Ежелгі шығыс елдерінің құқықтық мұралары



бет15/16
Дата06.01.2022
өлшемі205,26 Kb.
#16262
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ежелгі шығыс елдерінің құқықты мұралары

4.Міндеттемелік құқық

  • 4.Міндеттемелік құқық
  • Ману заңдарында міндеткерлік қатынастар жан-жақты қарастырылып, олардың екі жақты келісімшарттардан туындайтыны көрсетілген. Олардың келесідей түрлері анықталады:
  • 1 Қарыз беру;
  • 2.Жұмыс күшін жалдау;
  • 3.Жер телімін жалға беру;
  • 4.Сату-сатып алу;
  • 5.Сыйға беру.

5.Қылмыстық құқық

  • 5.Қылмыстық құқық
  • Ману заңдарында көрініс тапқан қылмыстық құқық сол дәуірдің өлшемімен қарағанда өзінің жоғарғы дамыған деңгейімен сипатталады. Бұл жағдай қылмысты бірнеше түрлерге бөлумен дәйектелді:
  • Абайсызда жасалған және әдейі жасалған қылмыстар;
  • Бірінші рет және қайталанған қылмыстар;
  • Ауыр және жеңіл қылмыс және қылмысқа қатысушылық.
  • Екінші жағынан бұл заңдар көненің сарқыншақтарынан сақтағандығымен де ерекшеленеді. Оның заң баптарында талион принципінің, ордалинияның немесе қылмыскер белгісіз болған немесе табылмаған жағдайда қылмыс болған жердегі бүкіл қауымның ұжымдық жауапкершілігінің сақталуы еді.Ману заңдарында қылмыстың негізгі түрлері төмендегідей негізде жіктелді:
  • Мемлекеттік қылмыстар;
  • Меншікке қарсы қылмыстар;
  • Жеке адамға қарсы қылмыстар;
  • Отбасы қатынастарына қол сұғатын қылмыстар.
  • Жазаның түрлері:
  • Әртүрлі нысандағы өлім жазалары;
  • Дене мүшелеріне нұқсан келтіру;
  • Айыппұл салу;
  • Қауымнан елден қуып жіберу;
  • Түрмеге,абақтыға қамау болды.
  • Жазаны белгілеуде жәбірленушінің немесе құқық бұзушының қандай кастаға жататындығын анықтауға аса мән берілген. Егер жоғарғы кастадағы адам төменгі кастадағы адамды жәбірлесе, онда оған жеңіл жаза, ал төменгі кастадағы адам жоғарғы кастадағы аламды жәбірлесе, онда оған ауыр жаза қолданылатын. Төменгі кастадағы адамды жәбірлеген брахман немесе кшатрий жазадан айып төлеу арқылы құтылған. Ал жоғары каста адамының біреуіне тиіскен шудраның тілі кесілетін болған. Ұрлық үшін қатаң жазалау болды. Түнде ұрлық жасаған адам зынданға қамалды. Ал ұрлық үш рет қайталанса, ұры өлім жазасына кесілді. Мемлекеттік билікке таласу, тұрғындар арасында бүлік шығару немесе соғысқа арандатушылар қолдарын, бастарын күйдіру арқылы жазаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет