Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад


Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті



бет8/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті. Мәдениетінің ірі жетістігі алфавиттік жазу жүйесі болып есептелінеді. Жазудың жеңілдеу бұл жүйесі б.з.б.XIII ғасырда жасалған еді. Сауданың кең түрде жүргізілуі қарапайым, әрі тез жазу жүйесін қажет етті. Сондықтан финикиялықтар ежелгі Вавилон мен Египеттің мәдени мұраларын пайдалана отырып, жаңа жазу жүйесін ойлап шығарды. Вавилондық жазудың негізінде, алдымен 29 әріптен тұратын жазу жүйесімен салыстыра отырып, 22 әріптік әліпби (алфавит) жасалды. Екі ұлы мемлекеттің жазуы негізінде дүниеге келген бұл алфавит оңай, әрі тез жазуға мүмкіндік берді. Сондықтан оны көптеген халықтар пайдаланды. Соның негізінде гректік жазу жүйесі қалыптасты. Біздің бүгінгі таңда пайдаланып отырған жазуымыз да сол негізде дүниеге келген еді.
Финикиялықтардың діни нанымдары бізге жеткен жырларында баяндалған. Әрбір қала-мемлекеттің өз құдайы болды. Мифтік шығармалардың ішінде кең таралғаны «Ваал және Алийян» дастаны. Ваал-көктем құдайы. Алийян - оның ұлы. Ваал құдайға арнап храм тұрғызылды. Онда Ваал өзінің өлім құдайы Мотты жеңгенін жариялайды. Бірақ Ваал құдайдың өзі өледі де, баласымен бірге о дүниеге, жер астына түседі. Ваалдың әйелі, құнарлылық құдайы Анат өлім құдайы Мотпен күреседі. Ақыры Ваал өлім құдайы Мотты жеңіп, қайта тіріледі.
Ежелгі еврейлер мәдениетінің қалыптасып, дамуына египеттіктер мәдениеті үлкен әсер етті. Египеттіктер мен басқа да халықтар сияқты еврейлер де әр түрлі табиғат күштеріне, жануарларға табынды, бірақ финикиялықтардың айырмашылығы, еврейлерде құдайға табыну басым болған екен. Олардың ең басты құдайы Яхве деп аталды. Алғаш от, найзағай мен жел құдайы деп есептелген Яхве, кейінен мемлекет пен патшаның қамқоршысы делінді. Патша құдайдың ұлы, оны тыңдап, құрметтеу қажет. Ол құдайлар сияқты күнге, жаңбырға әсер ете алады деп ойлады.

1. Финикия мен Палестинаның табиғат жағдайлары қандай?


2. Финикия қала-мемлекеттері деп неге аталады? Олардың даму ерекшеліктері қандай?
3. Израил-Иудейлік мемлекет туралы не білесіңдер? Сүлеймен патша кезінде қандай
өзгерістер жасалды?
4. Финикиялық алфавит қалай пайда болған?
5. Финикиялықтар мен еврейлердің діни көзқарастарының айырмашылығы неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет