Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

ҚҰЛЫН МЕН ҚҰЛА БИЕ
Құлын шапты құла бие зірледі,
Не істерін білмеді.
Əй, құлыным, алыс барма, кері қайт,
Қыр астында қырық бəле жүр деді.
Құлын шапты құлын шақ-ты, аңғал-ды,
Көрмек болды бар маңды.
Ана байғұс жүрегімен сезеді,
Қырық бəле қыр астында жалманды.
Құлын шапты, құлын шақ-ты, бөбек-ті,
Құлдырады табанынан жер өпті.
Қырық бəле қыр астынан ұстап ап,
Қызыл қанын құлыншақтың көл етті.
Құла бие құлап түсті шырылдап,
Қайғысынан қара қарға жүр ұрлап.
Барлық бəле осыменен кетсін деп,
Биені де сойды Иесі ырымдап.
* * *
Ұл өсірдік, қыз ұзаттық жат болды,
Жат есікке бақ болды.
Қонақ қой деп қан жылайды жүрегім,
Қанша маңдай кер тоқпаққа тап болды.

230
231
Ойлай берсең бұл дүние кем күндік,
Ару кімдік, біле алмас ер кімдік!?
Айналайын, аман жүрші құлыншақ,
Бола көрме, сен мұңдық!
* * *
Қоңыр үн, қоңыр қобыз көргеніміз,
Көп алған төрдегіден өрнегіміз.
Жөн болар біздің сөзге құлақ асып,
Көңілді біразырақ бөлгеніңіз?!
Тіл қатты қара қобыз қамыққандай,
Тарлығын заманының танытқандай.
Бұл күнде қобыз да жоқ, қоңыр үн де,
Адамды адам сыйлап жан ұққандай.
Өткенді шаммен іздеп жүрміз міне,
Кезінде кешіп жүріп алып қалмай.
* * *
Қабағында мұз жатты, төбесінде шың жатты,
Кеудесі де бір қап-ты.
Əңгімесі тым əріден ырғақты, сымбат жатты, сыр жатты,
Төбелеске бергісіз əзілі де тым қатты.
Сақалында күннің күміс табы бар, намыс пенен ары бар,
Сөздерінің бірі шекер, бəрі нəр.
Біздің елде құлжа тектес құздағы, жан бақшасы-жыр бағы,
Өмір сүріп келе жатқан Кəрі бар.
Сол кəрінің айтқаны хақ, сөзі нық, батасында шуақ бар,
Ниетіңмен құлап бар.
Адастырмас алты алаштың баласын, ескісін де жаңасын,
Сөнбейтұғын шырақ бар!
АРАМ НИЕТ АЙЫРМАСЫН ҚҰРЛЫҚТЫ
Бақыттысың атамекен жұртыңмен,
Оятады ойлы жанды махшарда –
Құдай берген дінің, салтың, ұлтыңмен.
...Ұлтыңмен!
Адамзаттың жаттығы жоқ Тəңірлік,
Құдай берген құт-береке тыныштық,
Қойса қайттің тозақ отын жалын ғып.
...Жалын ғып.
Адам Ата қанымыз бір көппенен,
Бəрі туыс имандының ақ тілек,
Көп гүлдерміз бір тамырдан көктеген.
...Көктеген.
Жер жетеді ой асылы дамыса,
Арам ниет айырмасын құрлықты,
Ел бүлінер Ер иманнан арыса.
...Арыса.
Арқа тосар абзал іске, кім жүкке.
Адамзатқа бірлік, білім, иман бер,
Бірін-бірі қадірлесін тірлікте.
...Тірлікте.
Жетті бəрі қан төгістік, ұрыстық.
Адастырды, айдап салды, тоздырды,
Таптық содан қане қандай ырыс-құт.
...Ырыс-құт.
Өлтірді ғой ақыл-есті тұмшалап,
Азғантай топ айға қала салып жүр,
Терімізден теңге сауып жұрқалап.
...Жұрқалап.

232
233
Таң болмайды күте білсек атпайтын.
Біз бауырмыз!...Ал шайтандар құрысын!...
Алла бар ғой адамзатты сақтайтын.
...Сақтайтын.
* * *
Орман өлді өрт ішінде шуласып,
Аңқау өлді, арам менен қу қашып.
Өрт пен құйын жасап жатыр дегенін,
Өзімшілдер туласып.
Кəрі қайың бұл қайғыдан сұлады,
Тал шыбықтар жармай кетті бүр əлі.
Бала құрақ басын тығып жылғаға,
Жанға пана сұрады.
Қамсыз орман қабырғасы ырсиды,
Кім тиді!?...
Менен басқа кім сұрасын обалын,
Ақ жағашыл қарын мен бас шыртиды.
Ынжықпын ғой үнсіз қалдым оқталып,
Шындық іздер жоқ халық .
Орман өлді, орманшыны қаралап..,
Ол байғұс та кетті сосын сотталып.
КӨЛЕҢКЕНІҢ КӨРДЕН СУЫҚ ПИҒЫЛЫ
Тамыр сатты талдың бойын суалтып,
Жау біткенді қуантып.
Жапырақтар сатып кетті бұтақты,
Жел қанатын тұсапты.
Бұлттар сатты тау шыңдарын талақ қып,
Қырттар сатты адал ерді мазақ қып.
Көктем сатты жазға қарай емініп,
Көк бел сатты гүл қауызы төгіліп.
Жаз да сатты күз қолтығын өріс қып,
Анау сатты сылтау іздеп керіс қып.
Жан ауыртып сенген жандар ойнады,
Мынау бұлдап жолдастығын қоймады.
Себеп тауып бір сатуды ойлады,
Сырық бойы сұм ниетке бойлады.
Бірі келіп, бірі кетіп жатады,
Асыңды ішіп ту желкеңнен атады.
(Сыр айтысып, сосын жауға сатады)
Бұлдап көрмек өз бағасын кенеттен,
Талай надан бірге жүріп жер еткен.
Қызық шығар осынысы тірліктің,
Мен болмасам берер енді жыр ғып кім?!
Бəрін көрдік, бəріне де шыдадық,
Əлсіресең досты кетер жын алып.
Тең сөйлессең бір мəміле құрмайтын,
Надандар көп нар көңілін ұрмайтын.
Бір күн бірге жүргендігін бұлдайтын.
Көп алдында көк тиынға тұрмайтын.
Жау жағадан, ит етектен алғанда,
Көлеңкеге сене көрме жалғанда.
Көлеңкенің көрден суық пиғылы,
Бұл да енді Хақтың сынақ, бұйрығы.

234
235
* * *
Ұл туған екен қолдасын,
Қолдай да білу ол да сын.
Сырыңды бермес дұшпанға,
Сыйласық болсын жолдасың.
«Демегін қазған көрі жоқ,
Жар астында бөрі жоқ»
Сыйласығы жоқ елдің,
Босаға менен төрі жоқ.
Əркімдер келіп басынар,
Қотырын сүйкеп қасынар.
Елде ойласа сыйлассын,
Еңкейген қарт пен жасы бар.
* * *
Тамыры шіріп тал құлап,
Аядым үнсіз жан жылап.
Еңкілдеп үнсіз өксіді,
Етекте аққан бал бұлақ.
Шіріді неден тамыры,
Таусылды өмір жарығы.
Отын да қылып отады,
Жабылып елдің бар ұлы.
Бар еді жаңа жоқ болды,
Аз ғана жанып шоқ болды.
Сүйегін күйсеп кер ошақ,
Керелеп жұтып тоқ болды.
Күл қылып сосын шығарды,
Талсыз да қалды қыр əлгі.
Тағы да соқты сұрша жел,
Қайталап айтып бір əнді.
Ендігі кезек кімдікі,
Талдардың кетіп тұр құты.
Қыдырдың орны босаға,
Қырсықтың төрде бір бұты.
Ауады екен бақ бұлай,
Ерлерге керек сақтық-ай.
Қыдырды шығар төріме,
Мырза да Құдай, Ақ Құдай?!..
* * *
Ақ қанатым, ақ періштем, ақ гүлім,
Сен бар жерде сағыныш пен тəтті мұң.
Сағым болып кеттің көшіп тұрмадың,
Тұрлаусыз бақ көзден көрік ұрладың.
Бар сұлулық кетті саған бұрылып,
Ескі жұрттай біздің көңіл ұлы жұт.
Дұрыс болды кеткеніңіз, шалғайға,
Татпайтын бал неге керек таңдайға.
* * *
Шағаласы қарқылдап,
Бақа біткен барқылдап,
Жалаңаш жалпы қу надан,
Күледі суда тарқылдап.
Бақаның тойы батпағы,
Батпаққа батып жатқаны.

236
237
Шағала жемшіл, ал надан,
Белгісіз нені тапқаны.
Аққулар ұшты түңіліп,
Үркітті ит-құс шұбырып.
Бақаға барып бас иді,
Надандық деген ұлы жұт.
Киесі кетті айдынның,
Бақаны сонша бай қылдың.
Наданның жүзі шат-шəлкей,
Қадірін білдік қай күннің?!
* * *
Жүрегіңе сыбырласа періште,
Құдай бар ғой шығармағын теріске.
Жақсылыққа жаның толсын жалғанда,
Жамандармен уəде байлап келіспе.
Жаман қайдан бағаласын сертіңді,
Алып бітер аяр неме еркіңді.
Сау күніңде саудаға сап сатады,
Қайтеді ол қайғы мұң мен дертіңді.
Жүрек досың тыңда оның дегенін,
Біледі ол жанға ненің керегін.
Бір Алладан пəрмен алған періштем,
Сен сыбырла саған ғана сенемін.
* * *
Кеше солай, бүгін, міне, қайталау,
Ең қызығы байқамау.
Өтті күнің өтсін мейлі тұрмасын,
Əкел бері, бал шараптың тұнбасын.
Өтсін сосын, көңіл оты шалқысын,
Фəни жалған, арты шын.
Шын өмірден дəм татармыз шырынды,
Бұл өмірден жүрек шошып тығылды.
БОЛАШАҚТЫҢ ЕСЕСІНЕН ТОЙЛАМА
 
Намыс бізді осы күнге жеткізген,
Ажал бізді көгендеген, көп тізген.
Тірі көрген тозағыңды ұлт едік,
Аршыл Алаш соның бəрін өткізген.
Өз еліңнің тағдырымен ойнама,
Есің барда еркелікті қой бала.
Өткен күннің төбесіне шығып ап,
Болашақтың есесінен тойлама.  
* * *
Бурыл шашым самайымнан гүлдеді,
Қыздың демі үрледі.
Жиын-тойдан жинақталдым амал жоқ,
Сəл ертерек жүргелі.
Тойла-тойла, кезек енді сендерге,
Бір билейін кел, мен де.
Сенде мені түсінерсің бір кезде,
Самайыңа қырау бұлттар енгенде.

238
239
Жібер енді қалқам мені ірікпе,
Бұл да қызық жігітке.
Өртенеді жастық жалын лаулайды,
Не боларын біліп пе!?
* * *
Əй, қара жер, теңселдің бе, теңселдің!
Тауларым-ай түскені ме еңсеңнің!?
Арқасынан таспа тілген ала қыр,
Тағарсың ба келсем мін!?
Жүзің неткен жабырқаулы, аймағым,
Қайда сенің жеңісті жыр, байрағың!?
Сағыныштың көлі қалған сарқылып,
Ұмытқан ба?..Ұлы дəурен сайранын!?
Белесіңе бел жазуға келіп ем,
Бота боздап көп шағынды желіден.
Есі кетіп ерлер үнсіз қарайды,
Тілдесетін уақыты жоқ менімен.
Мен де сақау, үнім біткен қарлығып,
Тамағымнан арман шайнап, алды үміт.
Өзін-өзі қазақ алдап барады,
Жіліншігін жегідей жеп жарлылық.
* * *
Сүт бетіне қаймақ бітті тəп-тəтті,
Бөліп бердік болдық сосын жақсы атты.
Сүттен аппақ Атамекен, баба жұрт,
Ұстағанның қолында жүр бас қатты.
Қырдан астым қызыл керуен көрінді,
Ойға келдім ойым тоқсан бөлінді.
Босағадан басым шықты өксініп,
Əлде біреу алып алған төрімді.
Ұрпақ тұрды көздің жасын жасырып,
Дұшпан жүрді иесініп, масығып.
Қыдыр көрген ауыл едік əу баста,
Жұрдай болдық соның бəрін қашырып.
Қайран менің баба жұртым керегем,
Шыдам біткен шалғайыңа не деген.
Сенің аппақ рəсуа көңілің,
Кім бар оны елеген?!..
* * *
Көк найзағай – дойыр қамшы ет тілген,
Кімдер қалды тектіңнен?!
Жасын түсті ақ қайыңға, терекке,
Түспегенде... Бізге қайың керек пе?!
Қай жақсысын қорғап еді орманның,
Шығып еді сен қол беріп, сордан кім?!
Батырғаның, шапқандарың бар, білем!..
Қарағай мен қайың өлді алдымен.
Сенің қолың тек өзіңді өлтіргіш,
Жүрегің тас, көркің қыш.
Жағаласып ауыр оймен жемсеніп,
Алпысқа да аяқ бастық, еңсеріп.
Бұрынғыша өзгермедік, ұмтылып,
Қойынына əркім қанжар жүр тығып.

240
241
Бұрылдың ба көк желкеңді қандайды,
Аяғыңнан шалмай тыным алмайды.
Көк найзағай сенің ісің, қимылың,
Дауыл менен жел қолында құйрығың.
Орындайсың жаттың ғана бұйрығын.
* * *
Түн серісі едік біздер ай баққан,
Езуінен сорғалаған қаймақ таң.
Күз келгесін бұлт қақалып жататын,
Май қапқан.
Əн салғанбыз əндемесін қайырып,
Əнім кетті жайылып.
Бізден қалған əн сарқытын ішіп ап,
Таулар жатты ақ жаңбырға шайынып..
* * *
Қырау қатқан тереземнің өрнегін,
Өз көзіңмен көр менің.
Қаңтар келді ақ кебінін төсемек,
Қара боран буындырды өлмедім.
Тентек екен қыс бораны бұрқылдақ,
Үй сыртынан тұр тыңдап.
Бұл неғылған өзімшілдік, өктемдік,
Сақалың мұз, мұртың жат.
Кең дүние қатып қалған сіресіп,
Аяз апам жүр есіп.
Жалғыз жортып жолбарыстай айқасып,
Жолға шықтым күресіп.
(...Туған елде ашылар деп бір есік)
* * *
Біздің мекен құла түзде, құм белде,
Құм басады бір демде.
Мендік жанның жұмағы еді бұл дала,
Ұнамайды кімдерге?!
Біреу үшін жанған от қой түз мекен,
Қайдан табам іздесем.
Құйын болып еркелейді құмдары,
Тілін нең бар білмесең.
Құмдарын-ай, тұздарын-ай бал сынды,
Күлшесін-ай шаң сіңді.
Қалай салам табаныңның астына,
Кием ғой ол, қан сіңді.
Жүрегім ғой, бүлкілдеген қан тамыр,
Тамыр салды қанша гүл.
Ай жырласам айтқан сөзім жетер ме,
Жетпейді оған барша жыр!
* * *
Жерге сап бал жанарын бар білері,
Кешеде көздерінде зар жүр еді.
Бармағын бал ұстаған сорып отыр,
Жоқ жылап, жоғарыда бар күледі.
Шыдамның шырылдаған торғайлары,
Кіршіксіз кірпігіне сор байлады.
Бəрі де өзіңе аян жұртым менің,
Тірліктің таусылмайтын сол майданы.

242
243
* * *
Киік көрдім кірпігінде қаны бар,
Тек əйтеуір жаны бар.
Көзін қара жанарына жас толған,
Сахараның сары қауыз таңы бар.
Үміт өлмес, шығар жанға асылып,
Тағдыр жатыр басылып.
Қара қанжар алқымынан алғанда,
Қызыл моншақ кетті өмір шашылып.
* * *
Аққулар қайда кетті сұңқылдасып,
Аққусыз айдынымды тұр түн басып.
Қайтесің сұрай беріп, жылай беріп,
Аққуға болған жандай бір Сіз ғашық.
Əркімнің өз қызығы, өз кемелі,
Осыны жастай жаным сезген еді.
Қаншама айдын болып шалқысаң да,
Аққусыз қалатұғын кез келеді.
* * *
Өз елімді қызғанды да сұм атты,
Ту желкемнен құл атты.
Қанша жанды тағдыр құрсап жат жерде,
Қанша жанды қайғы шалып құлатты.
Өз бауырың, өз қандасың, жақыным,
Атқан құлдың аты кім!?
Көкаттымен көкек түріп көріп жүр,
Атажұрттың тақымын.
* * *
Көз аласын көңілінен көргенбіз,
Көріп тұрып, бəріне де көнгенбіз.
Етегінен ит тістеді екен деп,
Құламайды өрден құз.
Таласпасын, өз тағдырын тыңдасын,
Өлеңім өрт, өзегім дерт, жыр жасын.
Ақын деген періште ғой алғаусыз,
Сыршыл жүрек сырласың.
Асыл жанды ай тербетіп, күн бағар,
Кеудесінде бір Тəңірлік үн болар.
Талай жібек шұлғау болды табанға,
Талай жібек жүн болар.
Құрбандығы, барлық бақыт, қайғының,
Тарылмасын ақыл-мұхит, айдының.
Өз итің ғой енді амалың жоқ күнім,
Ит те болса – байлығың!..
* * *
Жел бастанған ырық бермес ындыным,
Өлең іздеп шөлдедің бе шын бүгін.
Көңіліңнің көпке көрсет шырайын,
Құдай өзі біле жатар құл мұңын.
Ет желіні сарқылғандай даланың,
Есі кетіп езгілейді қара мұң.
Сағым қысты, жалын құшты бір торғай,
Əнмен буып өлтіріпті тамағын.
Жаназасын жан құсымның салдырып,
Торғай мұңнан қан қауырсын қалды үміт.

244
245
Алда абыз,ізде ізетшіл көп іні,
Өз сорына келеді əне шалдығып.
Күзем келді күздің басы сары алтын,
Бозторғай мұң, боздау ғұмыр жаңарсын.
Мені тастап қаздар қайда барады,
Мергендерден сыбағаңды аларсың.
СОКРАТ
Сократқа ажал ұстаз болыпты,
Дүние бос, адам қуыс соны ұқты.
Білмейтінін білген қандай даналық,
Мойындаудан басталады жаңалық.
Бар шындығын айта білді Сократ,
Білген жанға жалғыз шындық, осы бақ.
Өлмей тұрып мойындағын елесті,
Қайран жүрек қара тасқа теңесті.
Уын ішіп ғұмырыңның тым ащы,
Қанша тағдыр қайғы жұтты қыр асты.
Етегінен тістеп тартып сор күні,
Кетті езіліп кесек тектес бор мұңы.
Маңдайында қу тағдырдың оқ тұрды,
Із тастады...Оны уақыт жоқ қылды.
* * *
 
Сен күлесің... Мен де күлдім теңселіп,
Жүзің нұрлы – нұрлы жырдан бер теріп.
Енді, міне, моп-момақан жан болдық,
Бір ауылға сыймай өскен ерке едік.
Жанарыңда күн бар еді көктемгі,
Сол күніңе қолым жетпей кеткен-ді.
Сол жырың ғой қанатымды күйдірген,
Жақындама, қош бол, аға, жетті енді?!
Деп арудың кетті жүзі бұлттанып,
Есепшіл күн бір саусағын бүкті алып.
Ең соңғы рет бір бұрылып қарады,
Кірпігінен шық тамып.
* * *
Еркем менің күлгенің-ай, жүргенің,
Ерте көктеп бүрледің.
Үнсіз ғана еркелетіп жүруші ем,
Елігімді ұрлап кетті кім менің?!
Аға деген үнің қалды құлақта,
Кеттің шалғай, жыраққа.
Бір ауылдың көркі еді көздегі,
Көкем енді жылатпа?!
Тоңып кеттім, суық ойдан толғатып,
Болмағандай жүрген шығар ол да түк.
Ерге лайық ару еді шіркін-ай,
Алып кетті сорлатып.

246
247
* * *
Жүрегіне көп қорқыныш орныққан,
Біздің халық
Сыңар қанат құс сынды,
Жаратылған үрей менен қорлықтан.
Жүрегіне көп қорқыныш орныққан,
Біздің ұлтқа,
Мұның бəрі түс сынды,
Жаратылған үрей менен қорлықтан.
Жүрегіне көп қорқыныш орныққан,
Менің елім
Көз жұмады бəріне,
Жаратылған үрей менен қорлықтан.
Жүрегіне көп қорқыныш орныққан,
Біздің қазақ
Жетім көңіл əлі де,
Жаратылған үрей менен қорлықтан.
* * *
Аман атты
Тағы бір таң бал шуақ,
Бал шуақтан сімірейін тарту ап.
Көктеп жатыр, көк көрпеше, көпшік боп,
Көкорай көл, тал суат.
Жарық таңның жылуын-ай бөлек-тін,
Далам – анам, Мен дегенің – бөбекпін.
Ақ жанымнан ақ қауырсын жыр ұшты,
Еркелетті!.. Ендеше, Мен керекпін!
* * *
Мен жыр-жұмақ, Сен жайнаған үр едің,
Күй едің Сен күміс тиек күреңім.
Енді маған
Неге тыным бермейсің,
Не демексің, не берейін жүрегім?!
Сыбырлайсың сырың қанық, мұңдасым,
Көкке теңеп жүр дейсіңіз кім басын?!
Жүрегіме демеу болшы
Сен менің,
Өзім құйын, сезім күйін жырласын.
Қанатымнан қауырсын жыр үзіліп,
Дүниені болдық білем біз ұғып.
Көңіл қалған,
Өмір жалған өртеңгір,
Өкпелімін, қарамаймын қызығып.
Дедім дағы қылдым сосын шүкірлік,
Ия солай, ұттық, тағы ұтылдық.
Көрген көсем,
Білген есен жыр жазсын,
Соның бəрін, қанағат пен пікір ғып.
ШЕКШЕК АТА
Ешкілердің пірі едің ғой жан баба,
Əр отарда бір-бір серке бар жаңа.
Кеміріп жүр ел мен жерді тал мүсін,
Шек десейші Шекшек ата бармысың?!..
Мүйіздерін өз еліне жаныған,
Көп ешкіден көңіліміз арыған.

248
249
Өңкей ешкі бау-бақшаны отады,
Мүйіздіден бата алып тоқалы.
Маңырайды, ашпын дейді сонда да.
Қараорманды жеп алса да ол жаңа.
Текесі бар, ұрғашысы, шыбышы,
Тал кеміру таң атқаннан бір ісі.
Мекіреніп шебер бəрі ұранға,
Шекшек ата қой десейші бұларға?!..
Ойсырады ешкілерден ортамыз,
Сасық Теке, мүйіздіден қорқамыз.
* * *
Тегене құйрық ақтылы қойдың,
Қасқырлар үшін барлығы жақсы.
Ащысын айттым қас қылып ойдың,
Сарнайды саз бен жалғыз үй бақшы.
Бақшылар сайрап, дəруіш жылап,
Бастағы заман өтеді күліп.
Заманға көңіл бағыныштырақ,
Бақшының сазы жетеді ұлып.
Қой мінез жұрттың жылауы қалмай,
Бөріден шошып бөрлігіп өлді.
Қылшықты билік қылауы бардай,
Үркініп жүріп жер қылды елді.
ӨЗ ДАЛАҢНЫҢ ЖҰПАРЫ
Шерқала
1
 бойы самал-ды,
Қайнарлы бұлақ, бақ алды.
Сонау жерде Тұқаң
2
 тұр,
Ақ уыз дəмі адал-ды.
Қызыл қала қырлан-ды,
Қыр астында жыр қалды.
Далап жағып батар күн,
Күміс пен таңы сырланды.
Ақтылы қойы бұландай,
Ай серкесі құландай.
Ақ шілтер бұлттан ай қарап,
Жанарын бізден тұр алмай.
Кірпікке жұлдыз қададық,
Кіршіксіз түнге қарадық.
Əңгіме шертті əділ қарт,
Біз тыңдауға жарадық.
Құс жолымен қалықтап,
Қаздар ұшты қалып бақ.
Қырықтың бірі қыдыр деп,
Ағамыз жатыр алып қап.
Аумаған екен құт əлі,
Ұшқыннан өлең тұтады.
Жұмақтан білсең кем бе еді,
Өз далаңның жұпары.
Сергідік семсер ілгендей,
Абызға келдік білгендей.
Туған ел тұтас ауылым,
Сүйеді сені кім мендей!
1
 Шерқала –жер атауы.
2
 Тұқаң – елдің абыз ақсақалы – Тұқымбай Түйебайұлы.

250
251
* * *
Кежегесі кертіп қойған тас сынды,
Не сұмдықты көрген сірə бас сынды.
Бастан құлақ садақа боп кеткен бе,
Құлақсыз-ақ осы күнге жеткен бе?.
Төбесінен шандақтапты шаршылап,
Мынау тегі көптен бері бар шырақ.
Тілінің де айыр екен ұштары,
Тым ерсілеу дем алғаны, жұтқаны.
Шағыстырып бірді-бірге тырқыды,
Қара есекке жүк болғандай қырсығы.
Шайтан шалыс
Бəле сынды кеспірі,
Елестетті қой ішінде ешкіні.
* * *
Кəрі де түйе бақырып,
Иесін жатыр шақырып.
Жел-құздан бойы сыздаған,
Қара шал шықты қақырып.
Жас бура шайнап желкесін,
Пышаққа түсті ертесін.
Қаймалша біткен көз тіккен,
Келенің сойды серкесін.
Жүзінде шалдың кек тұрды,
Бураны солай жеп тынды.
«Кəрі түйе мал құты» –
Тимеңдер оған деп тұрды.
Кəріні кəрі ұғынды,
Түйеге бура ұрынды.
Асқанға тосқан тап болып,
Бураға ажал бұрылды.
Толтырып жанды дəмеге,
Жарамақ болып қадеге,
Жазықсыз жанға ұрынған,
Кез болды бура бəлеге.
* * *
Атаның жолы ақ мұра,
Иманды ұлға мирас-ты н.
Жаманға мұра жат сірə,
Елжанды ермен сыйласқын.
Ат тұлдаған ерлердің,
Қайғысын шегіп күзенген.
Құтылар қайғы шерден кім,
Келесің кешіп тізеңмен.
Ұлт болмағың салтыңнан,
Ата көрген оқ жонар.
Ата бір жолдан тартынған,
Алты алашқа сор болар.
* * *
Дəм ауыз тидік өлеңнен,
Сөз атасы Майқы би.
Өлеңмен бəсі төленген –
Көгі де күміс алтын үй.
Алтын-ды ордам, жібектім,
Дауылдан қанша шайқалдың.
Сүйегіңді күзеттім,
Оны кімге айтармын.

252
253
Дауылдан қалған дабылмын,
Дəуірден қалған ұранмын.
Бастауы сенсің бағымның,
Бауырға басып құлармын.
Тынысы қалған бабамның,
Мың ісін жалғап анамның.
Ескіріп бірге жаңардым,
Жаныма салып алармын.
Ырзалық қылдық ырысқа,
Өлеңмен самғап өрледік.
Тəу етіп аз күн тынысқа,
Алқалы топта төрледік.
Сөз сөйледік бал қатып,
Түсінген жанға шырын-ды.
Жүрекке уыз əн қатып,
Ұсындым ұлтқа жырымды.
Халқыммен бірге гүлдендім,
Қаралы тұста қамықтым.
Артық та дейсің кімнен кім,
Ер болса елін танытсын.
 
* * *
Көрікті еді бұл дала,
Көргенде пенде шаттанған.
Гүл көрдім енді бір ғана,
Өткенге өксіп ақталған.
Құнысып байғұс зірледі,
Жазықты болып жандыға.
Тағдырын жалғыз тілдеді,
Көз салар жан жоқ зарлыға.
Ит сарыды үстіне,
Мысық аунап кеткен-ді.
Қор болған жерім тістіге,
Жылаумен ғана шектелді.
Гүл тамырын жел қырқып,
Ұшырды дауыл шалғайға.
Гүл іздеп жүрді ел тырқып,
Даланы қорғап қалмай ма!?...
Есеппен келіп еліме,
Қадамын сұрап баспай ма!
Кім білген əлі сені де,
Жеміріп жерге жастай ма!?
Табанды қара қаралы,
Өкшені қара қадалған.
Ол қашан елге санады,
Ата бір дұшпан жан алған.
Күлте бұтақ жыңғылдар,
Шаң қауып үнсіз қақалды.
Жерімді жемсеп кіл мұндар,
Жағамнан менің жат алды.
 
КҮС-КҮС АЛАҚАН
Шел майын алып терінің,
Жер майын алып жерінің,
Төбесін ойып құлданып,
Сазайын берді ерінің.
Патшалы жұртың асқақ-ты,
Əлсіздің көзін жас қапты.
Сүйегін тізіп сүрлеуге,
Басынан елдің аттапты.

254
255
Қараның соры надандық,
Қонар ма сосын саған құт.
Талапсыз елдің баласын,
Табады іздеп жамандық.
Күс-күс те болған алақан,
Жоқтықтан талған қара сан.
Сен көрген қорлық өлшеусіз,
Жетпейді сөзім санасам.
АРДЫ ҚОРҒАП, АЖАЛ ІЗДЕП БАРҒАНДАР
Өңкей ерлер біздің елдің шалдары,
Жан ұлтына жанын түйіп жалдады.
Еркек тоқты құрбандық деп əу баста,
Туғаннан-ақ Ту көтеру арманы.
Өңкей ерлер ер болғанда дүрлері,
Жауға бермес іргені.
Елді қорғау.., жан Отаны.., жан жұрты..,
«Елім!..» – дейді сөзге келсе тілдері.
Қайран Шалдар қара нардан қалғандар,
Намыс болып жанғандар.
Ойланбай-ақ отан үшін от кешіп,
Арды қорғап, ажал іздеп барғандар.
Біздің шалдар иман-шырақ жаққандар!
Иба қылып үнсіз ғана жатқандар.
Ұлтқа қорған ұрпақ болар ертең деп,
Ұл-қыздарын үміт етіп баққандар.
Біздің шалдар ерлігіңнің мектебі,
Алтын сүйек, текті еді.
Тəуелсіз Жас – Сен ұмытпа бабаңды,
Шындық іздеп шың басына беттеді.
Біздің шалдар қарлы сүргін көкбөрі.
Азуына айнала жау өкпелі.
Ер Шалдарым – Елдігімнің Атасы,
Көкбайрағым көктегі.
Есіміңнен айналайын Ерлерім!
Жолға шықтым ақ батамды бер менің!?
Атамекен!.. Атадəстүр!... Атажұрт!..
Саған жетер жерде кім?!
* * *
Тауды көрсең, аспанды да көресің,
Аспаның мен тауларыңа сенесің.
Сен адассаң ол шырақшы жолыңа,
Сұрай-сұрай тауға қайтып келесің.
Тау шығады атаң сынды алдыңнан,
Қандай мұра қалдырған.
Мынау дала сенің жерің қарағым,
Сен осыны жаныңмен сүй балдырған!?
Сен қаламай іс қылмасын жат жүріп,
Бозжайнағым, ботам менің ақ түбіт.
Ұры-қары ұялайды төріңді,
Дүние мас дертті болма асқынып.
Тау болсаң да көкке қарап басылғын,
Елді сүю – жан сусары асылдың.
Елсіз болсаң айға қолың жетсе де,
Иттен құнсыз екенін біл, бəсіңнің!

256
257

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет