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ежелгі шығыс елдерінің құқықты мұралары

3.Неке және отбасылық құқықтық қатынастарды реттеу

  • 3.Неке және отбасылық құқықтық қатынастарды реттеу
  • Ежелгі Мысырдың отбасында алғашында матриархалдық сарқыншақтар кеңінен сақталды.
  • Баланың тегі әкесінен гөрі анасы жағынан өрбіді. Мысырлықтарда ананың әкесі, аға-інілері,
  • нағашылары айрықша құрметке бөленген. Отбасында әйелдің мәртебесі біршама жоғары болып,
  • оны “үй әміршісі”, “үй билеушісі” деп атаған. Алайда, бірқатар уақыт өткен соң жағдай өзгеріп,
  • еркектердің мәртебесі, құқығы арта бастайды. Осыдан кейін ерлер полигамиясы пайда болды,
  • яғни ер адам абыздар қауымына енбейтін болса, үйге екінші әйелді әкелуге құқылы болған. Бай
  • ауқатты мысырлықтарда гарем пайда болған. Бірақ ондағы әйелдер мысырлықтардың жұбайы
  • саналмаған, әрі оның балалары отбасы мүшелері болып есептелмеген.
  • Мысырда некеге тұру өзара келісім бойынша жүргізілген. Әйел өз еркімен және өз атынан неке
  • шартын жасай алған. Ажырасу да ерікті түрде жүргізілген. Ажырасқан әйел белгілі бір мөлшердегі
  • мүлікті иеленген. Егер күйеуі әйелін себепсіз тастаса, онда оған 100 таяқ дүре соғылып , неке
  • кезінде жиналған мүлік әйелге қалдырылатын болған. Балалары әкесінің мүлігіне мұрагер бола
  • алған. Алайда егер жұбайлар ер адамның өтініші бойынша ажырасса, онда барлық мүлікке
  • баланың ең үлкені ие болған. Оған өзінің іні-қарындастарына тиесілі мүлікті үлестіріп беру
  • міндеттелген. Ежелгі Мысырда балалар ата-аналарын қадірлеп құрметтеуге тиісті болған.
  • Олардың белгілі бір дәрежедегі дербестікке қолы жетіп, өз меншіктері болған. Тек мүлікті
  • іні-қарындастарына бөліп беруге міндетті болған және оны іс жүзіне асыратын үлкен ұлға ғана
  • біршама артықшылық берілген. Бірақ ол артықшылық мүлікті бөлумен айналысқаны үшін сіңірген
  • еңбегіне қарай берілетін сый деп есептелген. Ата-аналарын жерлеуге бөлінген мүлік бөлініске
  • түспей, сол көзделген мақсатқа пайдаланылған. Мұрагер өсиет қалдырушының әйеліне тиесілі
  • мүліктің үлес мөлшерін белгілеп, оны бөлу тәртібіне байланысты нұсқаулар бере алған. Мысыр
  • құқығында әйел де өз мүлкіне күйеуінің қатысуынсыз дербес өсиет қалдыра алған.

4.Міндеттемелік құқық

Ежелгі Мысыр құқығында келісімшарттардың төмендегідей түрлері белгілі болды. 1. Қаржылай несие беру, алу; 2. Жеке жалдау; 3. Сату-сатып алу; 4. Жерді жалға беру; 5. Серіктестік. Мысырда жердің ерекше құндылығына байланысты оның бір қолдан екінші қолға өтуі кезінде төмендегідей үш түрлі іс-қимылды орындау міндеттелді: 1. Жерді сатушы мен сатып алушының келісімінің мәні мен оған төлемді жасау жөніндегі өзара сөз байласу. 2. Жерді сатушының келісім-шартты

мақұлдауы жөнінде құдай алдында ант беруі; 3.Сатып алушыға жерді таныстырып, оның иелігіне өткізуі

5.қылмыстық құқық

Мысыр құқығында қылмыс ретінде бірқатар теріс іс әрекеттердің біріктіріліп, бірнеше топтарға бөліп қарастырылған:

1.Мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа қол сұғу-сатқындық, астыртын сөз байласу, бүлік шығару, мемлекеттік құпияны ашу. Аталған қылмыстар ерекше ауыр деп есептеліп, оны тікелей жасаған адаммен қоса оның отбасы мүшелері де бірге жауапқа тартылған. 2. Діни сипаттағы қылмыстар- қасиетті жануарларды өлтіру, көзбояушылық. 3. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар-адам өлтіру, дене жарақатын салу. Ал өз әкесін өлтірушілердің денесін қысқышпен үзіп жұлып, қылмыскерді тікенек шөпке тастап өртеген. 4. Мүліктік қылмыстар-ұрлық, таразыдан жеу, затты, мүлікті қасақана кем өлшеу. Әсіресе құл иеленушілерді меншігіне қол сұғушылық қатаң жазаға

тартылған. 5. Ар-ожданға қарсы қылмыстарға зинақорлық жасау, адам зорлау жатқызылды.

Жаза. Жазаның негізгі мақсаты қылмыскерлерге қорқыныш тудыру болды. Ең кең тараған өлім жазасы, яғни өлтіру болып саналды. Жазаның өлтіруден басқа түрлері:дене мүшелерін зақымдау, яғни қолын, құлағын мұрнын,тілін кесу, ер адамдарды піштіру, таяқпен соғу, түрмеге отырғызу және абыройын төгу үшін “масқаралау бағанасына" байлап, тұрғызып қою да қолданылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет