құрметтейтін таныстар шеңбері кеңейе береді. Қартайған шағында,
«Осыншама адамның жеңістері туралы қайдан білдіңіз?» дегенде
«Олардың не істеп жатқанын білсем бұйырмасын» деп жауап беріпті. Ол
жай ғана, əр адам күн сайын, апта сайын бір кішкентай жеңіске жететінін
білетін. Жеделхатты алған адам, автоматты түрде өзінің соны жеңісімен
байланыстыратын болған.
Қарап
отырсаң, бұл бизнесменнің жұмысы бастан асып жатыр.
Отбасы, достары, қызметкерлері бар, бəрінің алдында жауапкершілігі мен
міндеттері бар. Соған қарамастан ол алыс таныстарын іздеп, түгендеп
отырады. Себебі, жеңістің бір құпиясын біледі. Ол «Əлсіз байланыстардың
ықпалы» деп аталады.
«Əлсіз байланыстардың» ықпалы. Тұлғааралық қарым-қатынастарды
сипатына қарай мысалы, жиілігі мен ұзақтығы) «мықты» жəне «əлсіз»
байланыстар деп бөледі. Өте əлсіз байланыстар да бар, ол – бас изесіп өте
беретін адамдардың байланысы.
«Мықты» байланыстар –
отбасың, ең жақын достарың делік. «Əлсіз»
байланыстар университетте бірге оқыған, оқу олимпиадасына бірге
қатысқан, дебат клубына бірге барған немесе досыңның туған күнінде
танысқан адамдар. Америкалық социолог Марк Гранноверт
50
«Сила слабых
связей» (The Strength of Weak Ties) деген мақаласында осы əлсіз
байланыстарға кеңінен тоқталады.
Жүргізген зерттеуінің негізінде, адамның карьерасына оның «мықты»
байланыстарынан гөрі, «əлсіз» байланыстары көбірек ықпал ететінін
айтады. Еңбек жолында адамның өрлеуі осы байланыстар арқылы жүреді.
Демек сенің бұрынғы əріптесің, танысың жеңісіңе отбасыңнан гөрі көбірек
септеседі. Себебі, ең жақын адамдарда бар ақпарат сенде де болатыны
сөзсіз. Олар тура сен жүрген орталарда жүреді. Сенімен бірге жұмыс
істейді,
тура сол тойларға, жиындар мен отырыстарға барады. Олар саған
беймəлім не нəрсе білуі мүмкін? Ал «əлсіз» байланыстағы адамдардың
əлемі, оларда бар ақпарат саған жаңалық болуы мүмкін. Сондықтан да
жұмыс, ақпарат, идея іздеуге келгенде, «əлсіз» байланыстар ылғи да
«мықты» байланыстардың алдын орайды.
Гранноверт бір жақсы жаңалық айтады, əлсіз байланыстарды
əлеуметтік желі арқылы ұстап тұруға болады,
ол аз десең, мұндай
байланыстарды əлеуметтік желі арқылы да орната аласың. Өйткені оның
негізгі принципі визуализация. Көз алдында көлбеңдеп жүрсең, сені күнде
тілдесіп жүргендей жақындық сезеді. Ал ең жақын адамдардыңмен,
достарыңмен, туыстарыңмен əлеуметтік желі арқылы байланыс ұстау
жеткіліксіз ғой?
Жоғарыда айтқан социолог Марк Грановеттер 1974 жылы өзінің
«Жұмысқа тұру» (Getting a Job) деген кітабын жазу үшін сауалнама
жүргізеді. Нəтиже қандай дейсіз? Сұралғандардың 56 пайызы жұмысты
таныстары арқылы тапқан, 18,8 пайызы хабарландыру арқылы, 20
пайызы
жұмыс берушілерге тікелей шыққан. Жұмысты таныстар арқылы
тапқандардың 16,7 пайызы бұл танысымен жиі» (жақсы дос ретінде)
кездесіп тұратынын айтыпты. 55,6 пайызы «ара-тұра» жəне 28 пайызы өте
сирек көрісіп тұрады екен. Демек, адамдар көбінде жұмысқа жақын
достары емес, қатардағы таныстары арқылы орналасады екен. Ойланып
көрсең, бұл заңды да.
Стамбұлда «Starbucks»-тың директоры маған шоколад бизнесін
бастайтын кезде көп көмектесті. Ылғи ұшаққа мінгенде жанымда отырған
көршіммен сөйлесуге тырысамын жəне шындығына келгенде, сондай
таныстықтардың өте үлкен жобалар мен жақын достыққа ұласқан кезі өте
көп. Немесе таксиге отырғанда да сондай. Таксистердің бəрі
жақсы
адамдар болып кездеседі. Саған елдегі жаңалықтарды, халықтың
жағдайын, жақсы мейрамханаларды, дұрыс қонақ үйлерді көрсетіп беретін
де солар.
«Rumi»-дің – «Rumi» болып тұрғаны, біраз деңгейде палаушыға
байланысты болса, сол палаушыны Ташкенттен тауып берген де – таксист.
Ең жақсы палаушының шəкірттері бізге жұмысқа келді.
Лондонда таксист, тіпті, Қайрат Нұртасты тыңдайтын болып шықты.
Бакуге бірінші рет барғанда Uber-дің партнері Анар үш күн бойы
жанымызда жүрді. Елдің мəдениеті мен асханасын таныстырды, жаңа
мейрамханамызға жақсы мамандар табуға септесті. Саяхаттағанды жақсы
көрем, бірақ жүз пайыз жоспарламаймын.
Солайша жаңа адамдармен
танысып, өзім ойламаған жерлерге баруға уақыт қалдырамын. Өмірдің
берерін алуға дайын болсаң ғана аласың. Бұл жəне өзіңнің ниетіне
байланысты. О бастан жақсылық күтсең, жақсылық болады. Құдай бізге біз
күткеннен, біз қалағаннан да көп нəрсе дайындап тұрғанын өмірдің өзі
көрсетіп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: