Екінші болма



Pdf көрінісі
бет79/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   127
Керек  байланыстар.  Күнделікті  кездейсоқ  байланыстардан  бөлек,
бізге өте керек байланыстар болады. Оларды сəтін салар деп, қол қусырып
күте беруге болмайды. Өзің іздеп, табуың керек.
Жалпы,  бəрін  білемін  деп  санайтын  адамдардан  қорқақтаймын.
Əсіресе  бұл  пікірім,  білімді  жеткізуші  адамдарға  қатысты.  Маған  дүниеде
ешқандай  жеңіске  жетпеген  адамдардын  ақылын  тыңдаған  ауыр.  Бірде-бір
компанияны аяғынан тұрғызбаған, бірде-бір жобаны іске асырмаған, бірде-
бір жеңіске жетпеген. Əрине, мұндай қатынас теріс болып көрінуі мүмкін.
Алайда  менің  философиям  –  тұрақты  түрде  өсу,  өзгеру,  оқу,  үйрену.  Бірақ
қайдан,  кімнен  үйренесің?  Өзіңнен  артық,  өзіңнен  білімді,  өзіңнен  гөрі
елеулі жеңіске жеткен адамдардан үйрену керек.
Кейт  Феррацци
51
 «Никогда  не  ешьте  и  одиночку  и  другие  правила
нетворкийга»  деген  кітабында  керек  байланыстар  мақсатқа  жетелейтін  ең
жақын жол екенін айтады. Яғни, мақсат қойғанда, оған жетуге көмектесетін
адамдардың  тізімі  бірге  жүреді.  Бірақ  бұл,  сен  іс  бастайтын  кезде,  не
жұмыс  іздегенде  ғана  адамдарды  іздеуің  керек  деген  сөз  емес.  Керек
адамдарды күн сайын іздейсің.
Бір жылдары бастаған ісімде береке жоқтай күйде жүрдім. Жұмыс бар,
ақша  да  бар  сияқты.  Бірақ  бірдеңе  жетіспейді.  Қанатымды  кеңге  жая
алмаймын.  Бір  күні  ұйықтап  жатсам,  əкем  оятады.  «Тұршы,  Қуаныш,
теледидарға  қарашы,  Бауыржан  Оспанов  сөйлеп  жатыр»,  –  дейді.  Бұл,
«ЖерСу»  корпорациясының  президенті,  белгілі  кəсіпкер  Бауыржан
Оспановтың  теледидардан  түспей,  медиатұлға  болып  тұрған  кезі.
«Жастарға,  көмектесем,  талантты  жастармен  жұмыс  істегім  келеді»  –  деп
сұхбат беріп жатыр екен. Əкемнің көмектескісі келгені ғой. Егер сол сəтте
Оспановқа шығатын мүмкіндігім болса, міндетті түрде оның алдына барар
едім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет