Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары
|
Ұйымдастыру мен қызметін жүзеге асырудағы ерекшеліктері.
|
1
|
2
|
Толық серіктестік
|
Толық серіктестік қызметіне жеке тұлғалардың (толық серіктестер) тікелей қатысуы, яғни, мұнда олардың капиталын емес, құрылтайшыларын (қатысушыларын) біріктіру орын алады.
Қатысушылары барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады;
- жеке тұлға немесе азамат тек бір серіктестіктің ғана қатысушысы бола алады;
- қатысушы серіктестіктің борышы бойынша оған өзі кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан жауап береді;
- қатысушы өзінің үлесін баска қатысушыға немесе үшінші жақтарға барлық қатысушылардың келісімімен ғана бере алады;
- серіктестік қызметі тоқтатылғаннан кейін қатысушылары серіктестік қызметі тоқтатылған күнінен бастап екі жыл бойы ол тоқтатылған кезге дейін пайда болған серіктестік міндеттемелері бойынша жауапты болады.
|
Сенім серіктестігі (командитті серіктестік)
|
- серіктестікте адамдардың екі тобы болады:
толық серіктестер және салымшылар (командиттер);
- толық серіктестер өздерінің бүкіл мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады, ал салымшылар өздерінің салымдары шегінде ғана жауапты болады;
- салымшылар кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуына, сенім серіктестігі ісін басқаруға қатыса алмайды;
- сенім серіктестігін ісін жүргізуді және басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады;
- салымшылар серіктестік атынан заңдық әрекет жасай алмайды, сондай-ақ серіктестік ісін басқару бойынша толық серіктестер әрекетімен дауласа алмайды;
- серіктестік таратылған кезде салымшылардың серіктестік мүлкіндегі салымдарды алуға толық серіктестер алдында артықшылықты құқығы болады.
|
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
|
- серіктестіктің қатысушылары кез-келген уақытта басқа қатысушылардың келісімінсіз шыға алады;
- серіктестіктің қатысушысы жарғылық капиталдағы өз үлесін осы серіктестіктің қатысушысына немесе үшінші адамдарға сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестікті бір адам құра алады;
- серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жарғылық капиталдағы өздерінің салымдарымен ғана жауапты болады;
- серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді, ал қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді;
- серіктестіктің қатысушысы серіктестіктен шыққан жағдайда оған оның жарғылық капиталдағы үлесіне пропарционалды мөлшерде мүлік құны төленеді.
|
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
|
-қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша салымдарының еселенген мөлщерінде өздеріне тиесілі мүлікпен қосымша жауап береді;
- қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді.
|
Өндірістік кооператив
|
- кооператив мүшелері екеуден кем болмауы тиіс;
- кооперативтің акция шығаруға құқығы жоқ;
- кооператив мүшелері оның міндеттемелері бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады;
- өндірістік кооперативтің мүшесі кооперативтен өз қалауымен шығуға құқылы;
- кооперативтің таза табысы оның мүшелері арасында олардың еңбекке қатысуына сәйкес бөлінеді;
- кооператив мүшелері өз еңбегімен тікелей қатысуы тиіс.
|
Акционерлік қоғам
|
- акционерлік қоғам бизнестің ең демократиялы нысаны;
- акционерлік қоғам іс жүзінде малымшылардың шектеусіз санын біріктіруге мүмкіндік береді;
- акционерлер акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өз акцияларының құны шегінде тәуекел етеді;
- акционерлердің құқықтары жеке және мүліктік болып бөлінеді; Мүліктік құқық-бұл дивиденд алу және қоғам таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығы; жеке құқық бұл акцинерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы.
|
Мемлекеттік кәсіпорындар
|
- мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды;
- уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады;
- мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапты болмайды;
- жарғылық қоры мемлекеттік тіркелгенге дейін меншік иесі толық төлейді. Яғни, мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болады.
|