Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад


ТАҚЫРЫП ЕЖЕЛГІ ФИНИКИЯ МЕН ПАЛЕСТИНА



бет6/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
4. ТАҚЫРЫП ЕЖЕЛГІ ФИНИКИЯ МЕН ПАЛЕСТИНА


Табиғи-географиялық жағдайы. Финикия мен Палестина жерлері Жерорта теңізінің шығыс жағалауын алып жатыр. Финикия жерлері теңіз жағалауының солтүстік бөлігін, ал Палестина одан оңтүстікке қарай созылған аймағын қамтиды. Екеуі де таулы өлке. Египет пен Вавилондағыдай үлкен өзендер де, кең алқапты жазықтар да жоқ. Сондықтан ол өлкенің адамдары өте ертенден-ақ тау аңғарларындағы шағын жерлердің өзін тиімді пайдалануға тырысатын. Финикияның теңіздік жағалауында неше түрлі жеміс ағаштары мен жүзімдіктер өсірілді. Кейбір жерлерге бидай, арпа, сұлы егілетін.
Палестинаның оңтүстігіне қарай кесіп өтетін Иордан өзені Өлі теңізге құятын. Өлі теңіз дейтін себебі, өте тұзды көл еді. Сондықан онда тірі жәндіктер болмады. Тіпті, өзенмен келген балықтар өліп қалатын. Сол себепті, ол Өлі теңіз аталған еді. Палестинаның таулы, үстіртті аудандары мал бағуға ыңғайлы болды. Жалпы Палестина жерінің табиғаты өте кедей еді. Металл кендері болмады. Кішірек ағаштар мен бұталар ғана өсті. Биік те үлкен, құрлысқа жарамды ағаштар болмады. Жаңбыр аз жауған жылдары құрғақшылық болып тұратын. Әсіресе, оңтүстік бөлігінде ыстық та құрғақ ауа райы, ауыз суының жетіспеушілігі жиі байқалатын.
Финикия қала-мемлекеттері. Финикия тарихының басты ерекшелігі - мұнда біз бұған дейін оқыған мемлекеттер сияқты ірі мемлекеттің болмауы. Б.з.б.V-IV мыңжылдықтарда Жерорта теңіз жағалауындағы финикиялықтардың қоныстары бірте-бірте қолөнер және порт орталықтарында (Сидон, Тир, Библ т.б.) айналды. Б.з.б. II мыңжылдықтың басында мұнда бірнеше шағын мемлекеттер болды. Финикия өз алдына мемлекет болған қалалардан құралды. Ол елдердің орталығы ірі сауда қалалары еді. Әр мемлекеттің жері сол қаламен, оның айналасындағы қоныстармен ғана шектелді. Солардың ішінде ертерек өрлеп, көркейгендерді елдің солтүстігіндегі Угарит пен оңтүстігіндегі Библ қала-мемлекеттері болды. Олар шығыстағы Вавилон т.б. елдерден келген тауарларды Жерорта теңізі аралдарындағы елдерге, Египетке жеткізді. Ал олардың тауарларын кері қарай алып келіп, шығысындағы елдерге өткізіп отырды. Қаншама байып, көркейгеніне қарамастан, бұл қала-мемлекеттер ынтымақтасып, басқаларын бағындырып, бір орталыққа бағынған үлкен мемелекет құра алмады. Оған ең алдымен, Финикияның жерін таулардың бөліп жатуы, сондықтан өзара байланыстың болмауы әсер етті. Мұнымен бірге Египет, Хетт, Ассирия сияқты ірі мемлекеттер бірінен соң бірі бұл өлкеге өктемдік етті. Олар сонымен қатар бұл елдердің бірігуіне мүмкіндік бермеуге тырысты.
Соған қарамастан Финикия қала-мемлекеттері ежелгі Шығыстағы мықты сауда орталықтары болды. Финикия атауы египеттіктердің «фенеху» - «кеме жасаушы» деген сөзінен пайда болған екен. Египеттіктер бұл атауды бекер қоймаған еді. Ежелгі дүниедегі ең мықты кеме жасаушылар да, теңізде жүзушілер де осы финикиялықтар болған. Таудан құрылыс ағаштарын алып келіп, өте ертенден-ақ кемелер жасап, теңізге шығып балық аулап, көршілеріне барып қайтатын. Қала-мемлекеттердің барлығы дерлік кеме тоқтауға қолайлы жерлерде еді. Құрлықтағы таулар арқылы жүргеннен гөрі, олар бір-біріне кемемен оңайырақ баратын. Кемелер көбінесе жүк тасуға ыңғайлы, үлкен етіп жасалды. Олар теңізде жүзетін желкенді кемелер еді. Кейінірек ескекті кемелер де көптеп жасалады.
Б.з.б. II мыңжылдықтың соңында Тир қала-мемлекеті күшейді. Ол бүкіл Жерорта теңізі бойында сауда орталығын құрды. Олардың көпшілігі аралдар мен Африканың солтүстік жағалауларында болды. Ол суда орталықтарының тұрғындары негізінен финикиялықтар еді. Олар жергілікті халықтарға Финикиядан келген заттарды сатты. Жергілікті халықтардан көбінесе бағалы шикізаттар алып отырды. Мысалы, піл сүйегі, асыл тастар және т.б.. Сөйтіп, Финикияның саудасы кең көлем алып, гүлдене түсті. Басты сауда жолы теңіз болды. Финикия теңізшілерінің даңқы бүкіл әлемге әйгілі бола берді. Кеме жасау мен теңізде жүзу ісінің дамығаны соншалық, Египет билеушісі Нехоның бұйрығымен финикиялықтар үш жыл жүріп Африка құрлығын айналып шығыпты. Бұл адамзат тарихындағы ең алғашқы үлкен теңіз жорығы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет