Екінші болма


ƏЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СЕН: AВАТАРКАҒА ТОЙДA ТҮСКЕН



Pdf көрінісі
бет72/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ƏЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СЕН: AВАТАРКАҒА ТОЙДA ТҮСКЕН
СУРЕТ ҚОЮДЫҢ ҚACIPETI
Əлеуметтік
желідегі
парақшаларыма
дос
болуға
ұсыныс
жіберетіндердің  аватаркасындағы  суреттеріне  қатты  мəн  беремін.
Тойда  жүрген,  үйдің  кіреберісінде  немесе  гараждың  фонында  суретке
түскен адамдардың достығын қабылдамаймын. Себебі, аватаркасындағы
суретін  дұрыс  қоя  алмаған  адам,  əлі  күнге  дейін  өзін  таба  алмай,  сата
алмай  жүрген  адам  –  деген  сөз.  Ал  егер  достық  ұсынысын  қабылдасам,
маған  ол  адам  қызық  болуы  керек,  парақшасында  жазатын,  бөлісетін
мəліметтері
көз
тарту
керек.
Оқыған
кітаптарымен,
алған
тəжірибесімен,
мамандығының
қыр-сырымен
бөлісетін
адам
қызығушылық тудырады. Мен ғана емес, көптеген компаниялар да адамды
қызметке қабылдамас бұрын, əлеуметтік желіге қарап оның қандай екенін
анықтайды.
Қазіргі  таңда  əлеуметтік  желінің  адам  өмірінде,  қоғамда  алып  жатқан
орны үлкен. Үйден шықпай, əлеуметтік желі арқылы пайдалы пост жазып,
əдемі сурет салып, миллиондап ақша табатын адамдарды білемін. Ал біздің
көбіміз  əлеуметтік  желіні  уақыт  өлтіру  үшін  пайдаланамыз.  Досымыз  не
істеп  отыр  екен,  кім  қандай  киім  сатып  алды,  қайда  барды,  тағы  да  сол
сияқты.  Бірақ,  бізге  бұдан  еш  пайда  жоқ.  Ал  ақылды  адамдар,  əлеуметтік
желіні ақша табу құралы ретінде пайдаланады.
«Неге əлеуметтік желіден шықпайсың?», – деп маған сұрақ қоятындар
көп.  Егер  əлеуметтік  желі  мен  Internet  болмаса,  кəсібім  бұндай  деңгейге
жетпейтін  еді.  Сондықтан  да  жеке  брендингке  қолайлы  құралдың
заңдарымен бөлісуді жөн көрдім.
Біріншіден,  əлеуметтік  желінің  этикасын  сақта.  Əлеуметтік  парақша
сенің  кім  екеніңді  білдіреді.  Онда  негатив  шашып,  боқтық  сөз  жазып,
өзгелерді сынап отыратын адамдар өмірде де сондай екенін ғана көрсетеді.
Өкінішке  қарай,  көпшілік  бұл  біреуді  жəбірлеуге  болатын  орын,  мен
бұл жерде жазаланбаймын деп қабылдайды.
Танымайтын адамдармен сөз таластырып жатады. Шындығында, оның
бəрі  сіздің  имиджіңізге  жұмыс  істейді.  Мұндай  этикет  сақтай  алмайтын
адам,  парақшасын  бірден  өшіріп  тастағаны  пайдалырақ.  Сол  сияқты,  бір


адаммен  жұмыс  істесең,  оның  бизнесі  туралы  негативті  пікірлерге  «лайк»
баспауға  тырыс,  оның  бəсекелестерін  мақтаудан  тартын.  Бұл  əдетте
адамның жүйкесіне тиеді.
Екіншіден,  қызықты  бол.  Онлайн  əлем  ақпарат  тұтынушы  мен
өндіруші деген екі топқа бөлінеді. Сен жай ғана тұтынушы болуды қанағат
тұтпа.  Джунглиде  не  сен  жейсің,  не  сені  жейді.  Əлеуметтік  желіде  не  сен
оқисың,  не  сені  оқиды.  Өзгелер  қызығатын  контент  ұсын.  Көп  оқы,
саяхатта,  блогерлерден  фишкаларын  үйрен.  Парақшаң  өзгелердің  постын
бөлісу  үшін  ғана  керек  пе?  Парақшаң  сенің  бет-бейнеңе  айналуы  керек.
Оған қараған адам:
«Бұл  не  деген  қызық,  əзілқой,  білімді  азамат,  мен  оған  жазылып
қояйыншы» – деп ойлауы керек.
Үшіншіден, жиі пост жариялап тұр. Оқырман базасын қалыптастырып
алғаннан кейін, тіпті қалыптастыру барысында, жоғалып кетуге болмайды.
«Көзден  кетсе,  көңілден  кетеді»  деген  ұғым  əлеуметтік  желіге  де
байланысты.  Тұрақты  түрде  пост  жазу  үшін  аптасына  бір  немесе  екі  рет,
қолың босаса күн сайын белгілі бір уақытты белгіле. «Сəрсенбі түске дейін
бір пост жазамын» деген сияқты бұлжымайтын ережең болсын.
Төртіншіден, өз бағытыңды анықта. Өзіңнің тақырыбың болсын жəне
ол  тартымды  жеткізілетін  болсын.  Сауатсыздық,  сапасыз  фотографиялар,
өзгелерді  қайталау  сияқты  дүниелер  –  əлеуметтік  желінің  жауы.  Максим
Рожин  мен  Өркен  Кенжебек  фотографияға  қызығады,  соның  арқасында
олардың  посттары  тартымды.  Əлішер  Елікбаев  жаңа  кроссовкасы  туралы
жазса  да,  адам  қызығып  оқитындай  етіп  жаза  алады.  Саяхат  туралы
жазатындар бар. Рецепт жазатындар бар. Кино талдайтындар бар. Трендтегі
тақырыптарды  жазып  отыруға  болады.  Болмаса,  мен  сияқты  өз  бизнесіңді
таныстыр.  Əйтеуір,  сені  айтқанда  бірден  адамның  есіне  түсетін  фишкаң
болуы керек.
Бесіншіден,  пікір  жазуды,  like  басуды  ұмытпа.  Қанша  ғажайып  адам
болсаң да, өзгелер де сенен like күтетіні есте болсын. Пікір жазу, жай ғана
тамсаныс,  болмаса,  өзіңнің  альтернатив  пікіріңді  ұсыну  –  адамға  өзіңнің
бар  екеніңді  еске  салып  отырудың  бір  жолы.  Өзіңе  керек  адамдарға  пікір
жазған  сайын,  оларға  өзіңді  ұмытуға  жол  бермейсің.  «Мен  мұндамын!»
деген  хабарлама  бұл.  Соның  арқасында,  жаңа  таныстарың  (ескілері  де)
сізбен күнде көрісіп жүргендей, жақын досындай қабылдап кетеді.
Осылай  жалғастыра  беруге  болады.  Əлеуметтік  желі  біздің  қазіргі
шындығымызға айналды. Сондықтан жаңа заманда жеңіс туралы айтқанда,
оффлайн  ғана  емес,  онлайн  брендинг  пен  құралдар  туралы  ұмытуға
болмайды. Бұл тақырыпқа арналған кітаптар да соңғы жылдары жаңбырдан


кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті.
Қызықсаң,  тереңірек  ізденуге  мүмкіндік  толып  жатыр.  Менің  айтқым
келетіні,  əлеуметтік  желі  –  өзіңді  жұлдызды  блогерге  айналдырып,
бизнесіңді өрге домалатуға септігін тигізетін бірден-бір пайдалы құрал.
Қазір «Жарнаманы қалай жасаймын?» деген адамға «əлеуметтік желіге
бар!» деймін. Ол – телевизиядан да, газет-журналдан да қауқарлы құрал, ең
бастысы,  ешкім  сізден  ақша  сұрамайды.  Алысқа  бармай-ақ,  «Rumi»  –
Internet  арқылы  танымал  болған  мейрамхана.  Əлеуметтік  желілер  арқылы
жарнама  жасадық,  бейнемізді  қалыптастырдық,  тұтынушыны  тартып,
қоржынымызды  байыттық  (жəне  соның  бəрі  тегін!).  Тіпті,  ең  қиын
кездерде  де,  бізді  осы  Internet-тегі  коммуникациялық  мүмкіндіктеріміз
құтқарады . Бұл бəлкім, бет-бейнесі бар жалғыз мейрамхана шығар əзірге.
Мəзірге  WhatsApp  нөмірімді  жазып,  кез  келген  қонаққа  байланыс  үшін
ашық  екенімнің  өзі  көп  адамдардың  көңілін  аударды.  Ал  əлеуметтік
желілерде  тұрақты  түрде  қонақтарымызбен  байланысқа  шығып  отыруым
көп дүниені жеңілдетті.
Мысалы,  қайбір  жылы  «Rumi»-дің  төңірегінде  үлкен  скандал  (дау-
дамай)  болды.  Қонақтардың  бірі  палаудан  тырнақ  шықты  деп  жариялады,
ол  əлеуметтік  желілерді  кезіп  кетті.  Бізде  мынадай  таңдау  болды:
ғайбаттады  деп  сотқа  беру  немесе  қонағымызбен  сөйлесіп,  бəрін  бейбіт
түрде  шешу.  Соңғысын  таңдадық.  Ол  азаматты  «Rumi»-ге  шақырып,
асханамызға шағын экскурсия жасадық.
Сөйтіп,  сақтанатын  қауіпсіздік  пен  тазалық  шаралары  жағдайында
тырнақтың  тамаққа  түсуі  мүмкін  емесін  көрсеттік.  Бұдан  кейін  асханадан
тікелей  трансляциялар  жасау  мүмкіндігін  қарастырып  жатырмыз.  Мен
осының  бəрін  тəптіштеп  пост  жаздым  жəне  қарапайым  адамдардың,
қонақтарымыздың  қолдауына  таңғалдым  жəне  риза  болдым.  «Өздеріңе
сенімді  болсаңдар,  сотқа  беріңдер.  Бұл  сендерді  көре  алмайтындардың
əдейі
жасап
жүргені.
Репутацияны
қорғау
керек»

деді
бір
ақылшыларымыз.  Бірақ  Facebook  пен  Instagram-ға  қарағанда,  сотқа
шағымданудың  қажеті  жоқ  екенін  түсіндім.  Репутациямыз  орнында  екен.
Біздің  постымызды  бөліскендердің  ішінде  «Егер  тырнақ  палаудың  ішінде
піскен  болса  (кейін  түсіп  кетпей),  өзімнің  1  000  000  теңгемді  берем»,  –
деген  жігіт  бар  екен.  Сол  оқиғадан  кейін  адамдардың  саны  да  арта  түсті.
Сонда мен онлайн байланыстың қаншалықты маңызды екенін кезекті мəрте
түсіндім.


Осы  QR-кодты  сканерлеп,  «Versus»  академиясы  өткізген  «Қазақша
SMM Əлеуметтік желінің күшін сезін» тренингінің видео нұсқасын сатып
алсаңыз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет