«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


кесте. Бәсеке түсінігіне берілген анықтамалар



бет27/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
file-8557

13 кесте. Бәсеке түсінігіне берілген анықтамалар.

Рет №

Бәсеке түсінігін зерттеуші ғалымдар

Бәсеке түсінігінің анықтамалары

1

2

3

1

А.Смит

Бәсеке пайда нормасын теңестіреді, капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келеді.

2

К.Р.Макконел жәнеС.Л.Брю

Бәсеке нарықта көптеген тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың болуы, нарыққа еркін ену және нарықтан еркін шығу мүмкіндігі.

3

А.Ю.Юданов

Нарықтық бәсеке тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысының шектеулі көлемі үшін фрмалардың күресі.

4

Р.А.Фатхутдинов

Бәсеке сирек игіліктерге қол жеткізуді барынша жақсы қанағаттандыруға ұмтылуы.

5

Г.Л.Азоев

Бәсеке сол бір мақсатқа жетуге мүделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар арасындағы бақталастық

6

Н.Г.Миронов

Бәсеке ол объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте жеңіске жету мақсатында субъектінің өзінің бәсекелік артықшылықтарын басқару үрдісі.

7

М.Портер

Бәсеке жаңа нарықтық сегменттер, жаңа өндірістік үрдістер, маркетингті ұйымдастырудың жаңа жолдары, жаңа тауарлар пайда болатын үздіксіз өзгеріп отыратын көрініс, динамикалық және дамып отыратын үрдіс.

Бәсекені зерттеуші ғалымдар оны мынадай үш аспектіде сипаттайды: мінез-құлықтық немесе іс-әрекеттік; құрылымдық; функционалдық.

Бәсекенің мінез-құлықтық немесе іс-әрекеттік түсініктемесі сатып алушының қажеттіліктерді қанағаттандыру жолымен ақша үшін күресін сипаттайды.

Бәсекенің құрылымдық түсініктемесі нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың еркіндік дәрежесін және нарықтан шығу тәсілін анықтау үшін нарық құрылымын талдауды білдіреді.

Бәсекенің функционалдық түсініктемесі ескінің жаңамен, инновациямен күресін көрсетеді.

Бәсеке үш жақты рөл атқарады. Біріншіден, бәсекелестіктің арқасында өндіріс пен айналымның қалыпты жағдайы бекітіледі. Екіншіден, нарықтық жарыспалылық барлық жаңаға, озық үлгіге жол ашады. Үшіншіден, барлық тиімсіз және артта қалған шаруашылықтар нарықтан ығыстырылады. Осыған байланысты техникалық, ұйымдаструшылық, экономикалық жетістіктерге сүйене отырып табысты жұмыс жасағандар алға шығады.Қоғамдық қалыпты деңгейден төмен түсіп, тиімсіз жұмыс жасап, зиян шегетіндер де болады. Мұнын барлығына бәсеке тікелей ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» заңында бәсекелестікке мынадай анықтама берген: «Бәсекелестік –дербес жасаған іс–әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы».

Бәсекелестіктің негізгі қағидаларына мыналар жатқызылады:


  1. жарыспалылық;

  2. адалдық;

  3. заңдылық;

  4. тұтынушылардың құқықтарын сақтау.

Бәсекенің мәні оның негізгі функцияларында көрініс табады.

Олар:


  • өндірушінің тұтынушылар сұранысына бағытталуын қамтамасыз ету;

  • өндірістің тиімділігінің өсімін ынталандыру;

  • тауар өндірушілерді дифференциялау;

  • бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындарды жою (тарату);

  • тауарлар сапасын арттыру және бағасын төмендетуді ынталандыру;

Жоғарыда аталғандармен қатар бәсекенің келесі функцияларын да бөліп көрсетуге болады:

  1. реттеуші функция.Осы функцияның көмегімен сұранысқа сәйкес

ұсынысты анықтау арқылы нарықтағы туындаған қарама- қайшылықтар шешімін табады. Бұл функцияның негізгі қағидасы: сата алатын көлемде ғана өндіріңіз, өндіре алатын көлемді сатуға тырыспаңыз.

  1. аллокациялық немесе орналастыру функциясы. Бұл функция өндіріс

факторларын тиімді орналастыруда көрініс табады. Яғни, оларды айтарлықтай жоғары қайтымдылықты қамтамасыз ететін орындарда қолдануды білдіреді.

  1. инновациялық функция. Нарықтық экономика субъектілерінің іс-

жүзінде даму динамизмім алдын ала анықтайтын және ғылыми техникалық прогресс жетістіктеріне сүйенетін әртүрлі жаңашылдықтардың туындауымен сипатталады.

  1. бейімдеуфункциясы. Бұл функция кәсіпорындарды ішкі және сыртқы

орта жағдайларына ұтымды бейімдеуге бағытталған. Ол жай ғана өзін –өзі сақтаудан (экономикалық өмір сүруден) шаруашылық қызмет сферасын экспансиялауға (кеңейтуге) өтуге мүмкіндік.

  1. Бөлу немесе үлестіруфункциясы.Ол өндірілген игіліктердің жиынтық

көлемін (жалпы ұлттық өнімді) тұтынушылар арасында бөлуге тікелей және жанама түрде әсер етуді білдіреді.

  1. Бақылау функциясы. Бұл функциясы нарықтағы бір субъектінің басқа бір субъектінің стінен үстемдік орнатуына жол бермейді.

Экономикалық сферада барлық түрлік бәсекелік қатынастар 3 деңгейде жүзеге асырылады. Олар:

  • микродеңгей – жекелеген өнім түрлері, өндіріс, кәсіпорындар деңгейіндегі бәсекелік қатынастар;

  • мезодеңгей –кәсіпорындардың салалық бірлестіктері, салалар арасындағы бәсекелік қатынастар;

  • макродеңгей –экономика (халықшаруашылық кешендері) немесе мемлекет деңгейіндегі бәсекелік қатынастар;

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады:

  • жеке –дара –нарықтық қатынастардың қатысушылары тауарлар мен қызметтерді сату сатып алудың ең жақсы жағдайын тандауға ұмтылады;

  • жергілікті –шектеулі территорияда нарықтық қатынастардыңқатысушыларының арасындағы бәсекелік күрес;

  • салалық –нарық салаларының біріндегі бәсекелік күрес;

  • салааралық –нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі;

  • ұлттық –белгілі –бір елдің ішіндегі отандық сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелесуі;

  • халықаралық –әлемдік нарықта түрлі елдер мемлекеттері мен шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындарының бәсекелік күресі.

Бәсеке тікелей және жанама болуы мүмкін. Тікелей бәсеке –бір өнім түрі немесе сауда маркасы ішінде болатын бәсекелік күрес. Ал жанама бәсеке –бәсекелік күрес әртүрлі санаттағы өнімдер арасында орын алады, бірақ сатып алушылық тандау кезінде баламалар ретінде әрекет етеді.

Даму сипаты бойынша бәсеке еркін және реттелетін болуы мүмкін.

Еркін бәсеке нарықта қандай да бір тауарды өндірушілер мен тұтынушылар (сатушылар мен сатып алушылар) көп болғанда әрекет етеді. Оның негізгі белгілері: нарықта тәуелсіз тауар өндірушілердің көп болуы; нарыққа енуді қалайтындардың шектеуі болмауы; нарықтық бағаларға бақылаудың жоқтығы; жеткілікті нарықтық ақпаратқа ие болу; еркін бәсеке жағдайында қатысушылар тауар сұранымына, нарыққа жеткізілуіне немесе бағасына айтарлықтай әсер ете алмайды.

Реттелетін бәсеке –нарықтық субъектілерді дамыту мен олардың қызметін реттеу үшін жағдай жасау мақсатында экономикалық үрдістерге мемлекеттің араласуы. Мемлекеттің экономикаға бұлайша араласуы барлық деңгейлерде оның экономикалық құқықтар мен міндеттер гаранты ретінде қатысу қажеттілігімен байланысты қарастырылады.

Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» заңына сәйкес (31 –бап)

мемлекет мынадай жағдайларда:



  1. мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам

мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған жағдайда;

  1. мемлекет меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған кезде;

  2. қоғамдық өндірістің бәсекелестік жоқ немесе жеткілікті дамымаған

салаларындағы тауарлар өндірісіне қоғамдық қажеттілік болған жағдайларда қоғам менн мемлекеттің қажеттіліктеріне қарай айқындалатын әлеуметтік –экономикалық міндеттерді шешу мақсатында кәсіпкерлік қызметке қатысады.

Мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды құру монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.

Бәсеке жүргізу әдісі бойынша бағалық және бағадан тыс болып бөлінеді.

Бағалық бәсеке –баға жөнінде және бағаны көтеру, арттыру және төмендету көмегімен жүргізілетін бісекелік күрес. Бағалық бәсекені табысты әрі жақсы жүргізу үшін өндіріс шығындарын төмендетудің нақты мүмкіндіктеріне ие болу керек. Оны жүргізу технологиясы қарапайым: фирма өнімге (тауарға,қызметке) едәуір төмен баға белгілейді, өндіріс шығындары жоғары болғандықтан, бағаны төмендетуге мүмкіндігі жоқ бәсекелестер зиян шегеді және өздігінен нарықтан немесе саладан шығып қалады.Фирма біршама уақыттан кейін бағаны қайта көтереді. Кейде тіпті бастапқы деңгейінен де жоғары баға белгілейді. Сол арқылы нарық үшін күресте келтірілген зиянның орнын толтыруға тырысады.

Экономиканың монополизациясы жағдайында бағалық бәсеке айтарлықтай шектеулі. Осыған байланысты бәсекелік күресте бағадан тыс фактрларға назар аудару қажет болады. Ондай факторларға сапа,жаңашылдық, дизайн, прогрессивтілік, халықаралық стандарттарға сәйкестілік, техникалық қызмет көрсетудің жеделдігі (сервис) жатқызылады. Бағадан тыс бәсеке кезінде баға саясатын қалыптастыру мен талдау өткізу сферасына ауысады. Мұндай жағдайда өнімді нарықта бұрынғы баға бойынша ғана емес, сондай –ақ одан да жоғары бағаға сату мүмкіндігі туындайды. Сондықтан бәсекенің мұндай түрінде баға өнімді нарыққа жылжытудың басты құралы болып табылмайды, бірақ бәрібір өткізу және алынатын пайда көлемі соған байланысты болады. Бағадан тыс бәсекені жүргізуші фирманың басты міндеті –оның бәсекелік артықшылығы немен сипатталатынын біле алуында. Ең алдымен, нарық жағдайын, ондағы бәсекенің интенсивтілігін, өнімнің патенттік қорғалуын, халықтың сатып алушылық қабілетін білу қажет.

Бәсекенің нарықтағы иеленетін үлесіне байланысты олигополиялық бәсеке және таза монополия болып бөлінеді. Олигополиялық бәсеке нарықтың едәуір бөлігін бақылайтын бірнеше ірі кәсіпорындардың (бірлестіктердің) бәсекелік күресі. Мұнда кәсіпорындар саны көп болмайды, бағаны бақылау диапазоны олардың іс –әрекетінің келісім деңгейіне байланысты болады.

Таза монополия деп –берілген (уникалды) өнімді өндіретін (жұмыс орындайтын қызмет көрсететін) тек бір ғана жеке фирманың болуын және ол өнімді ауыстыратын басқа өнімдердің болмауын айтамыз.

Бәсекенің жоғарыда аталған түрлерінен басқа да көптеген түрлері бар.

Сонымен, жалпы алғанда, бәсеке өндіріс тиімділігінің тұрақты өсіміне алып келеді. Ол өндірушілерге басқалармен салыстырғанда едәуір төмен бағада сату үшін шығындарды қысқартуға және болуы мүмкін жоғалтулардан қашуға мәжбүрлейді. Ол нарықта шығындары төмен өндірушілерді ғана қалдырып, қалғандарын ығыстырып шығарады.

Белгілі ағылшын ғалымы М.Е.Портердің зерттеулеріне сәйкес белгілі бір нарықтағы бәсекенің жағдайын 5 бәсекелік күшпен сипаттауға болады.



  1. бәсекелеуші жүйелер арасындағы бақталастық.

  2. баға бойынша бәсекеге қабілетті және ауыстырушы тауарлар жағынан бәсеке.

  3. жаңа бәсекелестердің пайда болу қауіп–қатері.

  4. жеткізушілердің саудалық қабілеттері мен экономикалық мүмкіндіктері.

  5. сатып алушылардың саудалық қабілеттері мен экономикалық мүмкіндіктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет