Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад



бет7/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Израил-иудейлік мемлекет. Тирдің оңтүстігінде филистимдіктер деп аталған халық өмір сүрді. Оларды египеттіктер пелестим деп те атаған. Сол халықтың атынан Палестина деген жердің атауы пайда болған екен. Палестинаның ежелгі тұрғындарының бірі хананей деп аталыпты. Олар қалалар салып, көрші елдермен сауда жасап тұрды. Хананейліктердің жерін Египет жаулап алды. Кейінірек Палестинаға көшпелі мал бағушы еврей тайпалары келе бастады. Оларға хананейлер де, филистимдіктер де қарсы тұрды. Еврейлердің израил және иудей тайпалары бұған дейін Синай шөлінде тіршілік еткен еді. Олар Палестинаның үлкен бөлігін жаулап алды. Бұл жердің солтүстігін израил, ал оңтүстігін иудей тайпалары иемденді. Олар ұзақ уақыт рулық құрылыс деңгейінде және Египеттің қол астында өмір кешті. Египет өктемдігінің әлсіреуі кезінде палестиналықтар тәуелсіз ел болуға ұмтылды.Осы кезде филистимдіктер мен еврейлер арасындағы күрес қайта күшейді. Соның барысында бытыраңқы израил және иудей тайпалары біріге бастады. Дәуіт патшаның кезінде Израил-иудейлік мемлкет құрылды. Ол екі тайпаның бірігуіне кедергі келтіріп келген хананейліктердің Иерусалим атты қаласын басып алды.
Сөйтіп, екі елдің ортасында тұрған бұл қаланы астана етті. Тұрақты әскер құрып, мемлекеттік басқару жүйесін реттеді. Египет билеушілеріне еліктеп, алдына келген адамдардың иіліп тәжім етуін талап етті. Алым-салықты реттеу үшін халық санағын жүргізді.
Сүлеймен патшаның кезінде Израил-иудей елі гүлдене түсті. Финикиялық қолөнершілерді алдырып, сарайлар мен бекіністер салдырды. Иерусалимде Яхве құдайға арналған храм тұрғызылды. Сауда, әсіресе сыртқы cауда дами түсті. Финикиядан құрылыс заттары, Африкадан асыл тастар, піл сүйегі әкелінді. Мемлекеттің жері бұрынғы рулық қоныс бойынша емес ,жаңаша 12 әкімшілік аймаққа жіктелді. Оған хананейліктердің қалалары мен қоныстары да кірді. Әрбір аймақты салық жинауға жауап беретін әкім басқарды. Сүлейменнің кезіндегі бұл өрлеумен байланысты, оны қасиетті билеуші, пайғамбар ретінде дәріптеу ежелгі Шығыстағы көптеген билеушілерден асып кетті. Ол туралы жырлар мен аңыздар бізге дейін жетті.
Дегенмен, израил мен иудейліктердің бірлігі мықты болмады. Израил жерінде жер шаруашылығы жетекші сала болса, иудейліктер мал шаруашылығымен айналысты. Мұның өзі олардың арасын алшақтатуға себеп болды. Сүлейменнің салған алым-салықтарына израилдықтар наразылық білдірді. Олардың көсемі Египеттің көмегімен, Сүлеймен қайтыс болған соң көтеріліс жасап, Иерусалимді тонады. Сөйтіп, Израил бір бөлек, Иудей бір бөлек патшалықтар болып кетті. Екеуінің арасындағы ұзаққа созылған күрес елді әлсіреті. Оны көрген көрші елдер басып алуға ұмтылды. Әсіресе, ассириялықтардың соқысы ауыр болды. Олар Израил патшалығының астанасы Самарияны қиратып, халқын тұтқындап айдап әкетті. Ал Вавилон патшасы Иерусалимді талқандап, халқын құлдыққа түсірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет