Ежелгі шығыс елдерінің құқықтық мұралары



бет8/16
Дата06.01.2022
өлшемі205,26 Kb.
#16262
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

3.Неке және отбасы құқығы.

  • 3.Неке және отбасы құқығы.
  • Некеге тұру болашақ күйеуі мен қалыңдықтың әкесінің арасындағы жазбаша келісім негізінде жасалып және осы шарттың негізінде жасалған неке заңды деп есептелді. Некеге отырудың кең тараған шарттарының бірі – тархатум деп аталды. Тархатум болашақ күйеу жігіттің қалыңдықтың отбасына жұмыс күшінен айырылғаны себепті туындайтын шығынды, яғни ұзатылатын қыздың орнын толтыру үшін берілетін төлем ақы туралы шарт. Мұнда ең алдымен кепілақы-библум төленетін. Егер неке келісімін күйеу жігіт бұзса, онда оған тархатум да, библум жа берілмейтін. Егер некені қайын атасы бұзса, ол екеуін де екі есе төлейтін. Моногамды неке тек әйелдерге тән болды. Ер адамдар күңдердің де баласын өз баласы ретінде заңдастыра алды. Отбасының қожайыны болып ер адам есептелді. Күйеуге шыққан әйел кейбір құқық қабілеттілігіне ие болды, атап айтқанда, төркінінен алып келген мүлігіне ие болу, некені бұзу, күйеуі қайтыс болған жағдайда балаларына мұра қалдыру мүмкіндігі болды. Алайда әйелдің құқығы шектелді, яғни күйеуіне адалдық көрсетпей, оның көзіне шөп салғаны үшін қатаң жазаға тартылды, егер әйелі бедеу болған жағдайда күйеуіне басқа әйел алуға рұқсат етілді. Отбасының қожайыны болғандықтан әкесінің балаларына қатысты билігі қатал болды, яғни әкесі қажет болған жағдайда балаларын сатуға, алған қарызын қайтармаған жағдайда аманат ретінде беруге, ата-анасына балағат сөздер айтса, тілін кесуге де құқылы болды. Хаммурапи заңдары мұрагерліктің өсиет бойынша нысанын мойындағанымен, оның басым әдісі заң бойынша мұрагерлік нысанымен жүргізілді. Мұрагерлікке үміткерлер ретінде төмендегілер есептелді:1. Өз балалары; 2. Асырап алынған балалар; 3. Немерелер; 4. Күңнен туған балалар егер әкесі оларды мойындаған жағдайда. Егер ұлы қылмыс жасамаса, әкесі оны мұрагерліктен айыруға құқығы болмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет