Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад



бет9/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
5.ТАҚЫРЫП. ЕЖЕЛГІ ПАРСЫ ПАТШАЛЫҒЫ


Парсы патшалығының құрылуы. Иран үстіртінің оңтүстігінде, Вавилонның оңтүстік-шығысында парсы тайпалары өмір сүрген еді. Олар сыртқы жауларға қарсы күрестің барысында бірігіп, тайпалар одағын құрды. Парсы тайпалары одағын ахемен деп аталған рудан шыққан көсемдер басқарды. Солардың ішінде Кир (парсыша Кураш) есімді қабілетті көсем болды. Кейбір аңыз бойынша, оны кішкентай кезінде бір ерекше аң емізіп асырапты. Одан соң мал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп өсіріпті. Сөйтіп, құдіретті аң сүтінен нәр алып, өзі де қасиетті болып өсіпті. Бұл, әрине аңыз еді. Дегенмен, сол Кир парсы тайпаларының одағын күшейтті, оның басқару жүйесін жетілдірді. Содан соң өзін парсылардың патшасымен деп жариялады.
Бұл кездерде Вавилонның солтүстік-шығысында Мидия мемлекеті пайда болған еді. Ассирия мемлекетінің әлсіреуі мидиялықтардың күшеюіне мүмкіндік берді. Жоғарыда, Ассирияның құлауы туралы мәселеде айтылғандай, мидиялықтар Вавилонмен одақтаса отырып, әлсіреген Ассирия мемлекетін талқандайды. Одан соң мидиялықтар Кіші Азияға, оңтүстігіндегі парсыларға да өктемдік жүргізеді. Бірақ Мидияның Вавилонмен одақтастық, достық қатынасы ұзаққа бармады. Екеуінің арасындағы келіспеушілік қанды соғысқа ұласты. Мидияның патшасы Астиаг (вавилонша Иштубек) пен Вавилон билеушісі Набонид соғысып жатқан кезде Кир парсыларды Мидиялық өктемдікке қарсы көтерді. Ол Мидия патшасы Астиагты оңай жеңді.
Мидияны жаулап алғаннан кейін, Кир жаулаушылық саясатын кеңейте түсті. Кіші Азиядағы бірнеше мемлекетті басып алды.
Бұл кезде Вавилонның өз ішінде алауыздықтар басталған еді. Әсіресе, абыздар мен саудагерлер елдгі жиі болып жатқан бүліктер мен көтерілістерге, патша билігінің әлсіздігіне наразы болды. Оны білетін Кир өзін Вавилон дінінің мәдениетінің қамқоршысы боламын, елге тыныштық орнатамын деп мәлімдеді. Сондықтан оны вавилондық абыздар қолдады. Саудагерлер де үмітпен қарады. Кир оларға арқа сүйей отырып, барлық әскерін бастап Вивлонға басып кірді.
Вавилонды Парсы патшалығына қосқаннан кейін, Кир әскерлерімен батысқа атанды. Кешегі Египетке тәуелді болған Финикия мен Палестина халықтары парсыларға қарсылық көрсете қоймады.
Бұдан соң Кир Орта Азиядағы жауынгер сақ тайпаларының жерін өзіне қаратуға ұмтылды. Бірақ оның сақтарға қарсы жорығының сәтсіздік пен аяқталғаны туралы сендер Қазақстан тарихынан білесіңдер. Ол жорығының барысында парсылар талқандалып, Кирдің өзі де қаза табады.
Оның орына ұлы Камбиз патша болады. Ол Египетке жорық жасап, оны бағындырады. Сөйтіп, шығысы Орта Азияға, батысы Жерорта теңізімен Египетке дейінгі аралықты алып жатқан ірі Парсы патшалығына құрылды. Өздерің білесіңдер, ертеректе бұл орасан зор аумақта бірнеше ірі мемлекеттер өмір сүрген еді. Енді олардың халықтары парсылардың өктемдігіне бағынуға мәжбүр болды. Сөйтіп парсылар ежелгі дүниедегі алғашқы ипмерияны құрды.
I Дарий, оның ішкі және сыртқы саясаттары. Камбиз Египеттен қайтып келе жатқанда қайтыс болды. Бағындырылған халықтар парсы өктемдігіне қарсы көтерілістерге шықты. Парсы патшасының тағына б.з.б. 522 жылдың I Дарий (парсыша Дарайявауш) отырды. Оның билігінің алғашқы жылдары көтерілістерді басумен өтті. Көтерістер оразан зор мемлекеттің жекелеген аймақтары арасындағы байланыстың нашар екенін, мемелекетті басқару жүйесін реттеу қажеттігін көрсетті.
Көтерілістерді басып, тағына мықтап отырғанна кейін I Дарий мелекетті басқару жүйесіне өзгерістер енгізуді қолға алды. Алдымен елді 20 аймаққа бөлді. Әрбір аймақты патша тағайындаған хакімдер басқарды. Аймақтар белгілі бір көлемде патша қазынасына салық төлеп отыратын болды. Әрбір аймақта әскери бөлімдер тұрды. Оларды тікелей патша тағайындайтын әскербасылар басқарды. Олар аймақ хакімдеріне емес, тікелей патшаға бағынды. Сондықтан олар, әсер басылар аймақ хакімдерінің үстінен патшаға шағым айта алды. Ал аймақ хакімдері де әскер басыларының үстінен патшаға шағымдануға қақылы болды. Бұл жергілікті билеушілерді патшаға тәуелді ете түсті. Барлық билік патшаның қолына жинала берді.
I Дарий енгізген үлкен жаңалықтың бірі әлемдегі ең таза алтын теңге шығартуы болды. Ол дарик деп аталды. Оның парсы мемлекеті ғана емес, көптеген басқа елдер де құнды ақша ретінде пайдаланды. Сөйтіп, дарик бүгінгі таңдағы америкалық доллар сияқты, халықаралық саудада негізігі ақша қызметін атқарды. Бұл халықаралық саудадағы парсы елінің беделін көтерді.
Елдегі сауданың дамуы, әрбір аймақатар арасындағы байланыстың нығаюы үшін үлкен жол салынды. Ол жол сонау Сарды қаласынан басталып, бүкіл Кіші Азияны басып өте отырып, Тигр өзенінің бойымен оңтүстікке қарай Вавилон мен Сузы қалаларына дейін созылды. Жол бойындағы әрбір 20 километр жерге бекеттер мен керуен сарайлар орнатылды. Оларда шабармандар мен хат тасушылар аттары мен, хабарды келесі бекеттілерге жеткізуге дайын тұрды. Осы жол арқылы елдің орталығынан патша жарлықтары оның шеткері аймақтарына тез жеткізіліп отырды. Бұл жолды сол себепті кейде “патша жолы ” деп те атады. Бұл жолмен сауда керуендері де ағылып, жүріп жатты.
I Дарий өз елінің шекарасын кеңейтуге де көп көңіл бөлді. Көрші елдерге үлкен жорықтар жасап отырды. Сондай жорықтарының бірі салықтарға қарсы болды. Б.з.б. 522 жылдың I Дарий таққа келген кезде Орта Азия халықтары азаттық үшін күреске шықты.
Бүкіл Парфия, Маргиана, сақ елі көтерілді. Б.з.б. 518 жылы I Дарий сақтарға қарсы жорықты өзі бастап шығуға мәжбүр болды. Орасан зор, көп санды әскерге сақтар төтеп бере алмады. Бірақ толықтай жеңілмеді де. Ежелгі грек тарихшылары сақтардың ерлік істері туралы таңғала жазады. Солардың бірінде сақ сарбазы Шырақтың ерлігі туралы айтылады. I Дарий басқарған бұл жорық та сәтсіздікпен аяқталды.
Бұдан соң ол елдің батысындағы гректер жерін жаулап алуды жоспарлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет