Байланысты: Ежелгі шығыс елдерінің құқықты мұралары
2.Меншік құқығы
2.Меншік құқығы
Ману заңдарында меншік пен оны иеленудің ара қатынасы анықталып, жеке меншікті қорғауға барынша көңіл бөлінген. Заң баптарында меншік құқының пайда болуына мүмкіндік беретін сегіз түрлі әдістер көрсетіледі:
Затты мүлікті тек меншік иесінен ғана алуға мүмкін болды. Сондықтан меншік құқығының адал ниетті адамның болғанын дәлелдеуге тиым салынды. Егер адал ниетті адамның иелігінде ұрланған зат табылған жағдайда ол бұрынғы меншік иесіне қайтарылды. Ману заңдарында меншіктің негізгі негізгі түрлеріне жер телімдері жатқызылған. Жер телімдері мемлекеттік, қауымдық, жеке шаруашылық болып үшке бөлінді. Бөтеннің мүлігін заңсыз иемденгені үшін үлкен айып салынды. Ал басқа адамның жер телімдерін иемденген ұры деп саналды. Меншік иесінің ісіне араласуға тиым салынды. Ману заңдарында егер меншік иесі болмайтын адам бөтен егістік алқапқа өз дақылдарының тұқымдарын сепсе, одан шыққан өнімді жинауға құқығы жоқтығы көрсетіледі. Ману заңдарында жылжымалы мүлік те қорғалды. Олардың қатарында құлдар, мал, құрал-саймандар болды.