Екінші болма


ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПTAP TІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет32/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   127
ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПTAP TІЗІМІ
•Роб  Фитцпатрик.  «Спроси  маму.  Как  общаться  с  клиентами  и
подтвердить правоту своей бизнес-идеи, если все кругом врут?».
•Даниел Канеман. «Думай медленно... Решай быстро».
•Регина  Бретт.  «Будь  чудом.  50  уроков,  которые  по  могут  тебе
сделать невозможное».
IV ТАРАУ
ЖЕҢІСКЕ БАРАР ЖОЛДАҒЫ БАРЬЕРЛЕР (КЕДЕРГІЛЕР)
ҚАБІЛЕТТІ
АНЫҚТАУ:
ЖОҚТЫ
ҚУАЛАМАЙ,
БАРДЫ
ДАМЫТУ
Ауылда  өстік  қой.  Малды  өрістен  күтіп  алу,  жем-шөбін  дайындау
қалыпты  шаруа  болатын.  Сиыр  жоғалғанда  оны  іздеуге  шығамыз.  Темір
жол бар. Темір жолдан өткеннен кейін жол екіге айырылады. Оңға кетесің
бе, солға кетесің бе деген таңдау болады. Сиырдың қайда екенін білмейсің,
елу де елу. Сонда өзіміз ойлап тапқан GPS жүйесі болатын. Екі қолыңмен
екі қасыңды жұласың. Қай қолыңда көп шықса, сол жаққа қарай жүресің.
Сол сияқты, Құдай да бізді жаратқанда əрқайсымызға GPS берген. Оның
аты  —  қабілет.  Ұйымдастырушылық  қабілет,  жинақылық  пен
ұқыптылық,  бір  жұмысты  соңына  дейін  жеткізетін  қайсарлық,  кейбір
адамдар  техникаға,  детальдарға  құмар,  кейбірі  сөзге  шебер,  кейбірі
математикаға  жүйрік.  Кейбір  адамдарда  талғам  бар.  Олардың  дизайнға
икемі болады жəне онысы киген киімінен-ақ белгілі.
Осы  дүниелер  адамның  болашағын  анықтайды.  Оның  əн  салатыны
мен  би  билейтіні  емес.  Мысалы,  Стив  Джобc
23
компьютер  данышпаны


емес.  Есесіне  талғамы  өте  жоғары  адам  болды.  Соның  арқасында  ІT
саласындағы  аңызға  айналған  компанияны  құрды.  Оның  өнімдерін  талғам
ерекшелеп  тұратын.  IPhone,  IPod,  IPad,  IMac  –  Apple-дің  кез  келген  өнімі
əлі күнге эстетикалық тартымды дүниелер. Немесе Тиньковты
24
алып қара.
Ол  табиғатынан  эпатажға  жақын  болған.  Жəне  барлық  бизнесінде  сол
эпатаждығы оның фишкасына айналды.
Бір  қызығы,  бізде  кішкентай  кезiмiзден  математикамыз  бес,
ағылшынымыз  үш  болса,  ағылшымызды  дамытуға  күш  салатынбыз.  Джи
Ди  Мейер
25
 «Аджайл  для  себя:  система  личных  достижений  в  работе  и
жизни»  (Geting  Results  the  Agile  Way:  A  Personal  Results  System  for  Work
and  Life)  деген  кітабында  адамның  дамуына  септесетін  он  бағдар  береді,
соның  бірі  «Артықшылықтар  кемшіліктерден  маңызды»  дейді.  Өз
тəжірибем  бойынша  да  солай,  жеңіске  жеткен  адамдар,  өзінің  мықты
қырын дамытқандар. Бұл – заңдылық.
Мысалы, біздің компанияда маркетинг менің қолайыма жағады. Елдің
алдында  сөйлеу  маған  ыңғайлы.  Ұйымдастыру  оңай.  Бірақ  қаржылық
операциялар,  детальдарға  кіру  –  өте  қиын.  Ертеректегі  ата-аналардың
логикасына  салатын  болсақ,  қазір  мен  маркетингтік  икемділікті  шегеріп,
финансқа,  бухгалтерияға  көңіл  бөлуім  керек.  Алайда  ол  менен  өте  үлкен
күшті талап етеді жəне нəтижесі де жақсы болмауы мүмкін. Сондықтан бұл
жұмыстармен өзімнің бауырым Дархан Шонбай айналысады.
Оның  қолынан  келеді,  табиғатынан  детальдарға  сақ.  Мен  сыртқы
келбетін қараймын, ол астарына үңіледі. Біз маркетинг дəуірінде өмір сүріп
жатырмыз.  Қазір  өнімнің  өзі  ғана  емес,  оны  қандай  қорапқа  орап  беріп,
жеткізіп отырғаның да бірдей маңызды.
Қысқасы, өзіңнің мүмкіндіктеріңді есепте. Қай ісің үшін əдетте мақтау
естисің?  Қай  істі  өзгелерден  жақсы  істейсің?  Артықшылығың  неде?
Мүмкін кеңседе қатардағы қызметкерсің, бірақ талантты аспаз шығарсың?
Демек,  аспаз  болсаң,  жеңіске  жылдамырақ  жетесің.  Жаратушы  ешкімді  де
құр қол қалдырмаған. Əр адамға өзінше қабілет пен талант берген. Біреудің
бауырсағы  дəмді  біреу  жақсы  сөйлейді,  біреу  жақсы  жазады.  Басқаша
айтқанда,  не  нəрсеге  икеміңнің  барын  білу  саналы  түрде  өзіңді
скринингтен өткізу маңызды.
QAZAQSTAN  ұлттық  телеарнасында  өткен  «Үміткер»  реалити-
шоуында  Данияр  Тоқтағұл  деген  қатысушы  болды.  Шымкенттің  жігіті.
Шоу  барысында  дарыны  мен  қабілетінің  арқасында  талай  адамдарды
жарыс барысында құтқарып, жартылай финалға дейін жетті. Біз оны «Rumi


Group»-қа  жұмысқа  алдық,  бəлкім,  өзі  күтпеген  қабілеті  үшін.  Себебі,  ол
жобаға  мейрамхана  бизнесін  меңгеру  үшін  келген  жəне  шоуға  дейін
Шымкентте  пиццерияда  пиццар  болып  жұмыс  істеген.  Ал  біз  Даниярды
жақсы сурет сала алатыны үшін жəне де интерьерге деген қызығушылығы
үшін  алдық.  Қазір,  ол  біздің  жоба  менеджеріміз.  Енді  сұрақ:  «Шымкентте
бір  жігіттің  сурет  салу  қабілеті  мен  интерьерге  қызығушылығы  сұраныс
бойынша нешінші орында болуы мүмкін?». Меніңше он алтыншы орында
болар.  Ал  егер,  сұраныс  одан  да  жоғары  болса,  осындай  қабілетпен  ол
Шымкентте  пиццерияда  жұмыс  істемес  еді  ғой.  Оның  бұл  қабілеті  екі
айдың  ішінде  пайда  болған  жоқ,  Даниярдың  бойында  бұл  қабілет  бұған
дейін  бар  еді.  Алайда,  ол  қабілет  бағаланбаған.  Саған  жеткізейін  деп
отырғаным да осы. Адам өз бойындағы қабілеттерін толығымен қолданып,
оны карьераға немесе бизнеске қолдана алуы керек.
Сыртқы  көріністі  емес,  ішкі  көрінісімізді  ойлауымыз  керек.
Кішкентайымнан тез сөйлейтінім бар, оған көндік, мойындадық. Оған қоса,
«көп сөйлейсің» деп те айтатын. Халық арасында бұндайларды «мылжың»
дейді. Енді, ақыры көп сөйлейді екенсің, табиғатында бар нəрсе болғаннан
соң,  сөздің  көлемін  өзгерте  алмасам  да,  сапасын  өзгертуге  бел  будым.
Сапалы,  мағыналы  көп  сөйлесең,  онда  «шешен»  дейді.  Шешенмен
мылжыңның  арасындағы  кішігірім  айырмашылық  –  сөйлеген  сөздің
сапасында  болып  тұр.  Сондықтан  сапаға  көңіл  бөлуді  жөн  көрдім.  Кейде
бойымыздағы бар қасиетті кемшілік емес, артықшылык деп түсінсек, оның
бізге  тигізер  пайдасы  көп  болады.  Минусты  плюске  айналдырудың  бір
керемет жағы осы болар.
Қабілетіңіздің
басқалардан
өзгеше
болғанын
кемшілік
деп
қабылдамаңыз.


Өкініштісі,  қазіргі  таңда  адамдар  қолынан  келетін  істі  анықтап,
одан  лəззат  алып,  жақсы  нəтиже  көрсетуді  алға  қоймайды.  Оны  мына
суреттегі  «Жастарды,  сонымен  бірге  ауыл  жастарын  жұмысқа
орналастыру  мен  жұмыспен  қамтылуға  бағытталған  іс-шаралардың
барысы  туралы»  анықтамалықта  көрсетілген  2017  жылы  өткізілген
əлеуметтік
сауалнаманың
нəтижесінен
көруге
болады.
Тіптен,
кейбіреулері  жеңіске  алып  баратын  өз  ісіңе  деген  сүйіспеншілігің  емес,
басқа факторлар деп ойлайды екен.
Керісінше  бір  түрлі,  өзгеше  болудан  қорықпаңыз.  Ғалымжан
Молданазар  алғаш  таныла  бастағанда,  адамдардың  көбі  оны  қабылдаған
жоқ,  «ыңылдап  қалған»  өлең  айтады  деп  сынады  да,  ал  қазір
Молданазардың  концертінде  адам  лық  толы,  жаңа  бейнебаяндары  мен
əндерін де тағатсыздана күтеді. Молданазар бір түрлі, басқалардан ерекше
болуға  қорықпаған.  Димаш  Құдайбергенов  те  өз  қабілетін  анықтай  алған
ерекше  адамдардың  қатарында.  Димаштың  бір  сайысқа  қатысқаны  туралы
ютубта  жүрген  видеоны  көрген  шығарсың.  «Даусың  қыздікі  сияқты»,


«Соншама шыңғыра бермеші» деген талай сынға ұшыраған Димаш, Қытай
елін  бір  бағындырды,  одан  соң  бүкіл  əлемді  дүр  сілкіндірді.  Ол  да
басқаларға ұқсамайды.
Белгілі  психолог  Каплан  былай  жазады:  «Соңғы  отыз  жылда  тұлға
дамуын  зерттеп,  мынадай  қорытындыға  келдім:  адамдардың  үміті  мен
ұмтылысына жетуінің кілті жеңіске жету емес, одан гөрі ішкі потенциалды
ашу мен пайдалануға күш салуда. Бұл жолды таңдаған соң жеңіс туралы өз
түсінігіңіз
қалыптасады,
басқалардың
жетегінде
кетпейсіз,
қоғам
стереотиптерінің  қамауында  қалмайсыз.  Көпшілік  үшін  бұл  –  ауыр  сынақ.
Өйткені
өзіңізді
танып,
түсініп,
сыртқы
факторлардың
көбінен
абстракциялануға тура келеді. Адам бұл сатыдан өтсе, бейне бір қорғаныш
қабыршағына
ие
болғандай
болады.
Бұл
адамды
басқалардың
менсінбеушілігі мен болымсыз əңгімесінен қорғайды». Демек, бəрі де ішкі
потенциалға  тіреліп  тұр.  Соны  анықтап  алмай,  бір  жүйеге  де  келе
алмайсың. Менің байқауымша, өмірде, қоғамда жеңіске əкелетін бес негізгі
фактор  бар  дейді.  Олар:  сұлулық,  байлық,  таныс,  дарын  (талант),  білім.
Бірінші төрт фактор адамға байланысты емес. Сұлу болып туады, бай ата-
ананы, дарынды, мықты таныстарды біз сұрап алмаймыз. Біреуде ол бар, ал
біреуде жоқ. Ал бесінші фактор – білім, бұл өз қолымызда.
Адам дүниеге келгенде, «барлығын жасай аламын» деген ойда болады.
Мен  де  кезінде  футбол  командасының  жаттықтырушысы  бола  аламын,
мұғалім  бола  аламын,  кəсіпкер  бола  аламын  деп  ойлайтынмын.  Бірақ,
уақыт  өте  келе  «шынымен,  қайсысы  менің  қолымнан  келеді?»  деп
ойланасың, сөйтіп, істей алатын ісің 50%-ға азаяды.
Одан  соң,  осының  ішінен  «қайсысы  шын  мəнісінде  маған  ұнайды»
деген  сұрақ  қоясың.  «Ақша  таба  аламын  ба,  таба  алмаймын  ба?»  деген
сұрақ  туындайды.  Мұғалім  болғым  келді,  болып  көрдім,  бірақ  əрі  қарай
жұмыс  жасаудан  бас  тарттым.  Себебі,  60  000  теңге  айлықпен  күн  көру
мүмкін емес екенін сен де білесің.


Айтайын дегенім, өзіне ұнайтын, қолынан келетін іспен айналысатын,
ол үшін жақсы ақша табатын адамға мотивация керек емес. Ал егер «Маған
мотивация керек» деп айтсаң, демек, дұрыс нəрсе жасап жүрген жоқсың.
Егер  саған  ол  ісің  ұнамаса,  мотивация  алсаң  да,  алмасаң  да,  істеген
ісіңнен лəззат алмайсың жəне қалағаныңша ақша таппайсың.
Майерс-Бриггс  типологиясы  бойынша  ситуациядағы  ориентир  жасау
шкаласы  Sensing/Сезіну  мен  Intuition/Интуиция  (SI):  біріншілер  өздері
сезіп,  білген  дүниелерден  əлем  туралы  ақпарат  жинайды:  тəжірибеге,
фактілер  мен  детальдарға  сүйенеді.  Екіншілер  теориялар,  схемалар  мен
əсерлерге, болашақ мүмкіндіктерге көбірек мəн береді. Шешім қабылдауға
негіз  Thinking/Oйлану  мен  Feeling/Сезіну  (TF):  біріншілер  логика  мен
объективтілікке көбірек мəн береді, екіншілер сезімге сүйенеді.
Шешімді  қабылдау  əдісі  жағынан  Judging/Пайымдау  мен  Perseption/
Қабылдау  (JP):  біріншілер  өз  пікірі  жөнінде  салмақты  да  берік,  екіншілер
иілгіш,  жұмсақтау,  бейімделгіш  келеді.  Осы  төртеудің  əр  түрлі
комбинациясынан адам мінезінің сипаттамасы шығады.
ESTJ  –  реалист,  администратор,  ENT  –  командир,  кəсіпкер,  ISTJ  –
организатор,  инспектор,  ESEJ  –  оқытушы,  тəрбиеші,  энтузиаст,  ENTP  –
өнертапқыш, армандаушы, іздеуші, т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет