Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



Pdf көрінісі
бет17/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31

ҚАНДАСТАРҒА
 
Ежелден туыс тінің бар,
Ағаң бар, аппақ інің бар.
Қаралы күні бас сүйер
Қандастан басқа кімің бар!?
Олар да жалғыз ол жерде,
Біздер де жалғыз бұл жерде.
Жалғыздың құны көк тиын,
Жауларың жатса іргеңде.
Итерген бізді орға кім!?
Батырған басып сорға кім!?
Қазақтың қара баласы,
Құдайдан соңғы қорғаның!

438
439
ӨЗІҢНЕН ШЫҚСЫН ЖАҚСЫЛАР
(Бір  жолаушы  жігіт  ғылыммен  айна-
лысып жүргенін , мүмкін болса өркениетті 
елдердің  біріне  кеткісі  келетінін  айтты. 
Əрине,  өзге  елде  жүріп-ақ  өз  халқыңның 
арын  қорғап,  мəртебесін  көтеруге  болар, 
деген мен білімді ұлтың үшін алып, ұл-қыз-
да рыңды  өз  тамырынан  айырмағанға  не 
жет сін. )
«Бірің де шекер, бірің бал.»
Халыққа тисін қайырың.
Ұлтың үшін білім ал,
Ұлдың көрсін зайырын.
 
Нұрлы жүрек, ақыл-ой,
Аз халықтың қорғаны.
Білімді перзент жаның ғой,
Сүймесе ұлтын сор-дағы.
Құлқыны құрдым құл тусаң,
Көн қатқан соң тулақсың.
Қаршыға қанат ұл тусаң,
Қайырма көкті шулатсын.
Созғанмен қолың жетпейтін,
Жат кінəмшыл, баққұмар.
Өзекке тепсең кетпейтін,
Өзіңнен шықсын жақсылар!
ГҮЛ МЕН ҚЫЗ
Ұзаттым
Бүгін айды тағы міне,
Суалды сұлу айдың жағы міне,
Қош айтып бірте-бірте жұлдыздарда,
Бастады түн ауғанын бəрі біле.
Бір тамшы жас секілді
Ай дегенің,
Болып жүр ай-көңілім қай дегенің.
Тағы да күт ақыным дейді мені,
Ескертіп бүгінгіден жай келерін.
Күтеміз,
Айдан басқа кіміміз бар,
Ай құшақ ару болса жырымыз бар.
Ай ауды,
Ақын қалғып,
Маужырады,
Осындай оңаша бір сырымыз бар.
...Арулар, тұрыңыздар, тұрыңыздар!..
Ақынбыз: біріміз – тал, біріміз – бал,
Ай тектес аруларға жырымыз бар!
Таң атты, тұрыңыздар!..
Тұрыңыздар!..
Күн сүйіп жүздеріңнен
Күлімдесін,
Бас исін шынарлы шың, ұлы құздар!
Жасасын гүл менен қыз,
Ай менен күн,
Тұрыңыздар!..Тұрыңыздар!..
Бас иген ұлы құздар, ұлы қыздар!..

440
441
ҚЫРЫМНАН ҰШҚАН ҚЫЗҒЫШ ҚҰС
І
Жаралы қанат көгершін,
Зауалды қалай бөгерсің.
Зар күніне тап келдік,
Жараулы бура не көрсін.
Айтарға тілім тосылды,
Айналып дауыл қосымды.
Қылша мойын Қызғыш құс,
Қырымнан ұшып шошынды.
Қанатын қанға бөктірген,
Қайратын көрдім көптің мен.
Тоқымын жайып тоз күннің,
Бармақты тістеп өттім мен.
ІІ
Ер кеудесін дерт үккен,
Шерімді тарттым шертіп мен.
Əлсіздің күні құрысын
Əудем жер жүрсе ентіккен.
Көрсетті күшті бағасын,
Көңілін қалай табасың!?..
Үркердей ғана Қазақтың,
Сақтар да Құдай баласын.
ІІІ
Ал, не бітті, сөз берді,
Айныды сөзден көз көрді.
Күштінің демі көк дауыл,
Құрсанған қыстай өзгерді.
Төркінін сөздің ойлап жүр,
Төріңде кімдер тойлап жүр.
Тамағында Əлсіздің,
Күштінің тісі ойнап жүр.
Алтынды орда дерегім,
Шалқыған шалқар ел едің.
Бар ма қазақ бұл күнде,
Құдайдан басқа сенерің!?
Білмеген жаман шамасын,
Айырмас ақ пен қарасын.
Қырымнан ұшқан қызғыш құс,
Қиқулап қайда барасың!?..
 
ЖАЛҒЫЗ МОЛА
І
Кеш гүлдеп шегіршін тал шегінеді,
Кигені қарлы қыстың кебін еді.
Құнан нар құм жайлаған елден шалғай,
Аяғын бір басуға ерінеді.
Тобылғы ырғай шыбық қара сіңір,
Жанымның тобылғымен жарасы бір.
Көлбеу қыр, көрнеу соқпақ, жалғыз мола,
Алаштың арды ойлаған баласы бір.
 
Ақ қырғын, қызыл қырғын, қанды бүлік,
Кеткен кез құл мен құтан, нарды жығып.
Басынан шырақ жағып құлпытастың,
Қарайды қара шəлі жалғыз үміт.

442
443
ІІ
Құлдық бар санамызда үргектеген,
Ел едім ерлігіме тіл жетпеген.
Белгісіз батыр дейді жалғыз мола,
Жалғанға кімдер келіп, кім кетпеген.
Жалғыз тұр жалғыз мола шалғай барып,
Сайрайды сары торғай таңдай қағып.
Өзгеше бір дауыстан жаным сергіп,
Барады құлағыма балдай жағып.
Тартады көл жасаурап, теңіз демін,
Менде сол көшкен бұлттай сезімдемін.
Көрсетпе бақ сыйласаң мырза Құдай,
Қазақтың қалғып-мүлгіп езілгенін.
 
МАҢДАЙЫНА ДӨП ТИДІ
Атамекен жүзің моншақ төгілген,
Қабырғаң бар қан-қан болып сөгілген.
Адуын бұлт, аппақ нөсер сел едім.
Толқындармен жағаласқан ел едім.
Нар қамыстай кескілеген бір-бірін,
Кім айырар кіл міскіннің кіндігін.
Шың басында шыңғырады шындығым,
Ішіп алып бейбақ көлдің қыр мұңын.
Мұң ішінде қу тірліктің зəрі бар,
Өргеу жанның енді қанша əлі бар.
Өртеніп тұр батар күннің өзегі,
Дертті жанның өлең тыныс, сөз емі.
Батты күні айдың тəнін түн мүжіп,
Тас көшеде мас болып жүр бір жігіт.
«Қазақстан кімдікі!?..» – деп, жылап тұр,
Мұның өзі тарих енді ұзақ бір.
Көше бойлап кетті дауыс түн жарып,
Түрлі қазақ түп атасы бір халық.
Түрлі қазақ – ноқталы бас, көп жетек,
Көреміз ғой істің соңын өлмесек.
Мас жігіттің қан шекесі жылтылдап,
Бір сұрақты мың қояды қылқылдап.
«Жынды ғой» – деп күлді біреу тырқылдап,
Біреу масты көтеріп жүр «тұр-тұрлап»
Жат жымиып аттап өтті ақырын,
Жылап жатыр, əлгі, менің пақырым.
«Атамекен – арым ғой» – деп егілді,
Алға басты, сосын артқа шегінді.
Тас көшенің таңдай тұсы тақылдап,
Мас жігітке ұрсып жатыр қақылдап.
Бəрі ақылды мас жігіттен басқаның,
Жанында мұң жарық маңдай қасқаның.
Көрінген тас маңдайына дөп тиді,
«Атамекен кімдікі !?» – деп өксиді.
Үндемейтін момын едік сыр ашып,
Бір мас жігіт кетті бізді жылатып.

444
445
* * *
Жолаушының періштесі қасында,
Періштеңнен жан сырыңды жасырма.
Дұға қылғын бел-белесте молаға,
Дұғаңызға жалғыз зəру сол ара.
Сауабынан жолға тіле амандық,
Сауаптыға бола қоймас жамандық.
Періштеңнің ақ қанаты нұрлансын,
Əр төбеге бір періште жыр қалсын.
Періште жыр қызғалдақ боп ырғалсын,
Қауызында сыр қалсын.
Төңкеріліп төбе біткен ереді,
Құбылаға құлдан дұға керегі.
Жолың болсын періштелі жандарым,
Сапар алды дұғаңызды арнағын.
Хаққа мəлім жолаушының дұғасы,
Дұға қыл да жолыңа бақ сұрашы!?
Жол мұраты қалауында Алланың,
Қолды жайдым, жалбарындым, зарладым.
ЖЕЛІ ТАРТТЫМ САРЫМНАН
 
Кеңес те берген кебінмен,
Емінген дұшпан, елің жем.
Қасқа айғырдың баласы,
Шапқаннан басқа не білген!?
Көл бір біткен көгілдір,
Көпке де таныс өмір бұл.
Мамырлаған ел-жұртың,
Мамығын қайда төгіп жүр.
 
Ел асып қайда бармақпыз!?
Жантайып шөкті жарғақ құз.
Үйірге салып жабыны,
Қасқаның елін алдаппыз!
Жел-құздан бойым қабынған,
Желі де тарттым сарымнан.
Ер Махамбет
1
 түсімде,
Жырлап тұр солай Нарыннан.
КҮШТІНІҢ АУЗЫ ҚИСЫҚ, СӨЗІ ДҰРЫС
Анау кім!?..
Аю сынды талтақтаған.
Табаны тас үгітіп, тал таптаған.
Күштінің аузы қисық, сөзі дұрыс,
Əлсіздің күні құрсын жалтақтаған.
 
Ел тонап ежеңдейді ұры-қары.
Ел отыр етек басып, құрып əлі.
Көзінен жас тамшылап көк бас таудың,
Көкжалдың қандай жаман ұлығаны.
 
1
 Ер Махамбет – Махамбет батыр.

446
447
Не қаласа бəрін де теңдеп бергем,
Туысым, туғанымда: «Сен!..» – деп келгем.
Жел айдаса қаңбақтың халі мүшкіл,
Алашты сақта құдай жендеттерден.
Алып жүр бізге қарап жат тынысын,
Сен байғұс не істедің сақтық үшін?!
Көршіге жарымаған ел болдық қой,
Көтерген күнде ақырып ақ қылышын.
* * *
Қар жамыла қалған екен мына қыр,
Жер ырысы бұ да бір.
Қалқам, кəне, қарға аунайық ақ төсек,
Өп-өтірік құла жүр.
Мен де келіп сəл сүрінген болмақпын,
Сəні қандай ақ торғынмен, сол бақтың.
Қыз бағасын ерте сездік дегенмен,
Қар бағасын кеш түсініп қорлаппын.
Қалтырайды қар жамылған қыр үсіп,
Қара боран келер сосын ұрысып.
Қолың тисе дəл осылай жет елге,
Қар үстінде ерініңмен жылытып.
* * *
Жанарыңнан жан сырыңды тамызып,
Үмітіңді қал үзіп.
Ең соңғы рет таңдайыма қатайын,
Ерініңнен бал үзіп.
Жанарыңның жасымен жу жүзімді,
Үміт солай үзілді.
Қаңқылдаған қаз барады төбеде,
Қайдан ғана сағыныш боп тізілді.
Қанатынан сорғалады сор жасы,
Өмір сол ғой болмашы.
Ал, ендеше жол ақысы жүрген-ді,
Қош, қалқатай, ондашы!..
СЕН, ҚОШТАСТЫҢ БА?!
Сен, қоштастың ба, 
Сен, қоштастың ба, 
Ойнаған өлкеңменен.
Арманның ақ кемесін ақ сəуле желкендеген.
Сұрама ертең менен, еркем менен,
Барамын көре алмай, жерімді көрсем деген.
Сен, қоштастың ба,
Сен, қоштастың ба,
Ақ бесік – ауылыңмен.
Бұрымың бұлғақтаған, періште дəуіріңмен.
Əуремін дауылыммен, күн санап сауығым кем,
Қоштасқын ауылыңмен, бір туған бауырыңмен.
Сен, қоштастың ба,
Сен, қоштастың ба,
Гүл-бақша орманыңмен.
Орның бар жан едің ғой, бір тал гүл болғаныңмен.
Көл жылап жасаурайды, көрмесін ол да білген,
Көргенін олжа білген.
Өксіме, жүр қалқатай, жүрек жоқ өртенбеген?!
...Өртенбеген!
Өзге күн, ертең деген.
Өткен күн – бір тамшы жас мөлтеңдеген.
...Басқа күн ертең деген.

448
449
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ЖƏНЕ ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ
«...Кішкентай  қыз  теледидар  экраны-
нан  Африканың  аш  балаларын  көрген  кез  -
де, олар жесін деп нан қоқымдарын те ле-
дидардың арт жағындағы саңылау ларына 
үнемі тас тап тұрған екен... Біз мейрім ділік-
ті кішкентайлардан үйренейік ші, ағайын!»
«ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті (авт. М.К.)
27 ақпан 2014 жылан жылы
Құла жирен, құлаша таң, құла таң,
Айыр бура, шудалы бұлт , бұла таң.
Өркешіңде өркениет жылап тұр,
Өмір деген Тəңір-алды сынақ бір.
Нардай шөгіп тау біткеннің қарасы,
Боздап жатыр нар қоспақтың баласы.
Желбұйдасы жібектен-ді ғасырдың
Шырмап алды шырғал шыңның басын мұң.
Қайыс тартпа, күміс доға, айыл-дүр,
Ер құлауға, ат тулауға дайын жүр.
Астан-кестен ер-тұрманы бауырда,
Жыланбауыр қамшы ойнайды сауырда.
Тебінгісі терге малшып жыртылған.
Əлем сенің əлем-жəлем түр-тұлғаң!
Бір сұмдыққа бет түзеген кекілдім,
Қайырады бұл сұмдықтың бетін кім!?
Маңдайдан қан, көзден жасы кетпеген,
Жұмыр жерде жүріп келем еппенен.
Жетім көген, жесір желі, қыл шідер,
Көңіл босап, көзіңе жас іркілер.
Бота боздап, құлын жүрек шұрқырап,
Көрінгеннен көңілге бақ тұр сұрап.
Қара тастай ниет біткен күмілжі,
Ауыз ашсаң көмейіңе үңілді.
Маңыраған қошақандай түртіншек,
Қу тірліктен қалар пенде бір күн шет.
Бəрі жалған, өткінші бұлт күркілдек,
Ақ жаңбыр боп жылап алар бір күн кеп.
Көз жасыңнан өмір-дастан тамшылап,
Ажал келіп айыл-төстен жаншымақ.
Сол бір сəтте иманнан гүл іздерсің,
Тəн қалауын Тəңір тұсап, тіздерсің.
Жан сарайың гүл тағынсын иманнан,
Хақтан мейір, халалдан дəм жиған жан.
Болашақтың жарқын күні – жан нəрі,
Нұрлы талап, таза рух бар мəні.
Сəби тілек – мөлдір бұлақ нұрдан-ды,
Жан кірлесе жаһанды Хақ ұрған-ды.
Бүлдіршіндер жұмыр жердің қорғаны,
Жүректерім бұлбұл құстай тордағы.
Жан тазармай жарқырамас күніміз,
Өңкей дүрміз, өзімшілміз, ұлымыз!..
Кісіліктің келбетінде барлық бақ,
Алтын берсе ауыстырма сандықтап.

450
451
Иман-ұят, ар мен намыс, əділдік,
Соқыр əлем сол даңғылдан жаңылдық.
Сəби көрсең: «Періште!» – деп мақтап тұр,
Солар үшін Құдай жерді сақтап тұр.
 Тазалыққа тəуелдіміз кіл мұңдық,
Əр бүлдіршін бір-бір бақыт, бір-бір құт!
Жолдас болмас атақ-мансап, жиған да,
Жарқын күннің жалғыз кілті иманда.
 «Мəңгілік ел» болмақ болсаң зайырлы,
Ұл өсіргін қанағатшыл, қайырлы.
Ханың болсын құдай сүйген ұлықты,
Қызың болсын ұлыңа сай қылықты.
Халқың болсын иман шамын күзеткен,
Бірін-бірі үнсіз сүйген ізетпен.
Құдай сүйген ғалым менен ғылымды,
Бала сұра ұятты һəм ұғымды.
Көкірегін мұнар басқан, шаң басқан,
Біздің ғасыр қан тілеген алдаспан.
Жатсақтағы арам пиғыл, жастап кір,
Дүниені СƏБИ-ТІЛЕК сақтап тұр!
Сəби күлді, күлкісінен бақ таптым,
Бала тілек, шырын шындық, аппақ күн.
Тазалықтан ажырамас жүрегі,
Сəбилер ғой тыныштықтың тірегі.
Бай – патшасы, би – төресі заманның
Сəбилерге кілтін берің ғаламның!
КҮНІНДЕ АРУ ЕДІ...
Бəрі де қалжыраған қарайғанның
Өзі жоқ, қазығы бар талай нардың.
Сиреген,
Селдіреген торғын сынды
Іріп тұр бет пердесі сарайлардың.
Ойылған терезесі, босағасы,
Қасқаның қайда кеткен отағасы.
Осы ма көрген шындық
Білген сұмдық
Көңілім көрінгенге босамашы.
Ауыл тұр
Түлігі жоқ, түндігі жоқ.
Мысалы, бір күні су, бір күні от.
Қай зарын
Қарашаның жеткіземін
Күнінде ару еді бір міні жоқ.
* * *
Бəрі өсек оңға қара, сол да сын.
Жаназаңа ерітіп жүр молдасын.
Өзгереді Адам түгіл дүние
Айдың күні, күннің жылы толғасын.
Көктем шуақ шашатын-ды көк гүлдеп,
Көп күледі гүлін таптап өттім деп.
Сосын мен де бура сынды бұрқырап,
Боздап жүріп жырдан нөсер төктім кеп.
Шалғай барып шаршы топтан құладым,
«Құлады!..» – деп салып жатыр құл əнін.
Ешкімді де көргім келіп жүргем жоқ,
Тек тезірек өтсе екен бұла күн.

452
453
АЙДАР ИШАН
1
Орынжан
2
Олда біздің ініміз-ді,
Оларсыз көрсетерміз кімімізді.
Қолдасын
Айдар Ишан бəрімізді,
Тарқатпай аз халықтан тінімізді.
Қол жайып
Сонадайдан тілек қылдық,
Тілейді тілек тірлік, жүрек құлдық.
Бір Алла өліге де, тіріге де,
Қайырын Хақтан сұрап күзет қылдық.
Ұйқысыз таң атырдық шаттанысып,
Барады ақ қауырсын ақ таң ұшып.
Шалдардың шапанына оранып ап,
Жатқанбыз «Маңғыстау!..» – деп мақтанысып.
ТАС ЖҮРЕК
 
Шағын ауыл бір шенеунік күжілдек.
Қорқытады менің қолым ұзын деп.
Қатқан нан мен қара суға тойғызды,
Халық отыр аққан тердің тұзын жеп.
 
Шаңы шыққан шағын мекен шалғаймыз,
(Таңдай болса татып көрер балдаймыз)
Өткен күнге сынық ине сабақтап,
Өзімізді сырмақ тоқып алдаймыз.
Күжілдектің екі көзі шенде жүр.
Дəл осылай дəмелі жұрт, кенде өмір.
Соның бəрін көрмей-білмей жүрсің бе,
Тасжүрек жан екенсің ғой, Сен де,– бір!
1
 Айдар Ишан – Айдар ишан əулие.
2
 Орынжан – сол əулиенің ұрпағы, қорым басындағы шырақшы.
ЖАТ ҚОЛЫНДА ЖАНЫМНЫҢ БӨЛШЕГІ ЖҮР
Қазақтың қаракөз балаларын шет құр -
лық, жат елдерге алып кетіп жатыр. Қа-
зақ халқы бауырмал еді, мұның да пейі лінің 
азғаны ма!?.. Аласапыран дүние нің өткені 
өксік,  жетпегі  не  сонда!?..  Же тім  дердің 
дауысы жер түбінен жетіп тұр. 
Автор
І
Бек сайлап береген жұрт, алаған қол,
Мынау жол елді ессіз талаған жол.
Қазақтың ен байлығын судай шашып,
Тұр, əне, жең ішінде санаған қол.
Надан тұр соқыр сана, көзі ғаріп.
Отан тұр көздерінен төзім ағып.
Елінен жетім ұшты құрлық асып,
Елінде: «Неге!?..» – деген сөзі қалып.
 
ІІ
Бал жедің, бала саттың басқа құрып.
Өлсеңші маңдайыңды тасқа ұрып.
Біздерді кімдер қайта жасап алды,
Безбүйрек берекетсіз қасқа қылып?!
Өлеңім – бесік болсын құлындарға!
Ен, алаш, сенен басқа мұңым бар ма!?
Бақытты бола алмайды қалың қазақ,
Жат жерде жылап жүрген бір ұл барда!

454
455
* * *
 
Сайран бел
Сары шегір самның құмы.
Ақбөбек – зардың жыры, жардың мұңы.
Боз төбе
Жалды қара, жалпақ қырат,
Мысалы жолда қалған нардың жүгі.
Бебеулеп
Сай-қолатта сары қамыс.
Сарыны, салған зары бəрі қалыс.
Ауыл-үй
Аңғал тірлік,бейбіт мекен,
Ер көдек, жасы жалын, кəрі шалыс.
Қанша таң
Қайта туып басталмады.
Кіжініп көз шығарып бас жарғалы.
Сұлу көл, суда қалған ақ сазандай,
Ай жүзіп бара жатыр аспандағы.
* * *
Шахзада шахтың ұлы мінгендей ме,
Айтарға мұнан артық тіл келмей ме.
Қыл құйрық,
Қылаң жүйрік, құлан шатыс,
Боларын бір сұмдықтың білгендей ме?!
Елеңдеп қайшылайды қос құлағын
Еркелеп ен жайлаған жоқ бұла күн.
Қоқаңдап қойшы бала мініп алды,
Ауылдың бағып жүрген тоқты-ылағын.
Қой мен қой, ешкі менен ешкі болды.
Елпеңдеп еріп жүріп бесті болды.
Ақыры ала құнан қайран тұлпар,
Жалғанға жаны қажып кекті болды.
МҰҢСЫЗ КҮННІҢ СƏУЛЕСІ
Отырсың ба ойға батып мұңайып,
Қой, қалқатай, қолыңды бер, тұрайық.
Жасыл терек,
Балғын бақша өміршең,
Бізде солай күнге мойын бұрайық.
 
Күлкің қайда –
Күннен алған шуағын?!
Сен болмасаң су қараңғы мына күн.
Мұңаймашы
Мұңсыз күннің сəулесі,
Жүрегіме жағып алған шырағым.
Жанып тұршы
Шалықтасын жалының!
Жалыныңнан жанған күнді таныдым.
Сəулем менің
Сəл жымишы қарайын,
Жарық сөнсе жан-кеудемнің бəрі мұң.
ЖАНҒАН ОТҚА ҚҰМАРСЫҢ
Отқа түскен көбелектей қалбақтап,
Тірлік құнын кімдер жатыр салмақтап.
Көр ішінде саудырайды көп сүйек
Езуінде бір тістеулі бармақ қап.
Өңкей солғын
Өңі қашқан сүреңсіз
Көзбен көріп, сөзден жеріп жүдерсіз.
Серке күннің сақалынан ұстап ап
Сүңкін көріп, бір түн келіп күлерсіз.
Күліп-күліп
Сілең қатып құларсың.

456
457
Таң оятса тағы жылап тұрарсың.
Ей адамзат өз-өзіңе қастанды
Көбелексің, жанған отқа құмарсың.
* * *
Қу жалғанның бар тəттісі сенімде.
Жанға медет жатсаң да сол кебінде.
Бірін Құдай артық берген бақ деп ұқ,
Жақсы жігіт болса екеу еліңде.
Жақсы жан да алтын сынды қымбат тым.
Құнын білер Құдай ғана бұл бақтың.
Жаман менен күнде жолдас болғанша
Жақсы менен жалғыз рет сырласқын.
Жақсы жанның лебі қандай жып-жылы.
Жанарында жалғаншының шындығы.
Жақсы жанның жан құрғатпас маңайын –
Бар бақыттың сол секілді кіндігі.
* * *
Сасыққурай ол да қурай дегенмен,
Сапқа тұрып көппен бірге көгерген.
Өзін-өзі гүлден артық көреді,
Дəл осыған бəс тігіп-ақ сенем мен.
Сасықтығын білсе-білер басқалар.
Сасыққурай сенен қашып, сақтанар.
Өзін-өзі өзгелерден көп сүйіп,
Аз өмірде айтса сенбес бақ табар.
Жігер керек, көкірекке от керек.
Отсыз болсаң саған өмір жоқ демек.
Сасыққурай сасып-ақ тұр қайтесің
Өз-өзіне патша көңіл тоқ демек.
Ғазиз басың сенен тапсын құрмет.
Жер бесігің, ортақ анау ұлы көк.
Қой болғанша еріккеннің ермегі,
Көкбөрі бол, көкке қарап ұлып өт!
ОЙЛАҒАНҒА ОЙРАН-ДЫ
(Үзінді)
 
Əр төбеде жалғыз өскен теректей.
Тəңір бізді аз қылыпты көп етпей.
Көп бабамның қорымы тұр қырылған
Өрттен соңғы өңі қашқан желектей
Күштілердің азу тісі ақсимақ,
Басқан ізін бас шұлғиды жат сыйлап.
Əлсіз байғұс
Көрінгенді дос қылып,
Жампаңдайды шапан жауып, ат сыйлап.
Ел намысы,
Еркіндік пен мұратым!
Елін сүйіп, көпке жайсын ұл атын.
Орман көрсем селдіреген жылаймын,
Беліңді бу, бекем бол деп қуатым.
Мен ескімін сазы сарнау жетіген
1
.
Жеді уақыт жүрегімнің етінен.
Атамекен – Ар-намысым, Иманым!..
Иманымның жыртып алмақ шетінен.
1
 Жетіген – саз аспабы.

458
459
* * *
Өмірді сүй,
Алла сыйын ардақта!
Балынан тат, гүл-бəйшешек бар баққа.
Бала – бауыр, баба – бастау бұлағың
Міне, ғажап, ақ төсекте жар жатса.
Елің қорған,
Əлем, əлди ақ бесік.
Сүйе білсең бастан кетпес бақ көшіп.
Дос – айбының,
Туыс – жүрек,
Ту – мерей,
Адал еңбек, білім-бірлік, ақ несіп.
Күлкі қымбат
Пəк сезімді тербеген,
Жастық жалын жəне қуат кернеген.
Кезеңімен
Кемел ойлап, кең пішіп
Халал сөйлер, Хақтың құлы – ер деген.
* * *
Мезгілімен, салтанатты сəнімен,
Өзгертеді тіршіліктің бəрі де өң.
Жастар жайнап өсе берсін жаңарып
Байрақ ұстап, бата алып кəріден.
Түн – тынысың, күн – ырысың шаттығың.
Шаттана біл, сезіне біл бақ құнын.
Жарық күннің жаның мен сүй сəулесін
Бақыт құсын тапқандай-ақ нақ бүгін.
...Сүйе білу – Пəктігің!
* * *
Өмірді сүй,
Жарық таңнан жалықпа.
Құстай самғап, қанат байлап қалықта.
Əр жүректе
Бір-бір қыран арманшыл,
Көкке жібер томағасын ағыт та.
Əрбір қыран өз биігін таңдасын.
Ғашық жанның қиялына бар ма сын.
Өрттей лаулап
Сүйсін мынау өмірді –
Дəстүр-салтын, серт пен антын жалғасын!
Өтер бастан сəске, сəрі, бесіні,
Жұмыр бастан өтпес Хақтың не сыны.
Жарық күнді сүйе алмаған жандарға,
Жəннаттың да ашылмайды есігі.
САРЫ АЛТЫНДАЙ САЛМАҚТАДЫМ
Шырқырап
Шырақ жағып дұға қылдым.
Көп тілеп берекетін бұла күннің.
Елесі аруақтардың
Ен жайлаған
Тінім бір тірліктегі сыңарыңмын.
Ханы дүр,
Қарасы көп, жарасы мың.
Қазақтың қанағатшыл баласымын.
Ұлыңмын
Ұлы көштің бесігінде
Үміттің үкілеген бар асылын.

460
461
Бүр жарған
Шыбық сынды қыр басында.
Иілдім ізгілікпен сырласуға.
Көп таулар көз алдымнан
Өтіп жатты
Əрқайсы тірек болған бір ғасырға.
Тау емес
Тау тұлғалы бабаларым.
Алдыңда перзенттік пен адал арым.
Қайғы ойлап Қаратауды жағаладым
Сені іздеп Отпан тауды сараладым.
Сан керуен
Сəулелі нұр, саңлақтарым.
Дұға қып, шырақ жағып ардақтадым.
Бейнесін берекетті Шалдарымның
Санамда сары алтындай салмақтадым!
Хақ қалап кіндігіңнен тарағанмын.
Кеудемнен жаным зият қалаған күн.
Жанымда, жүрегімде,
Тілегімде –
Үні бар аналардың, бабалардың!
АЛА ҚАП ПЕН ҚАРА БАҚ
 
Жігітім құлысың ғой ала қаптың.
Маңдайын қан мен жуған қанағаттың.
Қара жер – қара ноқат шексіз көкте,
Сасыған сандығындай жаманаттың.
Қарғадан неңіз артық қара бақ күн.
Қанатын қарқылдайды сабалап түн.
Құдайға қарайтындай бетің бар ма!?..
Ындынның кер төбетін абалаттың.
Ібілістің ізінен еріп жүріп,
Шайтанның алақанын жаламақсың.
ҮМІТКЕ ҮРДІҢ ҚЫЗЫН ТЕЛІГЕНДЕЙ
Ай көрдім,
Анау жүзден күн де көрдім,
Ай қалқам сендей жанды іздегенмін.
Бір күні қош айтысқан
Қимас жаннан
Көп артық батпаған дерт, білмеген мұң.
 
Нұрланып балбұл жанып ерігендей.
Ерісе күннің өзі шегінердей.
Əн созып ақ тамақтан
Қақтың қанат
Үмітке үрдің қызын телігендей
Жем-Сағыз,
Ойыл қайда сағынышым.
Мысалы өзегім өрт, жалын ішім.
Аман жүр бейтаныс бақ,
Көзтаныс жат,
Сарғайған сағыныш пен сабыр үшін.
Есен-сау жүрген болар елігіміз,
Құрғайды сені ойласақ ерініміз.
Елуді ерттеп мініп жүрсек дағы
Ай құшақ арулардың серігіміз.
Көңілге көктем сыйлап
Өмір берген
Көркем қыз ортаймасын көрігіңіз.

462
463

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет