Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад



бет5/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дәріс (2) (1)

Ассирия мемлекетінің құрылуы. Ассирия жеріндегі ежелгі елді мекендер уақыт өте келе шағын мемлекеттерге айналды. Солардың бірі Ашшур қала-мемлкеті болды. Б.з.б II мыңжылдықтың басында мұндағы мемлекеттік мәселелерді негізінен ақсақалдар кеңесі шешіп отырды. Олардың шешімін іске асырып отыратын, әрі бас абыз, дінбасы қызметін атқаратын адам болған. Ашшур қала-мемлекеті бірте-бірте ерекшелене түсті. Бұған оның қолайлы сауда орталығы қызметін атқаруы әсер еткен еді. Бірақ Ассирия жері ұзақ уақыт көршілес ірі мемлекеттердің қол астында болып келді. Хаммурапидің кезінде ол Вавилонға тәуелді болғанын білеміз. Бұл жағдай Ассирия жерінде ірі мемелекеттің құрылуын кешеуілдетті.
Ашшур қала-мемлекеті. Тек б.з.б XV ғасырда Ашшур қала-мемлекеті көтеріле бастады. Бұған ең алдымен көрші мемлекеттердің әлсіреуі әсер етті. Ашшурдың әскербасылары мен көпестерінің рөлі артты. Оларға сүйенген билеуші бар билікті өз қолына алып, патшаға айналды. Ассирия патшасы қалалық кеңесті өзінің жақтастары мен туыстарынан құрады. Сөйтіп, бұрынғы қалалық ақсақалдар кеңесінің рөлі төмендеді. Тұрақты әскери жасақ құру қолға алынды. Әскерибасылардың беделді артты. Патша елдің ішкі және сыртқы мәселелерін шешуде соларға көбірек арқа сүйеді. Әсіресе, көрші елдермен жиі-жиі болып тұратын соғыстар әскери істі дамытуды қажет етті.
Сондықтан да ассирияға билеушілері әскери іс пен соғыс өнерін дамытуға көп көңіл бөлді. Әрбір аймақтардың әкімі әскер жасақтап, оны өздері басқарып, соғыс кезінде белгіленген жерге келуге міндетті болды. Мұнымен бірге, әскери қаруларды жетілдіруге де үлкен мән берілді. Соның нәтижесінде басқалар бұрын білмеген соғыс қарулары мен соғыс жүргізу тәсілдерін ойлап тапты. Ассириялықтар үшін мықты бекіністердің қабырғаларын талқандау көп қиындық келтірмейтін. Олар жасаған төрт дөңгелекті арба сияқты мықты қарудың алдында, ұш жағына үшкір темір орнатылған бөрене болды. Ол бөрене арбаға шынжыр арқылы бекітілді. Үсті қалқанша етіп жабылған арбаны дуалға тақап қойып, бірнеше жауынгер бөренені ырғап, қабырғаны соққылап бұзатын еді.
Ассириялықтар үшін өткел бермейтін өзендерден өту де оңай болды. Олар тері торсықтарды үрлеп, өзеннен жүзіп өтті. Кейде торсықтардың үстіне ағаш төсеп. Көпір өтетін еді. Ассириялық әскердің артықшылығы күтпеген жерден, тез соққы бере білуінде болды. Міне, осындай Ассирия ежелгі дүниедегі ең қуатты әскери мемлекеттің біріне айналды.

1. Ассирияның табиғаты қандай? Оның Қосөзеннің оңтүстігінен айырмашылығы неде?


2. Ассирияның шаруашылығы туралы не білесің?
3. Ассирияның қоғамдық құрылысы қандай болған? Несие беру арқылы қанау туралы
не айтасың?
4. Жауынгерлерге қандай артықшылықтар берілді? Не үшін?
5. Ашшур қаласының ерекшеленуіне не ықпал етті?
6. Ассирия патшалығы қалай қалыптасты? Ондағы әскери іс қалай дамыды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет