Екінші болма



Pdf көрінісі
бет78/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   127
Байланыстардың сапасы. Байланыстардың саны көп болғаны жақсы.
Бірақ оның сапасы одан гөрі маңызды.
Өкінішке  қарай,  бізде  көп  адамдар  нетворкингтің  күшін  дұрыс
бағаламайды. Тек жұмыс барысында, өзіне қажет кезде іздей бастайды. Ал
Джелаледдин  Румиді  тыңдасақ,  адаммен  ол  жай  ғана  адам  болған  соң  да
араласу керек.
«Керек  кезде  ғана  іздейді  екен»  деген  ойдағы  адам  саған  жақсылық
жасап жарытпайды.
Сьюзан Роан айтады: «Сіздің не білетініңіз маңызды емес, сіздің кімді
білетініңіз де маңызды емес. Сізді кімнің білетіні маңызды». Таныс-тамыр
деген қазақ ойлап тапқан нəрсе емес. Бүкіл дүние жүзі сол жүйемен жұмыс
істейді.
Мүмкін,  басқаша  атайды.  Таныстықтың  бекуіне  септесетін  бірнеше
техника бар.
Оның  біріншісі,  таныстықты  бекіту.  Сен  бір  жиында  жақсы  адаммен


таныстың  делік.  Нөмірлеріңді  алмастыңдар,  сосын  ұмытып  кеттіңдер.
Келесіде,  шаруа  барысында  сол  адамға  өтініш  айтқың  келсе,  телефон
тұтқасын көтере алмайсың, өйткені танысқаннан кейін жайына қалдырдың.
Кейт  Феррацци  жоғарыдағы  кітабында  танысқан  адамға  ертесіне
хабарласып,  өзің  туралы  есіне  салу  жайында  айтады.  Қандай  да  бір  сұрақ
қоюға  болады  немесе  қызықты  ақпаратпен  бөліс,  жай  ғана  халін  сұра.
Əйтеуір, өзің туралы ақпараттың оның миында бекуіне əсер еттің.
Екіншіден,  нетворкингтің  алтын  ережесі,  таныстарды  іздеп  тұру.  Иə,
уақыт жоқ. Бəрінде бəріне уақыт жетпейді. Бірақ табысты адамдардың бір
əдеті,  ол  да  Трейсидің  кітабында  айтылып  кеткен,  жан-жағындағы
адамдарды  түгендеп  отыру.  Таныстардың  халін  сұрап  тұру.  Біздің
менталитетте,  əсіресе,  үлкенге  сəлем  беріп  тұру  міндеті  саналады.  Ағалар
өздерін  іздеп  тұратын  інілерді  жақсы  көреді.  Бірақ  інілер  де  өзін  іздеген
ағаларды  жаман  көрмейтінін  ұмытпайық.  Үлкенге  де,  кішіге  де  өзің
хабарласып  отыратын  адам  болсаң,  адамдардың  жаңалықтарын  біліп
отырасың
жəне
қажет
кезде
бір-бірімен
жалғап,
əлеуметтік
байланыстардың орталығында боласың.
Өзіңе  қандай  да  бір  қызмет,  тауар,  не  ақпарат  керек  кезде  кімге
қоңырау шалсам деп те қиналмайсың.
Қандай  кеңес  бере  алам?  Күніне  бес  қоңырау  жасауды  əдетке
айналдыру.  Телефонындағы  «Контактілер»  деген  бөлімшені  ашта,  күніне
бес қоңырау жаса. Ешқандай себепсіз, ешқандай есепсіз. Ертесіне тағы да
бес  қоңырау.  Солайша,  таныстарыңның  шеңберін  арттырып  қана
қоймайсың,  оның  сапасын  да  арттырасың.  Ал  өзгелерге  хабарласу,
күнделікті шаруаның бөлігіне айналады.
Көп  адаммен  байланыста  болудың  артықшылығын  əлеуметтану
ғылымы  да  дəлелдеген.  Роберд  Уолдингердің  жиырма  миллион  рет
қаралған  «Жақсы  өмір  сүру  үшін  не  керек?»  (What  makes  a  good  life?
Lessons  from  the  longest  study  on  happiness)  деген  дəрісі  бар.  Сонда
əлеуметтанушы  ғажайып  қорытындыға  келеді.  Бірақ  алдымен  ол
əңгімелейтін зерттеудің өзі туралы:
Америка ғалымдары 75 жыл бойы 724 адамның өмірін бақылаған екен.
Бала  күндерінен  жыл  сайын  олардың  жұмысы,  денсаулығы,  тұрмысы,
отбасы,  т.б.  жайында  ақпар  тіркеп  отырады.  Кедейлеу  жəне  ауқаттырақ
аудандардан  шыққан  724  адамның  ішінде  бірнеше  президент,  Нобель
сыйлығының  иегері,  бизнесмен,  Голливуд  жұлдызы  жəне  басқа  да  түрлі
адамдар бар екен. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен жəне ұзақ əлеуметтік
зерттеу  десе  де  орынды.  Сонда  олардың  жасаған  қорытындысы,  адамды
бақытты  қылатын  ақша  емес  екен.  Атақ  та  емес  екен.  Билік  те  емес  екен.


Адамды  бақытты  қылатын  –  адамдармен  қарым-қатынас  сапасы.
Əлеуметтік  өмірі  неғұрлым  оңды  болса,  сол  адамның  денсаулығы  мықты
келеді  жəне  ұзақ  жасайды  екен.  Ал  жалғыздықтан  жапа  шегетін  адамдар
ауруға  да  бейім  келіп,  дүниеден  ертерек  өтеді  екен.  Ал,  осыдан  кейін
коммуникацияның қажеттілігін қалай жоққа шығарасың?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет