«тəрбие көрмеген» дегенге келеді. Сондықтан көргенсіз болып көрінуден
сақтан.
Ешқашан да адам сыйластық танытқандыгынан кем болып
қалмайды. Тек осы сыйластық арқылы, «сіз бен біз» деп, басқа адамның
көңіліне жол таба аламыз.
Бұның нəтижесінде адамды, тұтынушыны болсын, өзіңе қаратып
аласың.
Қол астымда жұмыс істейтін алты жүз
адамның барлығына да сіз деп
сөйлеймін. Үлкені болсын, кішісі болсын, бұл – этикет. Себебі,
қызметкерлерімді сыйлаймын.
Соншама кітап жазып, бір кішкентай «Сізге»
тоқталғаның не деп
ойлауың мүмкін. Бірақ, тағы да қайталаймын, өмірімізде осындай
қарапайым жəне кішігірім детальдар шын мəнісінде үлкен рөл атқарады.
Бірде маған бір адам «сен» дей берді.
Шыдамай кетіп, «Сіз» деп
сөйлегеніңіз жөн болар» десем, «Ағылшын тілінде «сен» мен «сіздің»
айырмашылығы жоқ», – дейді. Айналайын-ау, біз Қазақстанда тұрамыз,
қазақша сөйлесеміз ғой. Ал мұнда «Сіз» бен «сен» – екі бөлек дүниелер.
Достарыңызбен бөлісу: