Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



Pdf көрінісі
бет26/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

АЛАСТАУ
Алас!..Алас!..
Күй ағылсын жырменен,
Алас!..Алас!..
Саз ағылсын сырменен.
Алас!..Алас!..
У ішеді білмеген.
Кəміл Иман
Болашаққа жол баста,
Жолдас болам Сенен басқа,
 Кімменен!?..
Əлди-əлди,
Əй, бөбегім, жұмыр жер,
Көк аспан мен жұмыр жерге ғұмыр бер.
Алас!..Алас!..
Жан бойына мың алас!
Алас!..Алас!..
Тəн бойына мың алас!
Иман келсін,
Игілік пен ар келсін,
Жын-перілер жан мен тəннен тұра қаш.
Алас!..Алас!..
Үйлесім бер, ғаламға!
Қанағат бер, қайыр менен заманға.
Достық пенен туыстық бер,
Ақыл бер,
Даналық бер, адал еңбек адамға!
Алас!..Алас!..

658
659
Бəле кетсін, дертпенен,
Ындын кетсін не берсеңде жетпеген.
Құрдым кетсін
Құл біткенді аздырып,
Мансап көрсе, байлық көрсе беттеген.
Алас!..Алас!..
Ұлтын, халқын сатқандар!
Елін езіп, ерен байлық тапқандар.
Алас!..Алас!..
Надандық пен соқырлық,
Ділін-дінін,
Өз салты мен дəстүрін,
Жоққа балап, жатқа қарап жатқандар.
Алас!..Алас!..
Жын-перілер, бар енді,
Адастырған, соғыстарған Əлемді!
Алас!..Алас!..
Түсінбестік,
Түңілу,
Алас!..Алас!..
Үрей менен қорқыныш,
Кет ендеше, адамзаттан, қал , енді!..
Жаным Алла!..
Жаратқаным,
Жан-Нұрым!
Қорға енді, құлдарыңның барлығын.
Кешер енді,
Құлдарыңды кеше гөр,
Саған айтар сахар таңнан зар-мұңым!?..
Өз құлым деп,
Мөріңді бас маңдайға!
Саған аян, иман-əдіп жан қайда.
Пайғамбарым,
Əулие-Пір,
Сахаба,
Бекетімнің уызы бар таңдайда!
Тылсым сазды
Мен естідім Отпаннан,
Ескен самал Қобыз болып сарнай ма!?
Алас!..Алас!..
Қырсық кетсін!..
Қыдыр жетсін!..
Атамекен, Атажұрт,
Бостандығым, Тəуелсіздік Тұғырым!
Бодан қылмақ кім ұлын!?
Көзі ашық Ел:
Таптатпайды тарихын,
Тауып алар күзесінің сынығын.
Қанағат бер,
Көңіліме жетеді,
Хан тағынан қадірлі,
Туған елдің, туған жердің етегі.
Үш жүз алпыс
Əулиелі – Маңғыстау,
Сағыныш пен ұлы саздың мекені.
Абыл қайда,
Қазанғап пен Тəттімбет!?
Бетховенге көргенім жоқ жатсың деп.
Сазбен бірге
Санам менің оянсын,
Сағыныш пен сары ала таң, атсын көк.
Алла берген
Махаббат бар жанымда!
Сен де келіп мені құшқын, сағын да.
Он сегіз мың ғалам бізбен бір туыс,
Айды сүйіп, күнді құш,
Иман емген жүрегіңе бағын да!
Қазақстан:
Хақтан ізде бақ құсын,
Бірлік, білім, еңбегіңе табын да!
Осы кезде: Мəңгі бақи бастары бірікпеген, екеуі қатар ұшып 
көрмеген,  саяқ  сауысқандар  жинала  қалып  Адамзатты  келеке-
күлкі қылды. Өздерінің жалғыз-жалғыз секемшіл ғұмырын əлемге 
үлгі еткісі келді. Ащы шындық – адамзаттың жүрегін айғыздап, 
қаны мен іріңін ағыза түсті.

660
661
(САУЫСҚАННЫҢ КҮЛКІСІ)
Саяқ ұшқан сауысқан,
күлді, міне, сақ-сақ!
Таңдайлары тақ-тақ.
Ала қанат
Секемшіл,
Бірлігі жоқ құс еді,
Күлкі қылды ақыры төбемізден аттап.
Сауысқан:
– Ей, Адамдар!..
Дейсіңіз бе: «Бірлік Құт!»,
Берекесіз тірлік қып,
Сен емес пе ең,
Жұмақтан да қуылған,
Ұрлық қып!..ХА-ХА-ХА!
Ей, Адамдар!..
Сенің қолың босаған жоқ жағаңнан.
...Өлермен мен шабарман.
Бір-біріңді
Алдап-арбап қан ішіп,
Көздеріңе қара, əне, ағарған. ХА-ХА-ХА.
Күлкім келді!..
Жүрсің жерді ластап.
Жер бетінен тастасам ба сыпырып,
Қанатыммен құлаштап.
Ей, Адамдар!..
Зұлымдыққа келгенде,
Сенен, сірə, кім аспақ!?..
Өзіңді-өзің
Алдауменен келесің,
Қанағатсыз атау менен кересің.
Көкірегің
Күрке болып
Шайтанға,
Жын-періге ересің.
Мынау сорлы
Он сегіз мың ғаламның,
Маңдайына қағылған бір шегесің.
Көкірексің,
Алпауытсың,
Құрлықтарды кемірген.
Құрсағыңа алтын, күміс, темір жем.
Сен тағыда:
Қатігезсің,
Соғысқұмар сойқаншыл,
Ақша-қорсың арын сатып елірген.
Сен Құдайды ұмытып:
Əмір етіп,
Дүниені күл қылдың.
Сенің сөзің құбылды
Терісіндей құндыздың.
Бір-біріңе
Тозақ жасап
Тірлікте,
Ібілістің саясатын жүргіздің.
ХА-ХА-ХА!..
Сатып кету,
Атып кету,
Буындыру жоқтықпен,
Сенен қорқып су үркеді, от біткен.
Сертің де жоқ,
Уəдең де жоқ,
Антың да,
Дүниені бағалайсың қарын қамы тоқтықпен.
Сен сенбейсің:
Жұмаққа да, тозаққа!
Жаның үйір жаншып таптау, мазаққа!
Құрық салғың
 Келіп тұрар қашанда,
Ар-Иманы азатқа!
Сен түлкіге күлесің:
Ал, ниетің мың түлкіден алдамшы.
Батар күнді
Өткінші деп
Қарғайсың,

662
663
Сенен қашып бара жатыр жалғаншы.
Қанағатсыз
Қалтырауын секілді,
Қорқынышты жаныңыз,
Ал, осыған таңданшы!?..
Таңданбайсың!..
Себебі, Сен, сондайсың.
Жасап алып жауыздықты,
Жалбарынып сорлайсың.
Ындыныңның
Бəрі тесік
Жамаусыз,
 Тоймайсың да, толмайсың!
...Сен сондайсың!
Жан берерде жағаласып,
Айтпақ болып шыныңды,
Бір білесің құныңды.
Қу сүйекке
Итше жүріп
Таласып,
Адам болып сүрдім дейсің ғұмырды.
ХА-ХА-ХА!
...Үйретесің тағы соған ұлыңды.
...Қызыңды да бұрымды!
Менсінбегің келеді,
Бəрін-бəрін басқаның,
Тауды таптап, тағасыңыз тасқа мін.
Ой-мерезің
Құтыртып,
Мұхиттарды кешіп өткің келеді,
Орман көрсең қырқып алып бастарын.
Бəрін таптап,
Отырғың кеп тұрады,
Құдай бірақ қырағы.
Адам біткен
Аздырды,
Он сегіз мың ғаламды,
Тас төбеңнен Тəңір бір күн ұрады!
(Сол сауысқан:
Көп ұрысты, кек қылды.
Жұқа жанның жүрегіне жеткізді)
Мен сосын да,
Саяқ ұшам білдің бе?!..
Білмесең сол, деп күлді!..
Ха-Ха-Ха-лап,
Кетті сосын: «Адам деген Құрдым» – деп.
Біліп қойсын, бұл бір деп.
Жиналып ап: «Достық»
Жайлы Хаттаған,
Қаулыңыз бен қарарыңды ұрдым деп.
...Кешіріңіз Сауысқан!?
Өкпеңіз көп құс екенсіз адамға!
Бірлік керек маған да!
Хақ нұрынан
Жаратылған шын құлдар,
Оянады санасы,
Бірігеді бауыр боп,
Əйтеуір бір заманда!

Жə, сонымен біз адамдар табиғатты ызаландырып өшіктірген 
соң,  олар  да  қорғанысқа  көшті.  Жылан,  қарақұрт,  қасқыралар 
адам  бейнесіне  айналып  өзімізбен  соғыса  бастады.  Осы  тұста 
ҰЛЫ САЗҒА тығылған Жер мен Көк адамнан көрген қорлығын ай-
тып, Жаратқан– Иеге, бір Аллаға жалбарынды.
Жеті ғалам-жермін Мен,
Күнді сүйіп ердім Мен.
Жұлдыз көрсем
Тербетіп,
Айға қонақ бердім Мен.
Сұлусындым шығыспен,

664
665
Балқып жаттым батыспен,
Солтүстігім ақ қар-ды,
Оңтүстігім бақтан-ды.
Жер астында бір қала,
Заманның күтпек ақырын,
Жүр үстінде мың қала,
Улап та жатыр ақылын.
Жоғарыда көк зеңгір,
Жол тартып жолай кезген жыр.
Періштеге
Қол беріп,
Пендеңізден безген жыр.
Ақиқат түбі
Хақтан-ды,
Хақ бұйрығын сезген жыр.
Мен – Жер едім, Анамын!
Соқпайды сары самалым.
Адамның тісі – жегі құрт,
Жан Алла семіп барамын!
Адамзат қайда бұрынғы!?
Иманға байла құлыңды!?
Жаһанға Ие –
Жан Аллам,
Он сегіз мың
Бұл ғалам,
 Қанағат кетіп, бүлінді.
Азуын білеп
Айды жеп,
Көзімен түртіп
Күнді жеп,
Күнде кеңес күбінді.
Сыңсыған анау
Орманды,
Сындырған қол кімдікі!?
Қопарып анау тауларды
Құм қылған қол кімдікі!?
Қоғасын өртеп
Айдынды,
Күл қылған қол кімдікі?!
Көкті былғап шапшыған,
Қу тақыр боп қақсыған,
Бір арамза без шықты,
Адамға біткен жүректің,
Айықпас дерт боп, астынан!..
Жан Алла өзің сақтай көр!?
Нұрың мен сылап баптай көр.
Жан Аллам Бізді сақтай көр!?
VІІ
Осылай  адамзаттың  баласы  жанталасып  өздері  қолдан  қи-
ратқан дүниені қалай қалпына келтірерін білмей ақылдары айран-
дай  төгіліп,  даң  болды.  Жыландар  да  табиғаттың  киелі  жара-
тылысы. Олар: Өздері құрған қағанаттың күш-қуатын арттыра 
түсті.  Түсініксіз  жойқын  зауалдар  мансап-масы,  байлық-масы 
ші рін ді – ниет,  шіркеулі  жүздерді  қой  тоғытқандай  жұтып 
жат ты.  Астан-кестен  болған  ақыл  мен  сананың  құрбандарына 
қол ұшын бермек болып, бабалар рухының елестері сахараны кезіп 
жүрді.
БАБАЛАР РУХЫ ЖƏНЕ АҚ БАТА
Қан тамыры
Халалдан,
Жүректің басын саз алған.
Ет пен сүйек
Тал бойым,
Саз бенен жырдан жаралған.
Тілек ашты пердесін,
Жүрек ашты іргесін.
Жүрек пен
Сырлас қайран жыр,
Айнымайтын дос болды,
Иманның дəмін білгесін.

666
667
Құлың едім Жан Алла,
Құлыңды өзің сақтай көр!?
Ұлың едім Жан Баба,
Батаңды бабам шаппай бер?!
Жүрек пен жыр
Қосылды,
Ел сенімін ақтай көр?!..
Ақ нұрыңнан
Жан Алла,
Ақырдың таңы атпай бер!?..
Адамзатты аздырған
Шайтандарды таптай сал!
Құлдарыңның жүрегін,
Иман-əдеп,
Салт-дəстүр,
Нұрлы талап, ғылыммен,
Қанағат беріп, қаптай сал.
Дақ түсірмей жүрекке,
Қараңғы көрге ақтай сал!?
Əулиелі Маңғыстау,
«Əумин!» – десін Пір Бекет.
Өткендерге
Өреуіл,
Кеткендерге салауат,
Таптырмас енді іздесек.
Иманның сөзі жүректе,
Жүректің сөзі – тілге сеп!..
Əруақтар сонда сөйледі:
– Құлыным менің, құлыным!
Қирады ма шыны-күн?!
Қиындысы қол кесіп,
Қиырдан қарап жол кесіп,
Дүбірлі
Жалған қым-қиғаш,
Жатыр ма жаным сор кешіп!?
Қоштасар тұсың – қара жер!..
От басар тұсың – тозақ-ты!
Нұрланар тұсың – жұмақ-ты!
Үмітің болып – таң атты.
Өмірің болып – күн ақты.
Күн болып көктен күлдірді,
Түн болып сосын жылатты.
Айдамай желіп
Аранға,
Ақ киік тағдыр келеді,
Солай да – солай құлатты.
Өзіңнен көр, күнəңді,
Хақ сүйген құл шыдамды.
Сендік пиғыл
Туғызған,
Патшалық құрған жыланды.
Ақ батамды берейін:
Хақтан болсын, кешірім!
Халалдан болсын, өсімің!
Иманның шамы жол бастап,
Жұмақтан болсын, есігің!
Табиғат беріп
Ашуын,
Алла берсін кешірім!
Бабам болып келіп үн қатқан:
Есімнен кетпес есіл үн!..
ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:
Ақылынан  адасқан  адамзаттың  бар  білері – БҰҰ-ның  қаулы, 
қарары еді.Тағы да улап, шулап жиналды. Көрінбейтін ЖЫЛАН-
ДАР ПАТШАЛЫҒЫ ҮШ КҮН БОЙЫ СӨЗ БОЛДЫ. Ақыл таппа-
ды. Бір білсе осы біледі – деп, зынданда жатып, жер-ойыншықпен 
əуре болып отырған ғалымды алып келіп емдеуге, онымен қалай да 
тілдесуге талап жасады. Құдайдың құдіреті мен ғалым жігіттің 
беті  бері  қарады.  Кенет  есі  кірді.  Есі  кірген  бойдан,  БҰҰ-ның 
мінберіне шығып адамзатқа аманат айтқысы келетінін білдірді.
Тыңдамауға болмайтын еді, басқа амал таусылған. Көрінбей қира-
тып бара жатырған Жыландар Патшалығының зауалы – ғалым 

668
669
жігітті БҰҰ-ның мінберіне шығаруға мəжбүрледі. Тағы да жиын!..
Тағы  да  Əлем,  үміт  пен  күдіктің  арасында  құлақ  тосып  отыр-
ды. Ғалым жігіт: «Алладан кешірім сұраңыздар!? ...Əруақтарға 
садақа беріңіздер!?... Ұлттық салт-дəстүр мен дəстүрлі өнерді, 
иман  мен  əдептен  жаңылмаңыздар!?...  Жылан  Патшалығының 
жүрегі мен санасына əсер етіп жəне райынан қайтарып ашуын 
басатын бір-ақ күш бар, оның аты – Алланың ақ нұрынан жара-
лып, жүректің қалыбына құйылып, өмірге келген – дəстүрлі САЗ 
ӨНЕРІ!... Мұны менің құлағыма періштелер сыбырлап тұр!..» – деп 
айтты да, қайта құлап, бақиға аттанды. Аманатына, ғылымға 
адал жан екен, əлемнің көз алдында жан тапсырды.
Ғалым өлді, ойы қалды, орнықты,
Ақ сөз үшін, көрді қанша қорлықты.
Адамзаттың білетіні – зорлық-ты!..
Ғалым өлді, аманат жан жөнелді,
Жаны нұр боп, тəні шөп боп көгерді.
Ғалым өлді – қорғамақ боп заманды!..
Ғылым-Хақтан, сана қайта жаңарды.
– БҰҰ-ның көшбасшылары көп ойланды. Ғалым жігіттің сөз-
дері  көңілдерінен  кетпеді.  Мойындамайын  десе  басқа  жол  жоқ, 
ты ғырыққа  тіреліп  келеді.Содан  саяқ  сауысқандардың  сын-сөзі 
өтті ме, əлемнің ойшыл тұлғалары қайта-қайта жиналып, ақыл -
ға келді. БҰҰ-ның жанынан дəстүрлі САЗ өнеріне негізделген, əлем  дік 
ұлт-аспаптар ОРКЕСТРІ құрылды. Ол: дүниені аралап, адамзат-
ты бейбітшілік пен бірлікке, Иман мен Əдепке шақыр мақ. ХАҚТАН 
КЕШІРІМ сұрап, Халықтарды қанағат пен сүйіспеншілікке үнде-
мек. Адал еңбек пен білімге, теңдікке сүйенбек. Əрбір ұлт Алланың 
алдында бірдей дəрежеге ие екендігін түсіндірмекші. Сұлу бола-
шақтың сырғалы үміті еді, бұл.
СҰЛУҒА МАДАҚ – ЖЫР
Қайран өнер, ұлттық өнер, Тəңірлік!
Сеніменен тірлік тəтті, жаным құт.
Сен қайдасың?..
Сағындық!
Нұрлы сазға, елжіредік, табындық.
Ұлттық өнер – ұлттың жаны, арманы.
Ұлтың өлсе: тірліктің бар не мəні?!..
Нұрыма-нұр қосылсыншы қандағы.
Қия қанат жыр-жүрегім самғады.
Сұлу Əлем!..
Қандай ару, қара жер!
Анау қырат, мынау қолат, анау өр!
Сен Сұлусың!..
Менің асыл мекенім!
Жырлы жұмақ, гүлге толған етегің.
Адам сұлу, он сегіз мың ғалам да,
Жылан-патша өкпеміз жоқ сағанда!
Ашуыңды бас табиғат, кешіргін!?..
Босқа өтіпті, Хақ сыйлығы есіл күн.
Кешір Мені!?..
Сен сұлусың дүние!
Жырым менен салып алдым күйіме!..
Оркестрдің баянды орны, бастау сағасы – АСТАНА қаласы бо -
лып бекіді. АСТАНА ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ өзінің ақ жүрек кеңді-
гімен, осы құрметке лайық деп шешілді. БҰҰ-ның əлемдік өкілетті 
жəне ұлттық өкілдіктер алқасы бұл ұсынысты бірауыздан қол-
дады.  Əрине,  Ақ  жүректік  пен  ақ  пейілділік – өзін-өзі  қадірлей 
бі ле тін  ұлттың  саналы,  сұлу,  мəдениетті  амал-əрекетінің 
жемісі  болсын,  деп  тілейміз!  Оркестрдің  аты: «ОТ-МАН» 
деп  аталатын  болды.  Себебі,  Адамзаттың  бірлік  пен  мəдени 
өмірге, саналы тірлікке аяқ басуы – осы таудан, отты игеруден 
басталған  еді.  ОТ-МАН – Қазақтың  қарашаңырағы  Маңғыстау 
өлкесіндегі  киелі  орын.  ОТ-ҚУАТ  ПЕН  КҮШТІҢ  КӨЗІ.  Оны: 
ИМАН мен Қанағат қана басқаруы тиіс. Ежелгі аңыздар осылай 
сыр  шертеді.  Сөйтіп,  ұлы  сазгерлер  қайта  тіріліп  жұмыр  жер 
мен  көк  аспанды,  адамзатты  үмітпен  семіртті.  Адамзаттың 
жүрегіне  орналасып  алған  жауыздықтан  өздерін  арашалауға 
кірісіп кетті. Əрине, барлық он сегіз мың ғаламның жанды-жан-
сыз жаратылысы – Бір Аллаға тə уелді. Мейірімді Алла бұл жолы 
да  адамзатқа  кешіріммен  қа рап,  Тəубəшіл  құлдарына  мейірімін 
төге  бастағанын  сезген  соң,  жыландар  патшалығының  ашу-

670
671
ызасы да сабасына түсе бастады. Сөйтіп, АСТАНА ҚАЛАСЫ – 
СҰЛУЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМНІҢ ЖАҺАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА АЙ-
НАЛДЫ. ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ БҰЛ АЙТУЛЫ МƏДЕНИ ШАРА 
ЖӨНІНДЕ  ƏЛЕМГЕ  АҚПАРАТ  БЕРУГЕ  БҰҰ-НЫҢ  КЕЗЕКТІ 
ЖИНАЛЫСЫНА АТТАНЫП КЕТТІ. Бір қызығы: Осы ұлы қадам 
Қазақ Елінің Тəуелсіздігіне жиырма бес жыл толуына сайма-сай 
келді. Жан шуақ арманымды, шығармашылық ең бегімді – Тəуелсіз 
Қазақ елінің ұлы мерекесіне шашу қылмақпын!
(СЕРПІН-САЗ)
ТЕЛЕДИДАРДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАБАР:
«От-Ман» – бүкіл əлемдік этно-мəдени фольклорлық ұлт-ас  -
пап тар  оркестрінің  ашылу  салтанаты  өтті.  Бүкіл  Əлем:  АСТАНА 
қаласындағы осы рух тазалығы мен сұлулық патшалғының мере-
кесіне көз тікті. ЖАРАТҚАН ИЕМНІҢ махаббаты мен нұрынан 
жаралған үнін, он сегіз мың ғаламмен үйлесім тапқан ҰЛЫ САЗЫН 
өз құлақтарымен естіді. Күллі Əлем халықтары бақыттан басы 
айналып жылап отырып, теледидардан көріп, тыңдады.Əлемдік 
ұлт-аспаптарының  арасынан  домбыра  мен  қобыздың  үні  ерек-
ше  естіліп  жатты.  Қайран  менің  домбырам  мен  қобызым,үнің 
қандай, үнің балдай, шырын ғой!.. Ендеше, біз де бірге тыңдайық!.. 
ҰЛЫ САЗ – КҮЛЛІ ƏЛЕМДІ АЛЛАНЫҢ ҚҰДІРЕТІМЕН БІР ТАЛ 
ГҮЛДІҢ  ҚАУЫЗЫНА  СЫЙҒЫЗЫП  ЖІБЕРГЕНДЕЙ  ƏСЕРДЕ 
БОЛДЫҚ.
Құлақ түрді,
Сол бір сəтке адамзат!
Астана тұр ақ жүрегін көрсетіп,
Сарыарқа да самалдап.
Он сегіз мың ғалам тылсым күйге енді,
Жүрегінен əн арнап.
Алты құрлық,
Жеті қат көк,
Жер-жаһан,
Болмақ емес маған жат.
Гүл боп кетті,
Саз төгілді, нұрланды,
Бұлбұл алып бара жатыр қырға əнді.
Иман-əдеп,
Сенім менен серт келді,
Бата беріп барлық Əруақ тұрған-ды.
Жасыл орман,
Жасыл желек сыңсыды,
Қанағаттан күллі əлем тыншыды.
Қыран ұшты,
Аққу қонды айдынға,
Сайрап отыр сары таңның шымшығы.
Адам біткен
Досқа айналды күлімдеп,
Бірін-бірі сүйіп жатыр: «Күнім!..» – деп.
Əр жүректің
Құрмет қып ұлтына,
Шырақ жағып періштелер жүр үрлеп.
Жарық күннің
Тəттісін-ай, тəттісін!
Кел, келе ғой, сенші маған ақ құсым!?
Көрсетпейді,
Жауыз да жоқ,
Жау да жоқ,
Тек болғаны ниет құбыла, ақпысың?!
Мынау саздың əсемін-ай,
Əуезін,
Жан бойымды жасартып-ақ барады.
Бойдан дертім,
Ойдан үрей тарады.
Мейіріммен,
Махаббаттан нəр беріп,
Құдай өзі құлдарына қарады.
Дүниені
Сұлу саз бен өрнектеп,
Келе жатыр бақша гүлдеп, жер көктеп.
Өтіп жатыр

672
673
Барлық ұлт пен барлық жан,
Бірін-бірі сүйіп, құшып төрге ептеп.
Барлық адам
Сағыныштан сімірді,
Бейбіт аспан, аппақ тілек бір үлгі.
Бірін-бірі
Бір қуантып қалсам деп,
Адамға адам жүрегін ап жүгірді.
Ойнап жатыр
Бал бұлақтар балаша,
Өмір қандай тамаша еді, тамаша!
Кіп-кішкентай ниет еді
Жетпесі,
Енді, міне, бəрі қалды жараса.
Адамдарға –
Адам қонақ, аз ғана.
Жалғап жатыр жүректерді саз ғана.
Гүлге қонған
Көбелектей шалықтап,
Аруларға ғашық боп тұр, боз бала.
Бəрі сұлу,
Сұлулықтан басқа жоқ,
Жанарларда қайғы да жоқ, жас та жоқ.
Ол да саған тіл қатады:
«Жаным!..» – деп,
Күні кеше бедірейген тас та көк.
Дүниені құшқым келіп барады,
Əлем маған
Əлди айтып қарады.
Ұлы Саз бен
Ұрандасып, серттесіп,
Күллі адамзат бауыр болып тарады.
...Сарыарқаның есіп тұрды самалы.
Шексіз лəззат, жеті қат жер, аспан ƏН!..
Ұлттық саздан қауыз жарды – Астанам!!!
Бұл бір ертегіге бергісіз ғажайып түс еді. Түс..., кəдімгі түс 
көріп ояндым! Əсем сазды тыңдай бергім келіп қайта көз жұмдым. 
Алайда, күйбең тірліктің қамы төсектен еріксіз тұрғызды. Айнала 
сұп-сұр өмір, өзгерген ештеңе де жоқ. Сұңқылдаған сауысқандар 
да  көрінбейді.  Біреу-біреуге  ыза ланып  қарайды.  Тілдесе  қалсаң 
төлей  алмай  жүрген  қарызын  айтады.  Оркестрдің  үні  деп 
жүргенім – Қазақтың əнұраны екен, Шəмшінің əндері екен. Оған 
да шүкір! Адамдар шынайы өмірден гөрі, түс көргенді ұнататын 
болып жүр. Дегенмен, сол түсті жа қында қайта көрдім, əсем саз 
жанымды тербеді.
Тағы көрдім, осы түсті сағындым!
«Мен-Қазақпын!» – Жүзі жарқын, ақ ұлмын!..
Тағы көрдім осы түсті – бір ғажап!
Күллі əлемге құшақ ашып тұр қазақ!
Түсім менің – мың шындыққа айналды!
Туыс болып: Барлық жүрек жайланды.
Тəуелсізбін: Жиырма бесте жасым бар!
Мəңгі бізге қорған болсын, асыл, ЖАР!
Сарыарқаның  сары  самалы  есіп,  оркестрдің  асқақ  үніне  ұла -
сып, сұлулық шаһарына айналған Астананың салтанат сарайын-
да: «Қа зақ халқының Тəуелсіз ел болғанына жиырма бес жыл бол-
ды», – деп, «Тəуелсіздік толғауын» оқып, əлем халықтарын мере-
келік шеруге шақырып жатып ояндым. Өң мен түстің арасындағы 
осы бір салтанатты сəтті кірпік қақпай көре бергім келеді. Қа зақ 
деген  халықтың  ұлы  екендігімді  айта  бергім  келеді.  Бірақ,  түс -
тің де иесі бар. Мен ынтығып, ынтызар болған сайын: ол да көрін -
бей сиреп, мұнарлы мұңға ұласып барады. Жиырма бесте көз қуа -
ны шымызға,  көңіл  жұбанышымызға  айналмаған  Тəуелсіздік,  бізді, 
қашан  қуантады?  Ұран  салып,  Ұлт  болып  бір  қуанайықшы,  аға-
йын!.. Осы күнді аңсап өткен барлық бабалардың құрметі үшін, 
қуанайық!?... Қуана білген елдің бақ-берекесін, ырыс-несібесін Құ-
дай  молынан  қылады.  Қазаққа  Алла  жар  болсын!  Оркестрдің  əсем 
сазының аясында еселеп жыр төгіп, елжіреп шаттанып тұр екен -
мін. Бұл да түсім бе, білмеймін!? Өңім шығар!?... Саз өнері – еш-
бір  тілмашты  талап  етпейтін  адамзатқа  ортақ,  он  сегіз  мың 
ғаламға ортақ, түсіністік пен сырласудың құралы.

674
675
ТƏУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ
(ҚР Тəуелсіздігіне жиырма бес жыл)
Тəуелсіздік Сен құндақта жатқанда, Мен отызға келіп-ем!
Қуанғанбыз құлын қунап, бота боздап желіден.
Қорқыт Атам қобызына ту байлап,
Көтеріп ек Күлтегіннің елінен.
...Дүниені құшақтап бір кеңіп ем.
Алашқа Орда тіккен қырдың белінен.
Қарашығы көзімнің – сүйемін ғой, Сені, Мен!
Жиырма беске келгенсің бе, беу, күнім!?
Астыңызға ат жүйрігін берейін, күміспенен оқалайын 
терлігін.
Бабалардың қайталап көр, ерлігін!
Қылшылдаған қылыш болсаң жарадың, ел біледі, ер құнын.
Жырға айналып жаңғырады Мендік үн!
Жаңғырықтар!..Мəңгі ұлық қар, шың басы.
Ер жеттің ғой, енді мені тыңдашы?!
Тəуелсіздік!..
Сен семсерсің тасқа шауып алмайын,
Кетілмеші, сынбашы!?
Наркескенім – қайғы жұқты, қан жұқты,
Өтті тарих еселеп.
Көз жасымды ішті уақыт кеселеп.
Қаған құрған
Қағанатшыл көкбөрім,
Неше кеттің, неше кеп!?
Саған жетті Үш Арысым-Үш жетім,
Бірін-бірі жетелеп.
Қанша ғасыр жарылды оның маңдайы, табан еті жалбырап,
Саған жету болды арманы жалғыз-ақ.
Хандар көшті,
Жан зар кешті,
Ғасырлардың кешіп жүріп батпағын,
Жол үстінде кеудеден бас қалды ұзақ.
Кенесары кескіленді, Махамбеттер жұлынынан қиылды,
Кескен бастың қызыл қаны, əр қазақтың көзіне кеп    
 
 
 
 
 
 
        құйылды.
Біз содан соң
Бір көруге зар болдық,
Алтай, Нарын,
Маңғыстау,
Қайран Қиғаш, Қиыл менен Иірді.
Іреп сойып салт-дəстүрдің терісін, дарға асты жырым ме-
нен күйімді.
Тəуелсіздік!..
Жиырма бес жас, соның бəрін танып-біліп алар жас.
Жүрегіне жанып-күйіп салар жас.
Ұлт бақытын ойлау менен
Өледі,
Ардан уыз еміп өскен адал бас!
Бар байлығым – Өзіңсің !..
Жетпес , сірə , саған бəс!
...Алға! Алға! Қадам бас!?..
Тəуелсіздік!..
Тал бойыңда арманым бар, үміт пен,
Оянамын күннен бұрын, саған мойын бұрып Мен!!!
Бесігіңе қоңырау тағып
Тербедім,
Шексіз шыдам, қанағатшыл ғұрыппен.
Тəуелсіздік!..
Жатқан болсаң, түрегел!?
Сен сыбансаң, ақ білегін түрер Ел!
Қазақ Сені – көп іздеді,
Көп сүйіп,
Ер жеттің ғой, ел қадірін біле гөр!?
Сенсіз өмір жоқ бізге,
Аттай көрме антыңнан,
Міне, құшақ, міне, Қол!!!
Тəуелсіздік!..Тəуелсіздік-ұлығым!
Жүрегімнің түбіндегі тұнығым.
 Атамекен:
Өте бермек жалғаннан,
Сені жырлап Үш Қиянда бір ұлың.
Тəуелсіздік, мəңгі болсын, ғұмырың!

676
677

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет