ФОРМИРОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ ТУРИСТИЧЕСКОГО КЛАСТЕРА
Вестник КАСУ
246
маршруттары ешқандай сын көтермейді.
Ал орналастыру құралдарына келсек,
көпшілігінің кабылдау мүмкіншілігі төмен,
номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда
жабылып жатыр.
Қазақстан туризмнің дамуына түрткі
болған Президенттің бұл салаға басымды
сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан
Қазақстан туризмінің және елдің бет-бей-
несін жасауға (2000-2003) байланысты ша-
ралар болды.
2001 жылы туристік бизнестегі ерек-
ше жыл болды, туризмге 26млн. теңге бө-
лінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жұл-
дызды орта, шағын мейманхана салуға
мүмкіндігі бар.
Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-
экономикалық фактордың ықпалы жоғары.
Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің
әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт,
урбанизацияның өсуі, білім және мәде-
ниеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жыл-
дық демалыс күндері мөлшері, халықтың
өмір сүруінің деңгейі, табысы, туристік
белсенділік жатады.
Қазақстанның
әлеуметтік-эконо-
микалық даму деңгейі қазіргі кезде ту-
ризмнің жаппай дамуын тежеп отыр. Қа-
зақстандағы туризмнің даму бағыты шоп-
туризмді ұйымдастырумен байланысты,
яғни материалдық қажеттіліктен туындап
отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде ту-
ристерді тарту үлкен бәсекеге ие болып
отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қыр-
ғызстан, Монголия туризмді дамытуға
барлық күшін салуда, және қазір Қазақ-
станды басып алуда.
Қазақстан Республикасында туризмді
дамытуға кедергі ететін негізгі экономи-
калық факторлар.
Сурет 1. Туризмнің дамуын тежейтін факторлар төмендегі суретте көрсетілген
Бірқатар кедергілерден соң Қазақстан
үлкен туристік биржаларға қатысты. Бер-
лин, Лондон, Мэскеу қалаларында. Қазақ-
стан Республикасы бәсекеге түсе алатын
және рентабельді туризм индустриясын да-
мытуға толық мүмкіншілігі бар.
Оған ықпал ететіндер:
- еліміздің қолайлы геосаяси жағ-
дайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы
халықаралық туристік және коммерциялық
ағымдардың өсуі;
- саяси тұрақтылық, демократиялық
ФОРМИРОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ ТУРИСТИЧЕСКОГО КЛАСТЕРА
Вестник КАСУ
247
қайта құру, экономикалық реформаның
өтуі және инвестициялық ахуалдың тұрақ-
тылығы мен ашықтығы;
- еліміздің тарихи - мәдениет мұра-
сының ерекшелігі;
- мұсылман, христиан, будда ескер-
ткіштерінің болуы;
- Қазақстанның көп мәдениеттілігі,
музей, мәдениет ошақтарының, фольклор-
лы - этнографиялық және ұлттық кәсіпқой
өнерпаздардың көп болуы;
- туристік - рекреациялық аймақтар-
дың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік,
жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзоти-
калық тур, балық аулау, аң аулау,
өсімдіктер жинау т.б.;
- бос еңбек ресурстарының болуы
(мамандар).
Туризмнің даму барысына Қазақстан-
ның 1993 жылы ӘТҰ- на кіруінің маңызы
зор болды. Елімізде туризмнің дамуына кө-
ңіл бөлінуде және туризмнің ролін
түсінуде. Айта кететін бір жағдай, Респуб-
ликада туризм дамуының улкен концеп-
циясы құрылуы «Ұлы Жібек Жолының»
жаңғыруы. Қазақстанда туризмнің дамуын
дұрыс жолға қою тек табыс алып келу ғана
емес, еліміздің басқа елдермен байланысы
нығайып, бет бейнесі қалыптасады.
Қазақстандағы туризмнің тарихи ал-
ғы шарттары біздің д.д.үшінші мың жыл-
дықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жо-
лының қалыптасуымен дамуы болып та-
былады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін
туризм басқада экономика салалары сияқты
орталықтан қатаң регламенттеледі. Ту-
ристік қызметтегі КСРО - ның негізгі
аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі,
Ресейдің, Орта Азияның тарихи орта-
лықтары болды. Сонымен, бірге, Қазақ-
станның бірқатар сәулет, археологиялық,
мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті
жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жар-
нама жасалмады және сұраныс болмады.
Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм
идеологиялық қызметті атқарған мәдени-
ағарту жұмысы жүйесі клементтерінің бірі
болып саналды және оның басым рөліне
қарамастан, қалдық қағидаты бойынша
қаржыландырылды және елеулі экономи-
калық маңызға ие болмады.
Қазақстанда туризм өндірісінің да-
мымай қалуының бір себебі экономика са-
ласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде
тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық
ұйымдастыру және мемлекеттік емес
туристік құрылымдарды кешенді болжауға,
ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударыл-
мады. Туризм табысының үлкен бөлігі жер-
гілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан,
жергілікті басқару органдарының тарапы-
нан туристік қызметті басымдық деп
танымауы саланы дамытуды тежеуші факт-
ор болып табылады.
Кадрлармен қамтамасыз ету. Туризм
дамуындағы түйінді мәселенің бірі турис-
тік кадрлар даярлау болып табылады. Қа-
зіргі уақытта, Қазақстандағы мемлекеттік,
жеке және ресейлік филиалдарды қосқанда,
туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жо-
ғары оқу орны бар. Қазақстанда мұндай
кадрлар даярлаудың негізі 1992 жылы қа-
ланғандығында қарамастан, туристік са-
ланы мамандармен қамтамасыз ету елі күн-
ге дейін қанағаттанғысыз жағдайда қалып
отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында
мұның басты себебі Қазақстанда туристік
әлеует туралы оқытушылар құрамының бі-
лім және туристік саладағы жұмыс тәжі-
рибесі, деңгейінің жеткіліксіздігі болып
отыр. Соның нәтижесінде, мамандарды да-
ярлау отандық туристік-рекреациялық ре-
сурстарды ұстау, туристерді қабылдау үшін
оларды пайдалану технологияларымен ық-
тимал клиенттер арасында туристік қызмет
көрсетулерді
атаулы
жарнамалаудың
әдістемесі жеткілікті түрде ескерусіз жүр-
гізілуде. Сондықтан, жоғары оқу орындары
түлектерінің едәуір бөлігінің туроператор-
лық қызметті толық атқаруға шамасы
жетпейді.
Мақсаттарымен міндеттерге сәйкес
туристік саланы дамытудың мынадай не-
гізгі бағыттары белгіленеді:
Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйе-
сін жетілдіру туристік қызметті жүзеге
асырудың өзгерген әлеуметтік—экономи-
калық жағдайларға толық жауап беретін
мақсаттарына, қағидаттарына және мін-
деттеріне сай жаңа көзқарастарды талап
етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік орган-
дарымен туризм саласында әрекет ететін
ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды
реттеудегі мемлекеттің ролін арттыру қа-
жет. Саланы орталықтандырып басқару Қа-
ФОРМИРОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ ТУРИСТИЧЕСКОГО КЛАСТЕРА
Вестник КАСУ
248
зақстан Республикасының Туризм және
спорт жөніндегі агенттігіне жүктеледі.
Туризмді кешенді дамытудың та-
бысты іске асырылуын қамтамасыз ету са-
ланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс
таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уа-
қытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай
шараларды жүзеге асыруға бағытталуға
тиіс:
Республикалық және аймақтық дең-
гейлерде туризмді дамыту саясаты мен
жоспарлауды үйлестіру;
Туристік индустрия саласындағы қа-
рым-қатынасты ретке келтірумен жетіл-
діруге бағытталған заңнамалық және нор-
мативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету;
Сапалы туристік өнімнің ажырамас
бөлігі ретінде туристерді қорғауды және
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Статистиканы және зерттеу қызметін
жетілдіру;
Білім және оқу стандарттарын қоса
алғанда, туризмге арналған кадрларды кә-
сіптік даярлау;
Туризм саласында мүдделі ми-
нистрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ
мемлекеттік және жеке секторлар арасында
жоғары деңгейдегі үйлестіруді қамтамасыз
ету;
Туризмді дамытудың нақты ау-
дандарында жерді пайдалануды және құ-
рылыс салу нормаларын қолдануды Бақы-
лау;
Тарифтерді, туристік ұйымдардың,
тасымалдау - шылардың қызметін лицен-
зиялауды, туристік объектілердің сапасын
және қызмет көрсетудің стандарттарын ба-
қылау;
Ел беделін қалыптастыру, қазақ-
стандық туристік өнімнің маркетинг және
жылжытылуы жөніндегі басым шараларды
белгілеу, оның ішінде туристік көрмелерді
және басқа іс-шараларды ұйымдастыру;
Халық арасында туризм құндылық-
тарын және қоршаған ортаны қорғауды
насихаттау;
Халықтың түрлі әлеуметтік-демогра-
фиялық санаттарымен топтары арасында
әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы
жағдай жасау;
Визалық және кедендік рәсімдерді
барынша оңайлату:
Мемлекеттің туристік көрнекті орын-
дарын құру және қорғау;
Туризм инфрақұрылымының аса ма-
ңызды базалық компоненттерін жасау.
Республикада жүзеге асырылып жат-
қан әлеуметтік - экономикалық өмірді
реформалау туризмді және оның инфра-
құрылымын толық қамти қойған жоқ. Ту-
ризмнің материалдық базасының нашар-
лығынан Қазақстан жыл сайын миллион-
даған долларды жоғалтуда, бұл туристік
салаға күрделі қаржыны, сондай-ақ отан-
дық және шетелдік инвесторлар қаражатын
тартуды қажет етеді.
Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ес-
керіп, тұрақты туристер ағынын қамта-
масыз етуге қабілетті елдің туризм инфра-
құрылымын дамыту үшін:
Жалпы пайдалану және туристік мұқ-
тажды қанағаттандыру үшін жол-көлік ин-
фрақұрылымын дамыту;
Ілеспе инфрақұрылымды: қолданы-
стағы және ықтимал туристік аймақтардағы
сумен, электрмен жабдықтау, кәріздер жә-
не кайтты қалдықтарды жою жүйесін,
телекоммуникацияларды дамыту;
Туристік кешендерді, этнографиялық
мұражайларды және демалыс аймақтарын
құру;
Тарихи-мәдени және этнографиялық
ескерткіштерді қалпына келтіру және мұ-
ражайға айналдыру;
Жыл бойы пайдаланылуын ескере
отырып, туристік объектілері жобаларын,
оның ішінде орташа және шағын орналас-
тыру құралдарын жасау және оларды салу
қажет.
Маркетинг стратегиясын әзірлеу
Ұлттық туристік өнім және оны да-
мытудың әлеуметіне сәйкес маркетинг
стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.
Маркетинг стратегиясын іске асыру
мақсатында мемлекет мынадай міндеттер
белгілеп отыр:
Сапалы туристік қызмет көрсетуді
ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақ-
стан туралы туристер жіберілетін негізгі
елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
Қазақстанды ерекшелейтін сипатта-
маларға және артықшылықтарға негіздел-
ген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу
және жүзеге асыру;
Қосымша мүмкіндіктер бере отырып,
төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристер-
ФОРМИРОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ ТУРИСТИЧЕСКОГО КЛАСТЕРА
Вестник КАСУ
249
ді тарту;
Жеке сектордың маркетингтік жұмы-
сына қолдау көрсету;
Германия,
АҚШ,
Ұлыбритания,
Франция, Ресей, Қытай, Жапония және
тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі
рыноктарына ұлттық туристік өнімнің ен-
гізілуін күшейту;
Рыноктың жаңа сегменттерін айқын-
дауға бағытталған зерттеулер жүргізу;
Ел аумағында орналасқан көрнекті
туристік орындар мен объектілердің бүкіл
ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;
Ғылыми негізделген өткізу әлеуетін
ескере отырып, республика аумақтарына
туристік ағынның теңдестіре бөлінуін
қамтамасыз ету;
Жыл ішінде туристік инфрақұры-
лымның бірқалыпты жүктемесін қам-
тамасыз етуге бағытталған маркетингтік
және базалық тәсілдерді қолдану арқылы
туризмнің
маусымдық
жылжытылуын
күшейту;
Ұлттық, туристік өнімді жылжы-
тудың жаңа ақпараттық технологияларын
пайдалану.
Туризмді дамытудың тұрақты сипа-
тын насихаттау қажет.
Қазақстанның туристік бейнесін қа-
лыптастыру Жерлері Ұлы Жібек жолының
учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың
ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен
Еуропаны жалғастырып жатқандығына
қарамастан, Қазақстан әлі де болса, ту-
ристік бағыт ретінде әлемге танымал бола
қойған жоқ.
Қазақстанның тартымды туристік бе-
делін құру тиісті кең ауқымды шаралар ке-
шенін әзірлеуді талап етеді.
Беделді көтерудің негізгі іс-ша-
ралары Қазақстанның туристік фирма-
ларымен агенттіктерінің халықаралық ту-
ристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен кон-
ференцияларға, оның ішінде ДТҰ тара-
пынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-
ақ Қазақстан республикасының аумағында
осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру
болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қо-
ғамдық және мәдени құбылыстар орта-
лығына айналдыруға ықпал ететін конгрес-
стік туризмді дамытудың маңызы бар.
Туризмдегі халықаралық ынтымақ-
тастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жі-
бек жолына байланысты жобаларын әзір-
леумен іске асыруға қатысу, шет мемле-
кеттермен екіжақты және көп жақты келі-
сімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Елдің туристік беделін қалыптас-
тыруда республика аймақтарында және шет
елдерде туристік ақпараттық орталықтарды
ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады.
Туристік ұйымдар мен Қазақстан
Республикасының шет елдердегі диплома-
тиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен іс-
қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға
лайықты назар аудару керек. Елдің ту-
ристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық авиа-
тасымалдаушы мен басқа да көлік кәсі-
порындары пәрменді көмек көрсете алады.
Шетелде Қазақстан туралы сапасы
жоғары полиграфиялық және аудио-бейне
жарнама материалдарын шығару және бел-
сенді түрде тарату қажет. Қазақстанға ту-
ристерді таруға өлкетану жарияланымдары,
жарнама баспа қызмет, оның ішінде ту-
ристік фирмалар мен қонақ үйлердің
жарнама - баспа қызметі өз ықпалын
тигізеді. Жаңа ақпараттық технология-
ларды пайдалануға, оның ішінде Интернет
жүйесінде Қазақстанның туристік фирма-
ларының WEB-сайттарын құруға айрықша
мән беру қажет.
Туристік ағынды жөнелтуші елдердің
туристік агенттіктері мен бұқаралық ақпа-
рат құралдары өкілдеріне арнап Қазақстан
бойынша танысу саяхаттарын ұйымдасты-
рудың тиімділігі мол болады.
Қолайлы туристік беделді құруға Қа-
зақстанда халықаралық дәрежеде әртүрлі
мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар
өткізу ықпал етеді.
Қазақстанның туристік беделін қа-
лыптастыруда есепке алудың компьютер-
лендірген бірыңғай жүйесін іске қоса оты-
рып, республика аумағына шетелдік аза-
маттардың кіруі, шығуы мен болуы
тәртібін, визалық және кедендік рәсімдерді
оңайлатудың зор мәні бар.
Сондай-ақ, қонақжай республика бе-
делін жасауға туристер жиі болатын орын-
дарға қазақша, орысша мәтіндеріне латын
транскрипциясымен қоса берілген ақпарат-
тық таблолар мен жазбалардың жасалуы
мен орнатылуы өз септігін тигізеді.
Елде халықаралық туризмді одан әрі
дамытуды ынталандыру, мемлекеттің ту-
ФОРМИРОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ ТУРИСТИЧЕСКОГО КЛАСТЕРА
Вестник КАСУ
250
ристік әлеуетінің әлемдік туристік рынок-
тағы түсау кесерін өткізу жөніндегі жұ-
мысты күшейту Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 26 қазандағы
№1604 қаулысымен бекітілген Қазақстан-
ның туристік беделін қалыптастыру жө-
ніндегі 2000-2003 жылдарға арналған іс-
шаралар жоспарын іске асыруды қамтиды.
Оған Қазақстанға туристер тарту жөніндегі
көпжақты қызмет және халықаралық ту-
ристік рынок жүйесіндегі елді интегра-
циялау кіреді.
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету. Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең ал-
дымен келушілер ағынын көбейтуге немесе
азайтуға әсер ететін басты фактор.
Туристің қауіпсіздігі мемлекет сая-
сатына, турфирмалар қабылдайтын шара-
ларға, сондай-ақ туристің жеке басының іс-
әрекетіне тікелей байланысты.
Тұтынушыға туристік сапар ба-
рысында қорғау мен қауіпсіздікті қам-
тамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған
қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет
көрсетулермен бірге қауіпсіздік пен сапа
баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды
элемент болып саналатын және салыс-
тыруға тұрарлық туристік өнімнің ажы-
рамас бөлігі ретінде ұғынуға көмектеседі.
Мемлекеттік
органдар
туристік
ұйымдар мен халықаралық ұйымдар сая-
хатшылардың денсаулығы үшін қауіп ту-
дыратын табиғи апаттар, әлеуметтік тәртіп-
сіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұ-
мысындағы елеулі іркілістер, індет және
басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал
қауіптер туралы ақпарат береді.
Кадрлар даярлау мен ғылыми қам-
тамасыз ету. Қызмет көрсетумен байла-
нысты және табыстылығы едәуір дәрежеде
осы салада жұмыс істейтін кадрлардың
сапасына байланысты болатын қызмет -
туризмде адамдар ресурсін жоспарлау
айрықша мәнге ие.
Қазақстандағы тиімді туристік салаға
сәйкес кадрлар әлеуетін қалыптастыру
үшін:
Жаңа буындағы «Туризм» маман-
дығы бойынша жоғары кәсіптік білімнің
мемлекеттік стандартын әзірлеу;
Туристік кадрларды даярлауды жү-
зеге асыратын жоғары оқу орындарында
туристік қызметтің әртүрлі қажеттілігі мен
даму деңгейін ескере отырып, маманда-
нуын анықтау;
Мамандарды оқытуда олардың отан-
дық туристік ресурстарды игеруіне, оларды
пайдалану әдістеріне, жаңа ақпараттық
технологияларды, білуіне тілдік дайын-
дауға негізінен иек арту;
Орта арнаулы оқу орындарында бі-
рінші деңгейдегі туристік қызметшілерді
даярлауды ұйымдастыру;
Жалпы білім беретін оқу орын-
дарында туристік сыныптар, секциялар мен
үйірмелер құруға көмектесу;
Бұдан бұрын таратылған балалар мен
жас өспірімдер туризмінің республикалық
және аймақтық станцияларын қайта қалпы-
на келтіру;
Ұлы Жібек жолының (1700 км) қазақ-
стандық учаскесіндегі туристік-рекреация-
лық қорларды қайта жаңғыртуға және
түгендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше
назар аудару қажет.
Қазіргі заманғы туризм индустрия-
сын құру саланы дамыту проблемаларын,
туризм рыногы дамуының құрылымын,
тетігі мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда
зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамы-
тудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін
құрамайынша мүмкін болмайды. Дегенмен,
Қазақстанда бұл мәселелер туризм эко-
номикасын зерттеушілер үшін әлі күнге
игерілмеген «тың» күйінде қалып отыр.
Әлі күнге дейін ұлттық экономика
теориясына туризм халық шаруашы-
лығының толыққанды саласы және ғылыми
жағынан талданатын пән ретінде қарасты-
рылмайды. Сол себепті республикада атал-
ған тақырып бойынша ғылыми әдебиет аз
шығарылады. Бүған қоса, Қазақстанда
Кеңес кезеңінен бері «туризм» деген ұғым
елеулі табыс түсіретін экономика сала-
сынан гөрі спортпен және денсаулықты
нығайтумен жиі байланыстырылады.
Ең алдымен, Қазақстан Республика-
сының рекреациялық ресурстарын түген-
деу және олардың мониторингі жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Эко-
номиканың саласы ретінде туризмді ғы-
лыми қамтамасыз ету үшін оны болжауды
және дамытуды тиісті ғылыми құрылымдар
қажет. Проблеманы шешудің ықтимал
шешімі ретінде туризмнің ғылыми-зерттеу
институтын құру ұсынылады.
ФОРМИРОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ ТУРИСТИЧЕСКОГО КЛАСТЕРА
Вестник КАСУ
251
Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі Жоғары аттеста-
циялық комитетінің (ЖАҚ) ғылыми маман-
дықтары тізбесіне "Туризмнің құқықтық
нргіздері", «Туризм географиясы», «Ту-
ризмнің педагогикасы мен психологиясы»
жаңа ғылыми бағыттарды енгізудің қа-
жеттілігі пісіп жетілді. Бұл республикада
ғалымдар контингентін қүрүға және ту-
ризмді дамытудың ұйымдастыру мен бас-
қарудың, дамытудың мәселелері мен про-
блемаларының бүкіл кешенін ғылыми зерт-
теумен қамтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицен-
зия алған туристік фирмалар жұмыс іс-
тейді. Оның 83% халықаралық туризммен
шұғылданады. Соған қарамастан Қазақстан
кәсі жерлері туризмді қазірше жоғарғы та-
бысты кызмет сферасы деп қарамайды.
Олар қаржы шығаруға жүрексінеді. Себебі
өндіріс саласындағы салық салудың жеңіл-
діктеріне, жоғарғы табысқа қызығыңды.
Қазақстан әлемде туристік бағытта
элі де болса белгісіз ел. Сондықтанда Қа-
зақстанның туристік бейнесін көтеру үшін
бірқатар кең көлемде шаралар қажет. Не-
гізгі шаралардың бірі туристік негізгі ша-
ралардың бірі туристік фирмалар мен
агентстволардың халықаралық туристік
жәрмеңке, көрме конференция т.б. әлемдік
деңгейдегі шараларға қатысуы және
Қазақстан жерінде де өткізу.
Қазақстанда Еуразияның қоғамдық
және мәдениет орталығын жасау үшін
конгресстік туризмді дамыту маңызды.
Туризм саласында халықаралық ынтымақ-
тастық жұмыстарын жүргізудің ЮНЕСКО
және БЭСҰ бағдарламаларына қатысу, екі
сондай-ақ көп жақты шет елдік мем-
лекеттермен келісім жасау.
Туристік бет-бейнені қалыптастыру
үшін туристік хабарлама орталықтарын
ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдердегі
Қазақстан елшілігіндегі өкілетті тұл-
ғаларды араластыру жұмыстарына көңіл
бөлуі керек. Еліміздің туристік қуатын
жарнамалауда ұлттық әуе қатынасын және
басқа да транспорттық кәсіпорындарда
пайдалана білу.
Шет елдерде Қазақстан туралы жо-
ғары сапалы полиграфиялық үнтаспаларды
уағыздау жұмысына көңіл бөлуі.
Сонымен бірге Қазақстанда әлемдік
деңгейде әр түрлі мәдениет, спорт, туристік
шараларды өткізу қажет.
Қорыта айтқанда Қазақстан Респуб-
ликасында туризмді дамыту мақсаты:
- туризмді экономиканың табысты
салаларының біріне айналдыру.
- Республиканың туристік потенциа-
лын дамыту.
- Мәдениет тарихын және табиғи
байлықтарымызды сақтау және ұтымды
пайдалану.
- Туристік ресурстарды барлық ха-
лықтық қол жеткізу мүмкіншілігіне көңіл
бөлу, тұтынушыларды максималды қана-
ғаттандыру.
- Халықты ынталандыру
- Мемлекеттік және жеке меншіктік
туризм сферасының тиімділігін арттыру.
- Орта және шағын кәсіпкерлерді да-
мыту.
Достарыңызбен бөлісу: |