ҚАЛНИЯЗ ЖЫРАУДЫҢ КӨШІ
1
Құлаған құздан құлжасың,
Жаһанға сыймай бір басың.
Қан кешіп жүріп толғаған,
Сендей болмақ ұлға сын.
Жараңды ұлып жаладың,
Қайғысын көрдің қараның.
Патшаның көрдің ойранын,
Қан құсып жатты алабың.
Қан-қан да болды терлігің,
Терлігін сүртпей келді ұлың.
Алдынан шығып
Əруақтың,
Жыладым үнсіз мен бүгін.
Ерлерде намыс от барда,
Көш түзелді тоқтар ма?
Дəуірмен қайта қауышты,
Ордалы халық От-Манда!
Алтын-ды күйме жыр көші,
Сөгілмей келген іргесі.
Жұмаққа болды бергісіз,
Маңғыстаудың бір кеші.
Неше бір ұлыс, ұлты жүр.
Тіктелді қайта бір тұғыр.
Қаратауда Қалнияз,
Қарашы көкте бұлты жүр.
Күмбір-күмбір күймелі,
Айтып жатыр күй нені?!
Қобыз сарнап қолтықта,
Жүректі өксік түйреді.
Дегелек ұшты делбеңдеп,
Қаз-үйрек ұшты қалбаңдап.
Шүйілді қыран көктен кеп,
Жапалақ ұшты жалбаңдап.
Жамалы күннің жамырап,
1
Қалнияз – Қалнияз Шопықұлы.
Құм шағылдар аңырап,
Бекеттің Пірлі тауынан,
Келеді құлжа маңырап.
Өз ұлы – енді, өз бағы,
Көрерге керек көз-дағы.
Маңғыстауда Қаройдың,
Желіні иіп боздады.
Кеудесін Ерлер керіп жүр,
Əруақтар самсап еріп жүр.
Көтеріп басын Ер Досан,
Исаға хабар беріп жүр.
Наркескен қылыш сынбаған,
Қалнияз келді Жыр-Бабам!
Неше бір Ердің сойы тұр,
Қылышын қанға сырлаған.
Қаройда қалың қол жатты.
Өреуіл-өткен жол жатты.
Бестөбеден Ер Қосай,
Батасын беріп Ол жатты.
Неше бір сұлу салқам-ай,
Халалдан болған қалқам-ай!
Ел біріксе көңіл шат,
Айтылар əлі əн талай.
Жаудың құтын қашырған,
Бесқаруын асынған,
Анау бір тұстан көрінді,
Атағозы, Ер Лабақ,
Есен-Сүгір, Ер Шабай!
От-Манға келді Қалнияз –
Ол да бақыт білгенге!
Баталы-байрақ іргеңде.
Шүкірлік ет те
Дұға қыл,
Аздырған жау мен тілге ерме?!
Жан жетпейді жақынға.
Салып көр халқым ақылға.
Ер Адай мен,
Пір Бекет,
722
723
Үш жүз алпыс Əулие,
Ерулік берді Ақынға,
Қалнияздай Батырға!
Жақсыға келмес сенгісі,
Жігері қара жер кісі.
«Жақсының ісі жария» –
Елдігіңнің белгісі!
Құтты болсын құрмалың,
Құралып басты бұрғаның.
Құдайдан тілеп Қалнияз –
Жатар да жебеп ұлдарын!..
Күндей шалқып ұл жүрді,
Күңкілдесіп тұл жүрді.
Отпанда жағар отыңа,
Тамызық қылдым бұл жырды!
– Орыс Патшасының отаршылдық саясатына қарсы шыққан
атақты Иса Тіленбайұлы мен Досан Тəжіұлы бастаған халық кө-
те рілісінің көрнекті өкілі, ұлт-азаттық жорығының жаршы сы,
жауынгер ақын, ел қорғаған ер, тарихи тұлға Қалнияз Шо пық-
ұлының ( 1816 – 1902 ) сүйегі Тəжік елінде қалғандығын білетін-
біз. Жауынгер ақынның сүйегін Отпан тауға əкелуді Батырдың
жақын туыс-ұрпағы даланың данагөй ақсақалы Өмірзақ Қалбай
(Марқұм болды) балаларына, азаматтарға аманаттапты. Маған
да бір сөздің ретінде Өмірзақ Қалбай ағамыз бұл мəселені ескерт-
кен... ( Менің денсаулығым да, мүмкіндігім де болмады. Бірақ
шын жүрегіммен тілектес болдым. Себебі, батыр бабаның рухы
елге, соның ішнде Отпанға келсе: жастардың, жалпы халықтың
кеудесіне жорық жырларының шоғы түсіп, намысы лапылдап,
рухы оянады. Қалнияз жыраумен бірге оның жырларындағы ел
қорғаған батыр бабалардың да есімдері, өнегесі мен өр келбе ті
ере келеді. Ол ұлттық рухымызды оятады. Мұндай ұлы баба-
лар дың кесенесі – ұлттық елдігіміз бен ерлігіміздің, серт пен се -
німнің темірқазығы болады. Басына келіп дұға бағыштап, ба ла-
ларымызға баян етіп, жырларын тыңдатып, əртүрлі мəдени ша-
раларды өткізуге, жанды қуат береді. Тірілер үшін керек осын-
дай амалдарға түсінікпен қарап, оны дəріптеп, қолдап отыру
үлкен тəрбиелік қадам мен қағида екенінде аңғару керек. Бүгінгі
Қазақ елінің, киелі Тəуелсіздігін: тарихи тəлім жəне тылсым
мен тіндестірудің де нəтижесі өте зор болмақ. Өмірзақ Қалбай
ағамыз осыны ойлаған болар, көпті көрген адам ғой. Қарақалпақ
еліндегі Қосай Ата қорымы да сол кісінің еңбегі. Мен, əйтеуір, осы-
лай ойлап армандадым. Елін қорғаған ерлердің ешқашан ұмыт бол-
майтынын ұрпаққа көрсетсек қой, шіркін, дедік. Көктен тілеген
қиялға бергісіз осы аманатты, Қалнияз жыраудың ұрпақтары
орындап шықты. Қалнияз жыраудың сүйегі – ұрпағына тəн. Ұр-
па ғынан жақын бола алмаймыз. Ұрпағы – сүйектің иесі. Сүйегін
Отпанға қойды. Қалнияз жырау оған лайық тұлға, ай мүйізін
аспанға жаныған құздың құлжасы, қазақтың – Серкесі! Отпан
тауға батыр бабаның рухы бұрынғыдан асқақ айбын, өміршең өріс
берді. Енді, Отпан тау: ерлік пен ерлікке толы ұлттық рух тың
бесқаруымен жарақтанды. Қазақстан, Ұлы Қазақ халқы – осындай
асқақ рух пен армандардан, бірліктен рухани күш-қуат алатын бо-
лады. Қалнияз жыраудың кесенесінің жанына ақынның жырына
арқау болған батырлар мен жорықтардың мүсін-бейнелерін жа-
сап, қазіргісінен де күрделендіріп, əрлендіріп, тəлімгер-тарихтың
өшпес мəдени мұраларын жасау керек. Ал, Қалнияз жыраудың
ерлі гі мен жыры – халықтікі. Қалнияз жыраудың ұрпақтары ама-
нат қа қиянат жасамады. Қ. Шопықұлының сүйегін Отпан тауға
əкеліп жерледі. Марқұм, Өмірзақ Қалбайұлының да ұрпақтарына
рухы риза болған болар. Тұтас ел болып қаһарман ақын Қалнияз
жыраудың сүйегін, рухын, алдынан шығып, Бейнеу, Шетпе елді
мекендерінен күтіп алып, Отпан тауға бірге жерлестік. Бұл бір зор
бақыт, қуанышты сəт болды. Ел-елдігін көрсетті. Ұрпақтарына
осы ерлігі үшін, өнегесі үшін шексіз алғыс айтамыз! Бізге бұдан
артық қандай қуаныш керек. Себебі: Ақын, Қалнияз жырау бар-
ша қазаққа ортақ – тарихи Тұлға! Қалнияз жыраудың рухы
елге келісімен-ақ Республикалық дəрежеде əдеби, мəдени, тари-
хи танымдық тұрғыдан жедел шаралар легі өткізіліп, ғылыми,
ақпараттық айналымға түсе бастады. Осының өзі – жасалған
шаруаның жанды да, оң көрінісі. Ұлттың рухын ояту үшін керек
амал мен əрекет, тарихи ұрандарға ұштасқаны дұрыс. Қалнияз
қайта тірілді!
724
725
БОЗДАҒАН АРУАНАМЫЗ БІЗДЕР ДЕГЕН
(Қазақ даласын қан кешіп жүріп қорғаған
Ұлы Бабалардың рухына )
Құмаршық, құмбетеге, құралайгүл,
Жан қалқам жан жарамды сұрамай жүр.
Қайыпқа əн салдырған біздің Адай,
«Аһ» ұрып ат жалынан құламай жүр.
Оймауыт ойдым-ойдым, атжал қырым,
Қаратау хан-салтанат жатқан жырым.
Пыр-пырлап алқаракөк көлден кетті
Күйдірме шалғай қонып ақтан күнім.
Мен байғұс ақтан күйген ебелекпін,
Көз жасын көп жасырған көбелек күн.
Тобылғы, ырғай бұта ырымшыл ел
Ой матау, ойсылқара бөгелек түн.
Маталып қалың ойға шырғалданып,
Қайғымды қаймана көп жүр малданып.
Бас бөрік, қолы сынса жең ішінде
Сын айтып үндемейді сырғал халық.
Аспа шам, ай көрік түн барқадарым!
Көркіңе көзім тоймай шалқаладым.
Бабамнан қалған мұра Маңғыстау – деп,
Түбекті түгел құшып жарсаламын.
Көзайым көк пенен жер құлпырады.
Жұмақпен бұл өлкенің бір тұрағы.
Маңырап айыр тұяқ ақ табан жол,
Ақжолтай сүйіншілеп ұмтылады.
Ойламай олжа тауып қалта қамын,
Тыңдадым ұлттың мұңын, зар талабын.
Көрінген көкаттыға шашу шашып,
Жауды да жалғызымдай арқаладым.
Сеніммен ар-иманды құндақ қылған,
Бағзыдан бал-бал таспын жырлап тұрған.
Бəрібір бір омыртқам артық менің
Бойымды қол созамын ырғап шыңнан.
Дұға қыл, қолыңды жай молда құмға,
Айдай боп он төртінші толғаныңда.
Жатпайды үш жүз алпыс Əулие кеп,
Жер жайсыз, Ел киесіз болғанында.
Қаратау атасы күн, анасы құз,
Шынымен нұр-тектіміз шамасы біз.
Тін тартқан сіңір созып тарамыстан
Шыдаммен, қанағаттың баласымыз.
Бара ма адастырып із бағыттан?
Атады бар қызығын қызғанып таң.
Қырғиға өз жемсауын жарып беріп,
Сайрайды біздің торғай мырзалықтан.
Қайтемін шет шешімін, жат кесімін,
Нарқым сол – нартаулардың нақ төсімін.
Отпан тау!..Адай ата-Қарашаңырақ,
Алаштың тербетіп тұр ақ бесігін.
Толғатып Пір Бекетті тапқан елміз,
Мың шырақ мұнараға таққан елміз!
Ұлықтап Алты Алаштың ар-намысын
Адаймыз!..Ұранотты жаққан елміз!
Құшақтап ен Қазақты от жүрекпен,
Көңілге көк көгершін жетті көктен.
Ардамыз!..Алаңсызбыз!..Жаным жайсаң,
Жау келсе жалаң қылыш кескілескен.
Көкбөрім көкке ұлып сілкінеді,
От құшақ Отпан таудан жыр түледі.
726
727
Киесі Алты Алаштың – Адай Ата,
Қазақтың қайысқанда бір тірегі.
Қашанда ел бірлігі ырыс басы,
Отпан тау, ордалы жұрт ұлыс басы.
Мысалы: Алты алаш – алтын жүзік,
Жүзіктің Адай Ата – күміс қасы.
Туыспын тура сөйлеп келгендерге.
Ақ сөйлеп, адал жүріп сенгендерге.
Мен оған жүрегімді жастық қылам
Бауырын төсеп жүрсе ел мен жерге.
Ұл қандай, ұяң басқан қызың қандай,
Қызғалдақ қызға айналып сызылғандай.
Мастанып Маңғыстауға қарай берем,
Түнемел қымыз ішіп қызынғандай.
Еселеп епіршігін бал шұбаттың,
Үзіктен жұлдыз болып тамшылап түн.
Телміріп темірқазық көктен қарап,
Қойкөз оқ қорғасындай балқымақпын.
Отпан тұр талшын талдай көктен күліп,
От жағып ошақ сайлап кеткен біліп.
Қорқыт күй, қобыз ішек сарнама жел
Тағдыры біздің елдің неткен қызық.
Құм шағыл, түлкі бөрік, бөкен жарғақ,
Жанымды жанған отқа жетем жалдап.
Бір көрмей Маңғыстауды өмір сүру,
Ес білген ен Қазаққа бекер болмақ.
Қалнияз, Қашағанмын
1
жырмын бөтен!
(Болады енді саған кіммін десем?..)
1
Қалнияз, Қашаған – Маңғыстаудан шыққан қалың қазақтың қаһарман
ұлдары, дүлдүл ақындар.
Жарысып көкмойнағы құландармен,
Дүркіреп бара жатыр дүлдүл мекен.
Көшкен бұлт, ескен самал, жасын жігер,
(..Бұлттансам бұл бір сырын жасырды – дер.)
Басыма мұнаралар шырақ жаққан,
Айбергенов
1
айтқандай бəсімді бер.
Мен болсаң, Мен де онда Сенмін аға!
Антқа-ант, сертке семсер бергін аға!
Күзеткен қарашаңырақ, ұлы ошақты,
Қазақтың нағыз ұлы Менмін аға!
Мінеки, төгіп салдық ақтан жыр ғып,
Үнімді сай сімірді, шатқал қылғып.
Алаштың бір баласы Адаймыз – деп,
Есімін Ер Бабаның мақтан қылдық!
Əке ме!? – Хақтан үкім, жарлық дара!
Ұмытпа əке атын қалғып бала!
Ұлт қылған ұран салып мына бізді,
Жасасын барлық ата, барлық баба!
Өзің біл Маңғыстауды қалай ата,
Ақ шейіт, жатыр, əне, талай ата!
Ақ Бекет, сан сахаба, мың əулие,
Отпанда жер иесі – Адай Ата!
Тіз-көген тізеліктен шідерлеген,
Жанымды жарау едім жыр емдеген.
Есімін Ер Адайдың тауға апардық,
Ақ киіз,Теке-Жəуміт кілемменен.
Көшпедім əн сандықтап, теңдемей жыр,
Бұл күнде кім қайысып «Ел» – демей жүр.
Қарайды қайып тігіп ақ көйлегін,
Тік жаға, жібек шапан, желбегей қыр.
1
Айбергенов – ақын, Т. Айбергенов.
728
729
Тұрады қыдыр дарып, ырыс қарап!
Кең орда керегелі тыныс ғажап.
Алтын құм, жез жебелі, боз көделі,
Ақбоз үй, жез босаға, күміс шабақ.
Тылсым қыр, төрткүл төбе дөдегелі,
Құдайдың қолы қандай шебер еді.
Асынып бес қаруын біздің шалдар
Сар желіп, сағым кешіп жөнеледі.
Сай қолат, қайнар бұлақ неткен желек.
Тамағын су сұрайды бөктер кенеп.
Қойтасы, құлпы тасы құран жастап,
Тілейді Хақтан қайыр, көктен көмек.
Жан сырын жақпар тасқа берген келіп,
Ақ бұйда Асан қайғы желмен желіп.
Тарихтың шындығынан тату үшін,
Кетіпті жүз милеттен керуен келіп
Көңілім күннен жарық кірлемейді,
Туған жоқ тура биде тіл не дейді.
Астында Қаратаудың қалың тарих,
Келемін Ман-Атадан
1
бірге дейді.
Салулы үй, салқам төре сарай деген,
Хан-халық қақпасына қарай берем.
Тарихқа күйме жегіп келіп тұрмын,
Қазаққа өз шындығын қалай берем!?
Жатады бастау алып іздер менен,
Із кессе табысармыз сіздерменен.
Нəр алған боз жусанның тамырынан,
Боздаған Аруанамыз біздер деген.
1
Ман-Ата – Маңғыстауда Маната атты жер атауы бар.
КӨРІСЕЙІК, ҚҰШАҚ АШ!
Халық-дана!..
Сосын бір топ надан бар.
Не десеңде кері тартып табандар.
Есімдерге күйе жағып құлатқан,
Ессіздердің көмейінде бар аңғар.
Алашымның көп талаған дарасын,
Ай, қу надан!..
Тағы кімді қабасың?..
Арамдайды сүтке тиген мысықтай,
Аспан менен қара жердің арасын.
Отпан тауға
Амал келді, ақ келді!
Туыс-тума, алыс-жақын, жат келді.
Итке сүйек,
Адамдарға жыр шашу,
Жүгіріңдер «Бірлік» атты бақ келді!
Ұрпағыма,
Ұл-қызыма аманат!
Ерлер менен құрдық жүріп қағанат.
Намыс түгел,
Арым биік, тілек ақ,
Іні тірек, болды тəлім, аға –хат!
Əрбір таңнан іздеп өттік жаңа бақ,
Əр Қазақты сүйіп өттік бағалап.
Періштемен пейілім бір,
Жүзім нұр,
Ей, надандар ұнамадық саған-ақ!
Ту сыртымнан
Оқтап жүрсің мылтықты,
Алдымнан кел, адал ат!?..
Саған қандай кінəміз бар білмедім,
Санаңызға алған шайтан балалап.
Отпанға кел,
Көрісейік, құшақ аш,
Кетсейші бір пейіліңді жаңалап!?
730
731
АЙНАСЫ СЫНҒАН КӨҢІЛМІН
«Қол кісенсіз байлаулы,
Іш қазандай қайнайды».
«Көкмойнақтың үйірі» – халық жыры
Орыстың Ақ Патшасы да қара қазақты аямағаны тарихтан
белгілі. Қазақты қанжап қылып қырған кешегі Қызыл Үкіметтің
(Кеңес Империясының) қансонар əрекеті де қалың елді тоз-
тоз қылды. Көмусіз қалған көп мұңдық пен ашусыз қалған көп
шындықтың құлыбы бар да, кілті жоқ. Есесі кеткен халықпыз,
ендігі күніміздің не болмағы бір Құдайға аян... Зар заманның зар-
пынан жат жерде сүйектері қалса да, ақ тілектерін Атамекенге
жалғап кеткен əруақтарға, шет елдерде жүрген бүгінгі қандас
бауырларымызға арнаймын.
Автор
Жал-жал да құмдар, жал құмдар,
Жан бабамды-ай алдыңдар.
Жанын бір көзге көрсетіп,
Жаныштап көрге салдыңдар.
Жау семірді-ай зəріне,
Əзəзіл мінді кəріне.
Уəзипа,уəжіп, ұлағат
Əдіра қалды бəріде.
Таусылып ердің амалы,
Тар жолдың көші қаралы.
Жетім де күшік жер бауыр
Жылымшы қаннан жалады.
Түлік те безіп төлден кіл,
Төбеңді ойып төнген жыл.
Атасы қасқыр бөлтірік
Айға бір ұлып өлген жыл.
Сайға да тұлып толған жыл,
Сайланып құзғын қонған жыл.
Көмусіз қалған көп сүйек
Қорқытқа қобыз болған жыл.
Аяуда білмес неткен жын,
Аяғы келген көктен кім?!..
Аруана шайнап ботасын
Көрт үлек күлге шөккен күн.
Ақ болып басты оң жақты.
Қызыл боп басты сол жақты.
Ақ Патшаны да аударып
Тек жатқан бізді сорлатты.
Орыс та ойлап тапты ма?!
Жөйітке, əлде, жақты ма!?
Ажалдың ашты қақпасын
Тапсыздар
1
менен таптыға.
Тасыған теңіз күшіндей,
Ел жұтылды-ай бүтіндей.
Патшалы байтақ орыстың
Өзі де жатты түсінбей.
Байлар да өлді жансыздан,
Кедей бір өлді малсыздан.
Ұтылып жатты күллі əлем
Имансыз бенен арсыздан.
Адалдан нəсіп ас қалды,
Адамға адам қастан-ды.
Қызыл ту ұстап өршіген
Қып-қызыл жалын басталды.
Ту алған жанда тұрыс жоқ,
Өзінен басқа дұрыс жоқ.
Жетпіс жыл илеп санамды
Қатып бір қалдым құрыш боп.
1
Тап – Үстем тап жəне бұқара халық деген мағынада.
732
733
Етектен басып елірді.
Төріңнен қазып көріңді.
Тамырдан шауып талмады
Бір тұтам болған өмірді.
(Табытшыл тажал ойқастап,
Көзі бар жанға көрінді.)
Бітпеген зарлы əн сынды,
Болмаған атып таң сынды.
Тағдырдан солай зауал боп
Қабаққа біздің қан сіңді.
(Тақсірет тақта тəмсіл-ді.)
Келімсек құлдың əнтегін,
Келеке қылды нар тегін.
Құранға қолы жетпеді
Халифа, хакім, халфенің.
Жөн айтып қылар қайда наз,
Жөнелді көпті айдап аз.
Үкімет қызыл қолы қан
Қолсүрткі болды жайнамаз.
Тебініп тексіз тулаған,
Ақ ішіп, жүзін жумаған.
Мешітке келіп сарыды
«Кеңесшіл» кербез қу надан.
Бұғынып бұлттан шың қашты,
Сырлы аяқтан сын қашты.
Бəлшевик деген зұлматтан
Адам да түгіл жын қашты.
Иман да-шарттан жаңылды,
Зымыстан заңға таңылды.
..Сұлтандар мініп жүр əлі,
Суға бір кеткен салымды.
Құлаштап салып шынжырды,
Құлдардың жайын жыр қылды.
Теріп те атып текесін,
Алаштың белін сындырды.
Түрі де қашқан түзді көр,
Көрінген жанға үздігер.
Айдамай түскен аранға,
Ақбөкен көрсең, бізді көр.
Кеудемді самал жел үксін,
Шідерді шешер келіп кім!?
Көзінде қанша тарих бар,
Талауға түскен еліктің.
Таң менен тұрып таластым,
Жан бермеу үшін жанастым.
Көтеріп басын сүйер кім,
Ақбөкен тағдыр-Алаштың!?
Үкімет келді қызылдан,
Тағдыр да солай сызылған.
Жеті ағайын жұт жалмап,
Халық бір сеңдей бұзылған.
Жан болмады-ау жаласыз,
Жапанда өлді панасыз.
Тігерге сайғақ табылмай,
Сан əулет қалды қарасыз.
Үрейден бітті тасқа түк,
Үйелмен жұрт та бас қатып.
Мал менен жанын бір алды,
Қасқаның елін қақсатып.
Қара да нардың белінде,
Қаралы жұрттың елінде.
734
735
Өлімге болмас салтанат,
Момынға жау көп тегінде.
Жұтылды қазақ жоқтыққа,
Жарылар маңдай соқтықса.
Сағана там мен көк күмбез,
Бейбіт те күн мен тоқтықта.
Қазулы тұрған ор-жыра,
Қазаққа қамсыз толды ма?!
Өз малының да сүйегін
Жасырып жеген сорлыға.
Қайда бір қалды хан орда,
Күлтелі күміс сан орда.
Ала да басқұр, терме ши,
Жегені жая, бал орда.
Кемерінен де көп астау,
Төрт түлік жайлап төл астау.
Көз жасын сығып ол қалды,
Қима да құдық, көк астау.
Күмбір де күмбір елім жоқ,
Күрең ат мінген бегім жоқ.
Аққудай келіп тізіліп
Ақ бата алар келін жоқ.
Жұлдыз да ағып, ай қалып,
Соғады самал жай налып.
Абыздар берген ақ бата
Ақ бұлтқа кеткен айналып.
Адал да сезім, шын ғашық,
Ерінген еркем бір басып.
Ашулы қалған жез сандық,
Шашулы төр, сырлы асық.
Торғай да ұшып күнімен,
Ұзатқан қыздың жүгінен.
Қиылған ішек домбыра
Қыл сағақтың да түбінен.
Боз үйді көрсең құлақ түр!
Боз қасқа айтып жылап тұр.
Табаға салып қуырып,
Хақтан да келді сынақ бір.
Көруге мұны жүрек бер,
Кебінсіз аппақ тілектер.
Лағыл да маржан, құбылтас,
Білезік киген білектер.
Азасыз қалған пақыр жан,
Дұға да қыл деп шақырған.
Орама күміс ақ білек
Бұлғайды қолын тақырдан.
Кең жайлаған-ай кермелі,
Керегемді-ай шер жеді.
Жұлынған бұрым, жұққан қан,
Ата бір жаудың ермегі.
Тектіні теуіп кем қылды,
Тезекке басын тең қылды.
Ханзада туар қатынның,
Құрсағын құртқа жем қылды.
Құлады нарлар бүктеліп,
Тұрмады қайта тіктеліп.
Үптеп жатты-ау қазақты
Үй бас сайын-ай жұт келіп.
Кəуірдің демі басады,
Қаулаған қамыс жасағы.
736
737
Əдеп те ғұрып, салт-дəстүр
Иманнан шұлғау жасады.
Тамырсыз тастан көгердік,
Тарихты теріс өлең ғып.
Құдайсыз өңкей «Көсемге»
Құдайдай көріп көп ердік.
Кешірер дағы Тəңірім,
Күнəсын жас пен кəрінің.
Адасып өскен бейбақтан
Жол сұрай берме, жарығым.
Жаны да сірі неткен ел,
Жарылып өлген кектен ел.
Сүйретіп ішек-бауырын
Қайта айналып жеткен ел.
Жат жайлаған да жерім-ау!
Көрдің бе сонда мені жау?!
Күшіктеген-ай ит-құсқа
Қалжа бір болған елім-ау!
Босаға қалды бор құмда,
Кереге қалды кер құмда.
Көшкен де елді қарсақ жеп,
Таландың итке сен мұнда.
Буынып өстім, бұлқындым,
Бұғауда жүріп жұлқындым.
Қазақты қазақ жат көрсе,
Кімі бар басқа жұртымның!?
(Қашанда елге құлқы жау,
Қанағатсыз да құлқынның...)
Ордалы сарай тақ қалған,
Дорбашыл билер сатқаннан.
Көкпарға түскен серкедей
Біздің де халық тапталған.
Жəннаттан болсын базары,
Нұрдан да болсын ажары.
Жанбабам құтқа балаған
Жаудан да келген қазаны.
Бір Аллаға-ай жеткендер,
Жазықсыз жапа шеккендер.
Ата бір қоныс бұйырмай,
Айдауда жүріп кеткендер.
Естілер ғасыр, жылдан зар,
Иесін күткен бір дəм бар.
Атажұрттың-ай киесін
Аманат-дұға қылғандар.
Тілеуі ердің кесілген,
Жетім бір жылап жесірмен.
Табанның қанын тас ұрттап,
Етегі желмен есілген.
Үйірді бастар ала жоқ,
Бұданда асқан нала жоқ.
Құзғынсыз сай мен сала жоқ.
Ауғанда елде ес бар ма,
Бесігі бар да, – бала жоқ
(Баланы іздер шама жоқ).
Есепсіз қара түн болған,
Көзіңді ашсаң мін болған.
Ел тербейтін де бесікті
Жел тербейтін-ай күн болған.
Кеткендей суға серменді,
Шеміршек бойлап шер келді.
738
739
Шайырлар жоқтап тұншықты
Шайхы-пір, шаһбаз ерлерді.
Атанның белі сынған жыл,
Қазақты қанжап қырған жыл.
Сауысқан саяқ жол бастап,
Адасып өліп тынған жыл.
(Ажалсыз қалды мыңнан бір.)
Ақ сүтін сауып жылады,
Ақтан бір күйіп құлады.
Періште тектес есіл ел
Пейіштен шығар тұрағы.
Заманы құрғыр құйындай,
Базарға түскен бұйымдай.
Бөліп алды-ау ит пен құс
Өлгенге мола бұйырмай.
Он екі мүше бөлінді,
Ол жайлы ұрпақ не білді?!
Сүйегін термей атаның
Сүйісіп жат пен тебінді.
Қаралап қайтем бəріңді,
Халалдар қайда тəлімді?!
Желкеңнен қылыш кеткен жоқ,
Жүрсің бе біліп əліңді?!
Ажалға Алаш асылып,
Аяққа түсті бас ұрып.
Əр жусанның-ай түбінде
Қазақ бір жатты шашылып.
Көңілде қара тас қалды.
Тас ішінде-ай жас қалды.
Шірітіп шіркей көзін жеп,
Кеуде бір лас, бас қалды.
Еріккен жауға доп болды,
Есесі қайтпас оқ болды.
Еңіреген қыз, келінге
Ежелгі дұшпан тоқ болды.
Жаңылды халық сөзінен,
Жау шыққан соң-ай өзінен.
Шолақ та иттер көп үрді
Ерлерді тізіп көзінен.
Жанкешті ерлер намысты,
Жан беріп жүріп табысты.
Қазақтың отын сөндірмей,
Кісен мен жүріп алысты.
Ерлер ғой көрген қиянат,
Кеудеге қайғы ұялап.
Зияпат зият көңілмен,
Қылып жүр қалқам зиярат.
Ұмытып ұлдар ұранды,
Содан соң құлдар құралды.
Кəнизак қыздың беліндей,
Еріксіз заман бұралды.
Қолым бір жетпей бой талды,
Содырлар салды сойқанды.
Сазы да бөлек, би өзге,
Ордалы сарай ойқанды.
Сайланған ерді сан алды,
Сары да жебе қадалды.
Ақ қағазға-ай мөрленген
Жарлықтар жалмап жан алды.
Болсын деп ізде ұл аман,
Жақ ашпай ерлер сұлаған.
740
741
Құлынға беріп ық жағын
Құлагер шалдар құлаған.
«Бірі де – шекер, бірі бал,
Біздерден басқа кімі бар?..»
Атадан туған ұл болсаң,
Алаштың зарын біліп ал.
Ызалы жерді басқан жоқ,
Ындыннан пейіл асқан жоқ.
Қақпағын қанды шындықтың
Біздің де ұрпақ ашқан жоқ.
Боздаған самал жыр қылмақ,
Боз жусан түбі бір-бір жат.
Құлагер шалдар құлаған,
Құрдымнан шындық шыңғырмақ.
Қара да қалай ақ болмақ,
Ақты да жүрер Хақ қолдап!
Ашылмаған-ай шындықтың
Үстінде қалай бақ болмақ!?
«Төбемнен бұлт боп өт» деп тұр,
«Жырыңды, балам төк» деп тұр.
Сүйегі суса шалдардың
Тілегі гүл боп көктеп тұр.
Гүл қауызы-ай бал-шырын,
Жаралған нұрдан тамшымын.
Қызғалдақ тектес Қазақпын
Қауызға біткен бар шыным.
Қызғалдақ тағдыр гүл едім,
Гүлден де нəзік жүрегім.
Үркердей ғана ұлт едік,
Нəр алған күннен бүр едім.
Жаным да жара, сол денем,
Табанын тіліп сор жеген.
Алыстан толғап лақтырған
Келемін жүріп торменен.
Көрмеген елдің көрі жоқ,
Шықпаған жаудың өрі жоқ.
Бостандық деген ауылдың
Төбесі барда, төрі жоқ.
Таусылған, əлде шарамын.
Азалы перне, қара мұң.
Босаға бойлап шаршадым,
Жаттың да бағып қабағын.
Өткен бір тарих – өлім кіл,
Етегі қан-қан кегім жүр.
Толғап та жұтқан кер жылан
Кереге бойлап неғып жүр?..
(Есің бір барда шегін, жүр!)
Тектім де қалмай тірімнен,
Тілімнен қармақ ілінген.
Қызылда жаға қыл бұрау
Қанымды судай сімірген.
Кетпейді сосын жырдан зар,
Зар түбінде-ай зындан бар.
Жете алмаған ел-жұртқа
Қазақтың зарын тыңдаңдар.
Неше бір боздақ тыс қалған,
Неше бір ғұмыр қысқарған.
Жылы сөз күтіп жүр қазақ
Сөйткенде Қазақ-Станнан!..
Ата бір шыңға құс қонған,
Атаның жолын ұстанған.
742
743
Атылған маған оқ көрдім
Жаныммен сүйген ...Станнан.
Аумасын бастан азат күн,
Азды да қылмас мазақ кім?!
Қан жүрегі-ай мен едім
Қарға да тамыр қазақтың!
Туғанды туған ұнатар,
Ту сыртыңнан да құл атар.
«Қалған да көңіл – шыққан жан»,
Кім келіп жанды жұбатар?!
Өртенген өрттей өңірмін,
Өзектен теуіп неге ұрдың?!
Жүрекке түскен сызаттан
Айнасы сынған көңілмін.
Өлке де кенже, өмір кеш,
Өрт шалған байғұс шегінбес.
Айнасы сынған көңілден
Заманың түзу көрінбес.
Түзелер түмен сауығың,
Оралар сосын дəуірің.
«Битке өкпелеп тон жағып»,
Еліңнен безбе, бауырым!
Жаттағы қоныс жазым-ды.
Кім тыңдайды-ай сазыңды,
Ақтан күйіп «аһ» ұрып,
Сүйегің болар қазынды.
(Ту тіккен елің болмаса,
Айтар ең кімге назыңды.)
Сөзден де маржан терейін,
Сүйген де елге не дейін?!...
Атажұрт туған ел барда,
Жат жерде үстем мерейің!..
Ағарса көңіл кір болмас,
Күнінде пенде кім болмас?!
Ту көтерген де ағайын,
Ата бір жұртта мін болмас.
Келмеген жан жоқ, кетпеген,
Ботадай боздап шеттеген.
Үмбеті үшін, Дін үшін –
Пайғамбар кеткен Меккеден.
Мəдинаға да барған-ды,
Пайғамбар жаққан шам қалды.
Жаныңмен сүйіп құшақта,
Жаралы жүрек жандарды.
(Айдаса зауал жөнелмек
Алтын да мөрлі Хандарды.)
Кеткенді тілдеп зілденбе,
Келгенді түртіп іргеңде.
Басының қайда қаларын,
Пендесі құрғыр білген бе?!
Басылмас жанның арманы
Тістеулі кетсе бармағы.
Қара да жердің бетінде
Қара бір дауыл өтінде
Талайлар талып зарлады.
Құдайдың пенде қаңбағы.
Қай жерде қашан белгісіз –
Кеудеден жанды алмағы.
Бəрімізде-ай босқынбыз,
Адам бір Ата-Һауана –
Жұмақтан шығып қалғалы.
(Аллаға шүкір етпесе –
Құлдың да қапас жан-жағы.)
744
745
Жығылып жылап, жұт көрген,
Айырып құдай құт белден.
Шет елде жүріп елсіреп,
Қаралы хаттай бүктелген.
Қайғың бір ортақ қаның бір,
Ата бір дұшпан бағып жүр.
Қаны да бірге қазақтың,
Жолына шырақ жағып жүр.
Дауыл бір соқса қос қалмас,
Аңдыған жауың бос қалмас.
Ел басына да күн туса,
Қазақтан басқа дос қалмас.
Кеткен де жанда арман бар,
Сағыныш болып жанғандар.
Жан беріп жүріп ар сақтап –
Қазақ боп мəңгі қалғандар.
Қазаққа ортақ мына жер,
Құдайым қолдап тұра гөр!
Аңсап бір келген туысқа,
Ағайын мойын бұра гөр?!
Қаншама тарих – қан дерек,
Ұйқысыз қанша таң керек.
Үргедек елдің көңілін
Үмітпен баптар жан керек.
Наданға жолың шалықса,
Басыңды сүйрер табытқа.
Елінің басын қосатын,
Ер керек біздің халыққа!
Жақсылар елге асық-ты,
Жаманның сөзі сасық-ты.
Алашқа көсем қыла гөр,
Аллаға іңкар ғашықты!
Ұлтсыз да болса ұл жаман,
Ұятсыз болса-ай тұл ғалам.
Өлшеусіз өртпен ойнап жүр,
Бөксесі қызған бұл заман.
Əр дəуірге де бір сынақ,
Əуреге салар шымшылап.
Заманның төсін жалайды,
Зауалдың иті қыңсылап.
Достарыңызбен бөлісу: |