ЖАҒЫМПАЗҒА ӨМІР ЖОҚ
Жол бергенді, төр бергенді білді ме,
Төбемізге қамшы үйірді күлді де.
Жата жастық бола қалу əркімге,
Атамыздан қалған əлде үлгі ме?
Сұрап кірсін босағадан қонағың,
Бастан кетпес сонда сенің оралың.
Дұға қылып жақындайсың қасына –
Тірі түгіл иесіне моланың.
Өзіңді өзің сыйлаттың ба, жарадың!
Ұясындай айбатты бол араның.
Жағымпаз бен надандарға өмір жоқ,
Кімді алдап күн көрмексің қарағым.
Жəреукеге, жəдігөйге бар ма сын.
Əдет қылма, Құдай басқа салмасын.
Кім мінбейді мойыныңды тосқасын,
Кім кірмейді қойыныңа алғасын.
* * *
Мен болып сүйсін мекенді,
Отансыз күнің бекер-ді.
Қалдырдық шетте біз байғұс
Ойнаған қатар, не теңді.
Балалық шақтан із қалмай,
Жүректің басы қызғандай.
Шет жерде өскен мұңдықпын
Өткеннің бəрін сызғандай.
Екінің бірі паршалап,
Келеміз мұңды арқалап.
284
285
«Ұлым !..» – дерсің атажұрт,
Құлаған күні шалқалап!..
Сөзден де күйе жаққанмен,
Желкеден жемсеп атқанмен,
Күн туса бізден жақын жоқ,
Ит-құсты басқа баққанмен.
Тəңірім салса не дерсің,
Қайғы мен мұңды шегерсің.
Шетте өскен жанның жүрегін
Шет жүрсең ғана сезерсің.
* * *
Болады күйші деп күліп,
Жетпесін жатар жеткізіп.
Шаттанған сол бір күйімнің
Ішегін кімдер кетті үзіп?!
Шүкірміз əсте аманбыз.
Асуын бермес заман құз.
Өнерге құштар ауылым
Біз мəңгі саған адалмыз.
* * *
Ел керек бізге, ел керек,
Ер керек бізге, ер керек.
Жең түріп асыр салатын,
Жер керек бізге, жер керек.
...Ел керек!
Бауырым қайда, бауырым?!
Өтті ме, əлде, дəуірің?!
Жат пиғыл мынау неғып жүр,
Жанымның қасып жауырын?!
Көрмегім келді, көз жұмдым,
Көңілдің отын сездірдім.
Жаныма менің тұз құйған,
Жаманын мына мезгілдің.
КЕТУІМ СОЛ АЗАП БІР
Төбе бар-ды көп ойнаған бал күнде,
Сен де бізсіз қалдым де.
Көрші кемпір сонау жылы жылаған,
Сол төбеге бармайды деп жан мүлде.
Тарап кеткен тағы сынды айлақтан,
Қайран күнім ай баққан.
Маңдайыма шаңбақ салып есейтіп,
Қайда алып бара жатыр жайлап таң.
Саз төбеде жалғыз кемпір қосын-ды,
Қабағымнан шошынды.
Саз төбеден топырақ ап ұшықтап,
Жолға салды көңілі сəл бос ұлды.
Саз төбеден жалғыз кемпір қарап тұр,
Жалғызына балап тұр.
Туған жерге баруына барам-ау,
Кетуім сол азап бір.
* * *
Есалаң күз жапырағын күзеді,
Бұл бір дерт қой, бұрынғыдан із еді.
Орман іші
Құрақ көрпе секілді,
Қыс қырындап басып көрмек тізені.
Жалаңаш тал,
286
287
Сыптай болды дірдектеп,
Төбесінен құйын көшіп жүр көктеп.
Жапырақтар жаннан безіп ұшады,
Біздің жайды енді кімдер білмек деп.
Бүкірейген кəрі ағаштың сұлбасы,
Оған қайғы бір басы.
Бастарынан таяқ кетпес сорлының
Көктем келіп басталғанша жыл басы.
Өтті-кетті
Жаз жұпары аңқыған,
Қаптап алды көк аспанды бар тұман.
Көк құрақтың жыртық-жыртық етегі
Күні кеше самал желмен шалқыған.
* * *
Дарияның өткел бермес қарқыны,
Өтемін деп өліп бітті бар тірі.
Пенде байғұс
Не біледі ұрыншақ,
Құлдың құлдан жоқ қой ешбір артығы.
Тау мен тасқа ұрды сосын толқындар,
Қақ шекеміз қан-қан болып солқылдар.
Бар ақылын
Көздеріне жинаған,
Қайран пенде қашаннан да қорсыңдар.
Ағыс алып жағамыздан аунатты,
Таспен сыбап тағы сосын жау жатты.
Су ішінде
Сұқ саусақпен түрткілеп,
Құл мен құтан бір-бірімен дауласты.
Өңкей құлдар
Дау-дамайдан қалмады.
Бір-бірінің қабыртқасын талдады.
Дарияның жетпеді ме төзімі,
...Шеттерінен жалмады.
* * *
Жауыр болды жаным аға, құлағым,
Ұланым!..Бұла мұң!..
Жо-жоқ енді сұрағым.
Атса таңым, батса болды мына күн.
Қалды көке құр əлім,
Қайда менің, жанға дəру құраным!?..
Тау басында адастырды шынарым,
Жау қасымда қайда мойын бұрамын!?
Тек құлдықтан шыдадым.
Сарқыт бермек
Бас табақтан көсемдер,
Саясаттың тағып алған тұмарын.
Шаршадым ғой
Кімге барып айтамын,
Тыңдай-тыңдай көкектердің бұл əнін.
Қайырмасы
Неткен ұзақ құрығыр,
..Жарты жолда құладым.
Өтіріктен
Іші кеуіп заман тұр,
Ештеңе де айтпай-ақ қой шырағым?!..
...Құлағым.
...Құладым.
* * *
Құлайсың қанатыңды самғай қағып.
Ерисің əндей налып.
Көзіңнен үміт гүлін теріп отыр,
Мендей ғəріп.
Сен де бір батар күннің арайысың,
Жанымның сарайысың.
Біз үшін өткен күннің қызыл шоғы,
Біреудің бал-айысың!
288
289
..Бал-күнісің!
Жүректе қауырсының қалды құсым.
Кеш мені, барлығы үшін!?..
* * *
Іңгəлап жылағаны еркелігі,
Қайтесің ер жеткізіп ерте мұны.
Бөбегім, бүлдіршінім күлімдеген,
Ойнашы күн батырып, түніңменен.
Бала қыл, құлынымды еркелесін
Есейіп болмады деп жер тебесің.
* * *
Сенің жерің – сенің атаң, анаңмен,
Өзгелерге бір жайылған дастарқан.
Білсін мұны, мырза жігіт, жас, – тарпаң!
Сенің жерің – қарашығы көзіңнің,
Өзге үшін – жаудың малы ол деген.
Ата-анаңды сатқанмен бір, қолменен.
* * *
Көктемің қайда көздегі,
Сұлуды өртер өз демі.
Өртеніп оттан киіндің,
Күйінген жанға үйір мұң.
Сүйеніш болар шамам жоқ
Аядым, қалқам, амал жоқ.
СӨНГЕН ШАМ
Балауыз шамды жақтың ба,
Жалыннан сырға тақтың ба?!
Тығылып жарық сəулеге,
Жат мында, жаным, жаттың ба!?
Шам солай жанып кетпекші,
Түбіне өзі жетпекші.
Азырақ жарық шашты да,
Содан соң бəрі еш кетті.
Сорғалап ағып біткен-ді,
Өзі де соны күткен-ді.
Бір сөнгесін жарығы,
Кім қайда, қашан тіктелді!?
* * *
Бозторғай не деп отыр боз құмдағы.
Даланың дамыл таппас өз мұндары.
Біледі кер даланың кемеңгері,
Үркінді, үлпілдеді, елеңдеді.
Қырғидай қылыш тұмсық тірлігіңіз,
Бірінен бірі қатал кіл күніміз.
Барамыз қызыл шеке жағаласпен,
Қарайды қорқау қорым, қара бас дөң.
Қолыма түсерсің деп кеңкілдейді,
Таспа алып табаныңнан ел тілдейді.
Жалған-ай от пен судан жаратылған,
Бір суып, бір өртеніп барасың жан.
Түтіні бұрқыраған өкпе-назбын,
Өлең жыр кімге керек, текке жаздым!
290
291
* * *
Еліңді сүйдің əлің жоқ,
Сүйгенде жанда қадір жоқ.
Өртеніп-жанып таусылып,
Құларсың көрді қаусырып.
Сүйген де елің қашқақтар,
Алыста жүріп бас сақтар.
Ақылсыз санап кемсінер,
Аяқтан салар жер шідер.
Бұлт үйіріп аспаның,
Табасы қанар басқаның.
Торығып жалғыз жүдерсің,
Алданып өмір сүрерсің.
Бəрібір тəтті өз елің,
Бар енді оған не дерің.
Сүйгеннен табар ажалын,
Сүрінген күні қазағым!
Сен жұттың жалған, əлайым,
Сүйген де ердің талайын.
* * *
Уақыт өлді көз алдымда қадірсіз,
Сезесіз бе ал осыны жаным сіз.
Есем кетті жас көңілдің өртінде,
Үміт алдап тұрмай кетті сертінде.
Шашылыпты рəсуа жылдарым,
Біліп жатыр өткен күннің кім мəнін.
Қарғап-сілеп қарға ұшты ғұмырын,
Бұлт боп көшіп бара жатыр ұлы мұң.
Құм шағылдан торғын сағым бұлдырап,
Өткіншісі əрбір жанның жүр жылап.
Боздай көшкен бота бұлттар жəудіреп,
Түсініксіз айтады сол əнді кеп.
Қайран уақыт желкеніңді түресің,
Пенде байғұс жимай кетер бір есін.
Езгілейсің бəрі сенің қолыңда,
Қанша тағдыр қалды зая жолыңда.
Себездейді күн сəулесі, таң нұры,
Енді қанша адамзаттың бар күні!?
АНА МЕН ШЫДАМ
Қыз қадірін қызды болсаң білерсің,
Қызғыш құстай қорып сосын жүрерсің.
Қабағынан кірбің көрсең үндемей,
Жүрегіңді жүз ит талап жүдерсің.
(Қыз қадірін қызды болсаң білерсің...)
Қызыл гүлім,
Қыр бағасын асырған,
Жан періштем, жан жарасын жасырған.
Қазағымның – қарлығашы ақ бауыр,
Не өтпей жүр сенің ғазиз басыңнан.
Кешіріңдер,
Барлық ана, барлық жар?!
Шаршадыңдар, шалдықтыңдар, талдыңдар.
292
293
Тірі тозақ көріп жүріп кейбірің,
Тастай батып, судай сіңіп қалдыңдар.
Қара қайғы,
Қара көзде сұр қайғы,
Сырғып тамып омыраудан тұрмайды.
Соны ойласаң өзек өрттен құрғайды.
Ұрпағыма сала көрме бұл жайды.
Жер бетінде бар еркектің төзімі
Бір ананың шыдамына тұрмайды.
ТУМАЛАС
Сағынып ұяласын бөбек күнім,
Көп сездім тумаластың керектігін.
Алтындай азбайтұғын қайран тума,
Сендермен жемістімін, желектімін.
Жандарын үзіп бермек жаным кілең,
Сеземін жауһар көңіл, лағыл кілең.
Құрғатпай Құдайымнан тілек тілеп,
Құшақтап сүйіп жүрмін бəріңді Мен.
ШАҚПАҚТЫ
1
Қанжар тас сойып түсер қылпылдаған,
Жүздері күміс сынды жылтылдаған.
Маңдай жоқ соғылмаған сонау тауға,
Табан жоқ тілінбеген мынау тасқа,
Еңкейіп
Есі кетіп қалыпты əне,
Айғыр топ жаңа ғана жырқылдаған.
1
Шақпақты – Əулие, жер атауы.
* * *
Пышақтарын қайрап алған күншілдер,
Қайда, қалай жүргендігін білсін дер.
Алаламай алты алашты сүйейін,
Жаным Алла, жақсылықтың кілтін бер.
Жау үшін де
Көп қызмет жасап жүр,
...Құзғын тектес, Шіркіндер!
* * *
Ер көңілін жабырқатып, жасытқан,
Мынау өмір неткен ағыс, асыққан.
Ай шыңғырып
Түн ауғасын жылады,
Ақ төсінен басып таң.
Сұлу күннің көз алдамақ көрігі,
Өз Отаным, төр-Ұлы!
Сұлу көрсе сұқты көзін қадаған,
Сері шалдың жерде жатыр бөрігі.
Талдың белін жел қысады жеміріп,
Тал бұлқынды жерініп.
Уақыт деген – тоқал ешкі зар қылды,
Сол бір сəтке ерке талды кеміріп.
* * *
Жырым менің қорған болды Тəңірлік,
Жалын берді əмір ғып.
Өлген артық ұлы майдан күресте,
Ардың туын тəлім ғып.
Тұр қарғашым, жеңілмегін таң атты,
Мұңнан басың азат-ты.
Сыны кетіп қалама деп қорқамын,
Сынай-сынай қазақты!..
294
295
АҚ ТАЛ
Сүйеніш қылып көрейін,
Сағынышыммен келейін,
Жағада тұрған жалғыз тал,
Жалғызсың білем, не дейін?!
Мен сені ақ тал түсіндім,
Бұтаңа қонған құсыңмын.
Кеудемнің ашып сандығын,
Керелеп жырды ұшырғын.
Түсінгін мені ақ талым,
Сырымды мəңгі сақтағын.
Адалдық көріп өзіңнен
Саяңа келіп жатқаным.
БІЗ БОЛМАҚ БОП
Біз болмақ боп шығар ұрпақ ақ берен.
Салмасын деп жат көген.
Тілін тапсаң
Бар қызығын сыйлайтын:
Ару сынды бақ деген.
Алақанын жүрегіңнің тос күнім,
Саған айтар достығым.
Бақыт деген арыстанның жалында,
Ер жігіттің жаратпайды бостығын.
Еріккеннен
Мен өзім де жырладым,
Керек емес ешкімге де Қо-о-ош мұным.
* * *
Ертеңімді еліркедім елең ғып,
Тұнжырайды биіктік пен тереңдік.
Доп тағдырды
Домалатып тепкілеп,
Кеттік сосын соның бəрін өлең ғып.
Тамшылайды батар күннің сілесі,
Бірде кіріп, бірде шығып тұр есі.
Батар күннен,
Атар таңға көп сəлем,
Болашақтың амандығын тілеші.
Түн жамылды бірте-бірте жабы қыр,
Тек қыбырлап кеудесінде жаны жүр.
Өлмек жанның
Өз білері ішінде,
Оған енді айтты-айтпады бəрі бір.
Қырау қатқан қазан сынды қара түн,
Жұлдыздарды қайда алып барасың?..
Еңірейді ерке бұлақ
Тал құшып,
Жүрегімнің қан талау ғып жарасын.
Ай қарады ақымағым жат деді,
Əлдилейін əннен лəззат тат деді.
Бар мен жоқтың арасында
Жан создың,
Осы қалқам сен іздеген бақ деді.
* * *
Жебесін өлең сөздің таңнан алдым,
Ақ күнге адырнамды жалғап алдым.
Өлсем өрт,
Жансам жалын қайран өлең,
Мен сені тумай жатып таңдап алдым.
...Ту ұстап, тура сөйлеп ханға бардың.
296
297
САРҒАЛДАҚ
Сарғайдың білем сарғалдақ,
Сағынған жаннан əн қалмақ.
Сарғайған үміт үзілсе,
Саз болып қайта жалғанбақ.
Сарғалдақ қырдың белі дүр,
Сарғайған үміт елі жүр.
Сарсаң да кесек қу тағдыр,
Сананы жеген жегі дүр.
Сары да уыз күндерім,
Салтанат көріп жүргенім.
Сарғайып өскен гүлімді,
Сартап та қылды кім менің?
Сайлаулы уақыт беренім,
Сарбазсып саған келемін.
Сыбанған елге оқ болған
Сары да жебе мен едім.
Сарғалдақ қырдан жөнелді,
Сағынды байғұс не көрді?
Сегіз де өрім сабаумен,
Салт жүріп айттық өлеңді.
Сағана тамдар түнемел,
Сəйкі мен қайқы кілең ер.
Сүрлеуі даңғыл бөрі едім
Салтымды менің біледі ел.
Сарғалдақ өлді, сағым бар,
Сайраған тіл мен жағым бар.
Сорға бір салған тамырын,
Сораңнан ащы бағым бар.
СЕЗІМНІҢ САУЫСҚАНЫ
Күле біл жылап тұрып жеңілмегін,
Жеңілсе жермен-жексен тегінде кім.
Аттайды ақ-қараңа
Қарамастан,
Қажетсіз на айтпағың, не білгенің.
Кеміріп өзіңді-өзің тауыспағын,
Бақ ізде, батпан ойдан ауыс жаным.
Қайырды Хақтан тілеп
Тұр орныңнан,
Сезімнің қуа бермей сауысқанын.
БАБАҢНАН ҚАЛҒАН ЖОЛ КӨРСЕҢ
Барасың қайда жан құсым?
Сарықты кеудем бар күшін.
Өткенге енді өреуіл,
Өмірдің мəңгі алды шын.
Байлауда бермей қағындық,
Асаусып, тарпаң шабындық.
Ақыры орға құладық,
Содан да басқа нағылдық.
Көн шықпайды қалыптан,
Ер шықпайды халықтан.
Адаса көрме азамат –
Баяғы сүрлеу бағыттан.
Өзіңнен ізде сор көрсең.
Құрулы құрсау тор көрсең.
Басыңды бұрмай соған түс
Бабаңнан қалған жол көрсең.
298
299
ЕЛЕСІМДІ ТАСТАЙЫН..
Қалы бауға түр салдырған шеберім,
Саусағың бал, не дерім?!
Жүрегімде жүз құбыла жыр-дастан,
Жүзік қылып беремін.
Қара да жүр, мендік жырға үңіліп,
Кірпігіңе күн іліп.
Айдын көлден аққу мойын толғаса,
Сені іздермін жүгіріп .
Қалы басқұр, қалы кілем, қара нар,
Қандай біз де шама бар.
Көз жасынан жылға салған қолаттың,
Қоңыр үні бағалар.
Қайран шебер, қалы баудың сырласы,
Жолым үйде бір басы.
Екеу болсын елесімді тастайын,
Есіл жүрек жырлашы.
Қасың қандай жаңа туған ай сынды,
Құлын төбел, тай сынды.
Сұлу мүсін сұқты көзді байлады,
Басқа салмақ қай сынды.
Жез құманың еңкілдеді еріксіз,
Жез орамал беріп күз.
Ақ түбітке орап мөлдір сезімін,
Кеттік бірге еріп біз.
Қандай ғажап, мына сұлу тазалық,
Тал бойымды наз алып,
Маңдайынан таң мен талас көп сүйдім,
Қара түнді қаза ғып.
* * *
Əкенің көзі балада,
Белінен шыққан шарана.
Айдыннан ұшқан атақаз
Жеткізбек ұлын қараға.
Табаны тастан тілінер,
Талауға түсіп ілінер.
Əке бір деген асқар тау
Құлаған күні білінер.
* * *
Ындын ызғын, ызылдай ма, толмай ма,
Қанағатсыз өмір деген құрық бір.
Тау болған соң қанағатшыл болмай ма,
Төбе көрсе, төбесінен ұрып тұр.
Күшті болса қолын берсін аспанға,
Етектегі төбешікте несі бар?!
Неде болса көз шығарып, бас жарма,
Тау едің ғой, есі бар.
Сорлы төбе көрінгеннің ермегі,
Жарық-жарық маңдайы.
Ей, Тау-Ата, қорлай берме, Сен мені,
Төбелердің жан төзгісіз хал-жайы.
300
301
НЕГЕ ЖЫЛАП БАРА ЖАТЫР?!..
Атажұртым мұнар көрдім көзіңнен,
Жат боп бара жатыр менің өз іргем.
Ей, Атажұрт!..
Маған боздап
Мұң шақты,
Жүрегіңнің дəл тұсынан боз інген.
Кімге қарап,
Ертеңіне ел сенбек?!
Жау семірді құйрықтары керсендеп.
Ақша бұлттар
Əжем болып
Қол бұлғап,
Неге жылап бара жатыр кемсеңдеп?!
ҚАБЫРҒАМДЫ ҚАУСАТТЫ
Көрсең ая өз ұлтынан шет ұлды,
Шетте өссең қайғы жейді етіңді.
Елің болса тақ қадірлі төріңде,
Халықсыз хан, табытсыз тəн секілді.
Хан болсаң да халықпенен хансыңыз,
Елмен қымбат нарқыңыз!
Ұлдың мəні – ұлттың қамы, жер қамы,
Ойланбаңыз,Туған елге тартыңыз?!
Аз халықты бөлшектеді, жау тапты,
Тілді тігіп, кесті қол мен саусақты.
Жалғыз-жалғыз жау күлімдеп құшақтап,
Қабырғамды қаусатты.
* * *
Аға көрдім кеттім оған сүйіне,
Көп дұшпаны үнсіз қалды түйіле.
Ақылдасу – бəрін айту емес ол,
Білмесіңді біліп қайту үйіңе.
Білген айтсын білмегендер тыңдасын,
Халық-мұхит, неге жетер бір басың.
Ашылады ақиқаттың парағы,
Тап келгенде шынға-шын мен, сынға-сын!
АДАСУ
«Көшпендісің» – деп үйретті,
Негізінен қой баққан.
Халық емес едің дейді ой баққан.
Сосын оны
Өзімізге айттырып,
Жалған тарих тереңіне бойлатқан.
Қалаларды:
Жер жұтыпты шетінен.
Тіл қатпайды ет кессең де етінен.
Біз қалайша
Осы күйге тап болдық,
Түртті қырсық, не түлен!?
Бір тұман бар санамызды қаптаған,
Жау аяусыз таптаған.
«Сен атасы мəдениеттің білсең» – деп,
Бұлттар көшіп бара жатыр қақсаған.
Қалғып кеттік жол үстінде адасып,
Қаңғып кеттік таң асып.
«Осы халық кетпесін» – деп – оянып»,
Сыртымыздан дұшпан отыр бал ашып.
302
303
БАУЫРЫМЕН ОЙЛАЙДЫ
Көкаттыға құшақ ашып тойлайды,
Қонақ үшін қой жайды.
Қазақ өлсе бауырынан өледі,
Себебі Ол: Бауырымен ойлайды.
Қазақ көрсең дос қылып ал қол берде,
Тілегіңді тастамайды ол жерге.
Қонақ болып қазақ барса бір үйге,
Үй иесін қонақ қылар сол жерде.
Қарамайды жанның қара, ағына.
Қонақ күтер таңнан кешке сағына.
Қазақ өлсе жолға қарап өледі,
Келмеді деп қонақ болып тағыда.
Мал семірсе қонақ келер деп күлді,
Өз жүрегін бірге турап ет қылды.
Мың қонағын азырқанып төрдегі,
Пəленшекең қалып қойды деп тұрды.
АЛҒЫС ХАТ
(Ойламаған жерден ауырдым... Сол күн-
дері рухыма тірек болып, жүрегіме жігер
бе ріп, тəніме шипа іздеген азаматтарға
ри за шы лығымды білді ремін! Осы өлең: айт -
қан алғысым, естелігім болсын! Өздеріңізге
деген аса құрметпен, туыстық ізгі тілек-
пен – Сабыр Адай. 15.01.2016 жыл)
Мен айықтым,
Жазылдым да, аттадым.
Жаным Алла бұл жолы да сақтадың.
Өлең болды сол күндердің ермегі,
Өткендердің өсиетін жаттадым.
Сабыр қылдым, шыдамменен таң атты,
Жез қоңырау сыңғыратып сағатты.
Бар Пайғамбар, Əулие – Пір, Періштем,
Қыдыр дарып бойға қуат таратты.
Түс көремін тауда жүрем, шыңдарда.
(Құс боп қондым алтын алқап, қырманға.)
Бір ғаламат өмір барын сезінгем,
Жанға шипа жарық күндей жыр барда.
Жан бауырым, туыс-тума, отбасым,
Тақпай шапты тарлық пенен жоққа сын.
Ақ тілегін орап алып жетеді,
Мен деп кілең жүректері соққасын.
Жолдас-жора тілек тілеп, ерледі.
(Дұға қылды дертке мені бермеді)
Айтқызбай-ақ қысқа қолды ұзартып,
Тілегімен, жүрегімен емдеді.
Бұл тірлікте сүріну көп, сүргін көп,
Барлығыңа бақыт тілеп жүрмін көп.
Уақыт мені қолдан тартып тұрғызды,
Сендер болып бір күн кеп.
Жыр жазамын бүгін тағы жаңаша.
Таңмен бірге таласа.
Сол Алғысты айттым, міне, Сендерге,
Көкте Тəңір қандай сөзді қаласа.
* * *
Бір бозторғай сайрап отыр сахардан,
Баршамыздан бақытты.
Кеше байғұс ажалына қақалған,
Бүгін қайда асықты.
Боз қанатын күміс таңға таратып,
Өз бақытын толғады.
304
305
Болмағандай, көрмегендей қара түк,
Торғай-тірлік сол-дағы.
Əн бесіктен жан маужырап тыныстар,
Сайран көңіл құбылды.
Сахарда бір сарқылмайтын ырыс бар,
Сүйдім мен де ұлымды.
Жырла торғай, таң-сахардың баяны,
Жыр жаттаған жұмақтан.
Сенің əнің гүлзар бақтан саялы,
Ес тандырып құлатқан.
* * *
Кім күтпейді
Атар таңнан жақсылық,
Қара көздің үсті күдік, асты үміт.
Ару отыр
Терезеге үңіліп,
Жанарына жас тұнып.
Кім күтпейді
Атқан таңнан бір ырыс,
Өмір деген мың құпия бұрылыс.
Бізді өмірге
Əкелген де бір Алла,
Тағдырыңа мөр басқан да ұлы күш.
Кім күтпейді
Таңнан үміт, мұратын,
Қолын жайсын Хақтан бақыт сұрасын.
Бір қайғының –
Бір шаттығы болар да,
Тиме, Аруға: Тəңіріне жыласын!..
ТАБЫТ КӨТЕРГЕНДЕР
Көше бойлап келе жатыр кіл мұңдық,
Өліге де, тіріге де бір құлдық.
Көз жасына орап алған шындығын,
Құл жүзінен бара жатыр жыр жылжып.
Жапырақтай селдіреген күздегі,
Солғын екен сорлы жұрттың жүздері.
Мен отырмын тасқа айналған жан сынды,
Жалғыз мола секілденіп түздегі.
Аспан қашып бара жатыр алыстап,
Неткен өмір бір сүреңсіз ағыс жат.
Толқындармен жағаласқан құрбандық,
Ағыспенен бара жатыр маңыстап.
Енді кімге қол беремін жағада,
Іні інде, жүрек қатты аға да.
Домбыраның қос ішегін бауырлап,
Жүрегімнің саусағы жүр сағада.
* * *
Шапағат Пайғамбардан үмбетіне.
(...Жалғады мырза Құдай бірді екіге)
Бесігін жырмен тербеп құлынымның
Қол жайдым құран жастап іргесіне.
Əндетті, əлем бір сəт, жырым қалып.
(Өскенбіз дəстүр сыйлап, ырым бағып)
Əулие-əнбиелер желеп-жебеп,
Ер жетсін, періште мен қыдыр дарып.
Жаратқан жалғыз Алла құлдарыңды,
Жайнатып, өсіре бер, гүл бағымды!
Ұл болсын – ұран салып ту көтерген,
Қыз болсын – əлпештейін сырғалым-ды!
306
307
* * *
Қамығып қараша ауыл бүріседі,
Қазақтың қайнар бұлақ ырысы еді.
Тырнайды жетім күшік босағасын,
Бұл күйін көрмегенім дұрыс еді.
Шудасы желкілдеген нарлар қайда,
Қиялым енді менің самғар қайда.
Көңілдің жайлауында өлең қалды,
Бұл ауыл бұла жырға алданбай ма?!
Тербетіп жүрегіммен мекенімді,
Көсем ел көп көріп ем жетегіңді.
Бейкүнə кірпігіңнен сорғалаған
Көз жасың толтырыпты етегіңді.
* * *
Ақ орда таңдап жатқанбыз,
Ақ торғын жібек, ақ таңбыз.
Жымиып тұрып қарсы алған
Мінезі жұмсақ мақпал қыз.
Арулар қайда ақ жібек,
Ақ сағым күндер қалды көп.
Атқа мініп алпыс тұр,
Елу де өтті жанды жеп.
Қырықтан қашан өткелі,
Ол да бір ердің көктемі.
Шағала дəурен шарқ ұрып,
Біздерді тастап кеткені.
...Неткені?!
* * *
О, тірлік қандай ғажап көкте күнің,
Тереміз тірі күнде текке мінін.
Хан тағы
Алтын сарай құлазиды,
Ізі жоқ беглер менен бектерінің.
Бəрі де көрінгеннің жұмбақ сынды,
Күзгі бұлт өткіншісін жырлап тынды.
Таянып қос бүйірін жетім терек,
«Аһ» ұрып желге басын ырғап тұрды.
Желтоқсан жең түреді келемін деп,
Жазасын жан біткеннің беремін деп.
Мен тұрмын қолды жайып Тəңіріме,
Қараған көк аспанға ел едім – деп.
ШҮКІРЛІК ҚЫЛСАҢ НЕҢ КЕТТІ
Шашынан жұлып боз құмның,
Тойлап жүр, міне, тозғын күн.
Тамырын турап теректің,
Желкесін үзді желектің.
Түліктің басын даң қылды,
Түндікті түріп шаң қылды.
Ит қыңсылап тығылды,
Иесі аунап жығылды.
Келеден қашты кəрі үлек,
Құрбандық жаннан бəрі деп.
Зəнталақ əңгі ақырды,
Зəрезап əтеш шақырды.
308
309
Көк серке қашты бақылдап,
Көк дауыл қуды тақымдап.
Қой бастаған сорлының,
Біз көрдік сондай қорлығын
Ошақтың күлі көкте жүр,
Тарқамай көкте өкпе жүр.
Қамшылап жатыр желменен,
Жазықты болдың сен неден?
Есепсіз сөйлеп қам қылдың,
Етегін түріп бар күннің.
Құйынды дауыл құтырды,
Төбеден ұрып тұқырды.
Шүкірлік қылсаң нең кетті?
Жыртылып жаға, жең кетті.
Шалдарым беріп батасын,
Садақа шалып жататын.
«Аллажан» – десең алғыс бар!
Қанағат кетсе қарғыс бар.
Ниетің таныс Аллаға,
Өзіңді-өзің алдама.
* * *
Жан еді жарық күндей бір,
Арнадым əппақ тілдей жыр.
Ескі де қоныс, ел қайда,
Не дерін көңіл білмей жүр.
Адасып қалдым өр елден,
Жерім бір болды бөгелген.
Саңғытып аттап басымнан,
Сауысқан күлді төбемнен.
Достарыңызбен бөлісу: |