БƏРІМІЗ ДЕ САУДАГЕРМІЗ Сауда дегеніміз – біреудің қажеттілігін шешу. Өмірде де барлығымыз саудагерміз, себебі, өзімізді сатамыз: ақшаға, жақсы көңіл күйге, қарым- қатынасқа. Əрқайсымыз біреудің қажеттілігін өтеумен айналысамыз. Бұл дегенім, бір компанияға заңгер керек болды делік, өзіңнің қызметіңді ұсындың. Заңгер болып жұмысқа орналасып, олардың қажеттіліктерін өтеудесің, туындаған мəселелерін шешіп бердің. Маған: «Сіздің компанияда жұмыс істегім келеді. Тегін жұмыс жасауға
да дайынмын», – деп жазатын студенттер өте көп. Олардан:
«Компаниямның қандай қажеттілігін өтеп бере аласыз?», – деп сұраймын.
Көбі бұл сұраққа жауап бере алмай қалады.
Біреудің проблемасын шешіп беретін жағдайда ғана, құнды боласың.
Адамдар бір-бірін біреуіне екіншісінен бірдеңе керек болған кезде ғана
іздей бастайды ғой. Досыңа оны түсінетін адам керек болған соң сені
іздейді, ол да – сауда. Қыздар жақсы визажист маман іздейді, ал ол
мамандардың қазір түр-түрі бар, олар өздерін əлеуметтік желіде
жарнамалап жарысады, ол да – сауда.
Барлығымыз саудагерміз, сондықтан да өзімізді сата білуіміз керек.
Жақсы жар, нағыз маман, адал дос ретінде…