Сот әкімшіліктен ажыратылмады. Жоғарғы сотты патша брахмандармен бірлесіп жүргізді. Сот ісін жүргізуде алдын ала тергеу мен сот тексеруінің арасында айтарлықтай айқын ажыратылған жүктеу болмаған. Сот жәбірленушінің жазбаша арызы немесе тыңшылардан түскен астыртын мәліметтерге сүйеніп, істі қайта тексеріп, қарауға кірісетін. Куәләрдың көрсетулері мен айыпкердің кінәні мойындауы соттағы басты дәлелдемелер деп саналды. Сот шешімдері алқалы түрде қабылданды. Істі қараған кезде соттың ұсынатын қатаң тәртібі болмаған . Сот алдымен дауласушылардың жүріс-тұрысына, мінез – құлқына көңіл бөліп, адамның сыртқы келбетіне, бет жүзіне ,тыныс алысына да мән берген. Соттың шешіміне шығару кезінде ең басты дәлелдер ретінде куәләрдың сөздері мен әртүрлі сынақтарға көңіл аударылды. Куәгерлердің сөздерін бағалау кезінде олардың шығу тегіне үлкен мән берілді. Кастаға бөлінген ортада бұл жағдаймен санаспауға болмайтын еді. Жалған куәгерлік көрсетулер мен сотқа тиісті мәліметтерді хабарламау үлкен күнә деп саналды. Сот барысында куәгерлер ретінде өзара мүдделі адамдар және әйелдер жіберілмеді. Ант беру жеткіліксіз деп табылған жағдайларда айыпталушы соттың арасынан өтуге немесе суға түсуге міндетті болды. Егер оны жанып тұрған от күйдірмесе, суға батпаса , оның берген анты шын деп санаған