«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Бәсекелік артықшылық пен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және оған әсер ететін факторлар



бет28/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Байланысты:
file-8557

11.2 Бәсекелік артықшылық пен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және оған әсер ететін факторлар.

«Бәсеке» түсінігімен «бәсекелік артықшылық» термині де тығыз байланысты. Нарық субъектісі тұрғысынан бәсекелік артықшылық –оның активтері және бәсекелік күресте оған артықшылық беретін әртүрлі сипаттамалық белгілері. Бәсекені ғылыми тұрғыда тереңінен зерттеген ғалым М.Портер: «Бәсеке –бұл теңдік емес, тұрақты өзгерістер», деген. Оның пікірінше, бәсекеге қабілеттілік тұрақты түрде даму қабілеттілігімен сипатталады, яғни, алдымен бәсеке жүзеге асырылатын негізді өзгерту арқылы бәсекелік артықшылыққа қол жеткізу, ал содан кейін өнімді, өндіріс тәсілдерін және басқа да факторларды үнемі жетілдіре отырып өзінің бәсекелік артықшылығын сақтайды. Нақ осы жетілдіру мен жаңару бәсекелі артықшылықты құруға мүмкіндік беретін үздіксіз үрдіс болуы тиіс. М.Портердің өнеркәсібі дамыған елдердің өнеркәсібіне жүргізген талдауларына сәйкес өндірісті жаңашылдық негізінде тұрақты түрде жаңартуды жүзеге асыру компаниялар мен салалардың ғана емес, сондай ақ елдің де тұрақты бәсекелік артықшылығының негізгі қайнар көзі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ету фирманы дамытудың негізі болып табылады. Алайда нақты нарықтың ерекшеліктеріне байланысты бәсекелік стратегияны таңдау кезінде мыналарды ескерген дұрыс:


  1. тұтынушылар сұранысына бейімделі (бағытталу);

  2. қол жеткен бәсекелік артықшылықтарды тұтынушылардың дұрыс қабылдайтынына көз жеткізу.

Бәсекелік артықшылық деп кәсіпорын қызметінің экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық сферасында бәсекелестерден басымдықпен көрінуін айтамыз. Оны түрлі экономикалық көрсеткіштермен өлшеуге болады. (қосымша табыс, жоғары табыстылық, нарықтық үлес, сату көлемі). Бәсекелік артықшылық –қһөнімнің өзіндік құнының төмен нәтижесі, жанашылдық енгізу, нарық қажеттілігіне тез әсер ету (бейімделу), персоналдың біліктілігі мен еңбек өнімділігі деңгейінің, өндірілетін өнімдердің сапасы мен техникалық деңгейінің, басқарушылық шеберлігінің, басқарудың әртүрлі деңгейлерінде стратегиялық ойлаудың жоғары болуы және өзге ұтымды жағдайларды білдіреді.

Бәсекелік артықшылық салыстырмалы сипатқа ие болады. Өйткені сатудың экономикалық тиімділігіне әсер ететін сипаттамалар салыстыру жолымен бағалануы мүмкін. Бәсекелік артықшылықтың салыстырмалылығы оның маңызды қасиеттерінің бірі нақты жағдай мен себептерге байланыстылығынан көрінеді. Мысалы, бір географиялық нарықта баға бойынша артықшылықты иеленетін өнім басқасында мұндай артықшылыққа ие болмауы мүмкін.

Бәсекелік артықшылықтың келесі сипаты –оның көпетеген түрлі факторларға әсерімен байланысты. Бәсекелік артықшылыққа жету үшін кешенді күш –жігер қажет. Кейбір факторлар бәсекелік артықшылықты күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін мысалы, жаңа технология дизайн, сапа жағынан күшейтсе, оны сатып алуға жұмсалған шығындардың жоғары болуынан өзіндік құн параметрлерін нашарлатуы мүмкін.

Бәсекелік артықшылық әртүрлі нысандарда көрінуі мүмкін. Ол түрлі критерилер бойынша жіктеледі. Соның ішінде ең маңызды өлшемдердің бірі бәсекелік артықшылықтың пайда болу көздерінің сипатына байланысты негізгі 10 түрін бөліп көрсете аламыз.



  1. экономикалық факторларға негізделген бәсекелік артықшылық келесілермен анықталады.

  1. кәсіпорын қызмет ететін нарықтың жақсы жалпы экономикалық жағдайымен (табыстың орташа салалық нормасының жоғары болуы, капитал салымының қайтымдылық мерзімінің үлкен болмауы, төлемсіздік, инфляуиялық үрдістердің төмен болуы).

  2. талдау жасалып отырған тауарлық сферада несиелік, салықтық және кедендік ставкалар облысындағы үкіметтің ынталандырушы саясаты.

  3. кәсіпорынның экономикалық әлеуеті.

  4. қаржыландыру көздерін табу мүмкіндігі мен тиімді пайдалану.

Мұндай көздерге меншікті қаражаттарынан басқа тартылған немесе қарыз қаражаттары да жатады. Мысалы, ұзақ және қысқа мерзімді несиелер мен заемдар.

  1. Нормативтік –құқықтық актілерге негізделген бәсекелік артықшылық.

Ол басқару және билік органдарының заңдары, қаулылары, ерекше артықшылықтары мен басқа да шешімдері негізінде әрекет етеді. Мысалы, басқару және билік органдарының аймаққа немесе жекелеген кәсіпорындарға берген жеңілдіктері немесе өзге де артықшылықтар.

  1. Құрылымдық сипаттағы бәсекелік артықшылық. Ол компаниядағы

өндіріс пен сату үрдісін интеграциялаудан жоғары деңгейімен анықталады.

Ал интеграция келесі нысандарда болады:



  • Регрессивті интеграция жеткізушілерді қатаң бақылауға алу үшін қолданылады;

  • Прогрессивті интеграция өндірілген өнімді тарату жүйесіне ену мақсатын көздейді.

  • Горизонталды интеграция –бірыңғай тауарларды өндіруші фирмалардың өзара әрекетін күшейту немесе біріктіру нәтижесінде іске асады;

  1. Әкімшілік шаралардан туындайтын бәсекелік артықшылық. Ол

өндірушілердің (жеткізушілердің) қызметіне шектеулердің болуымен байланысты, мұндай шекетулердің барлығы бірдей жоюға мүмкіндіктері жоқ. Оларға мемлекеттік және жергілікті билік органдары тарапынан патенттер мен лицензиялар беру, кәсіпорындарды тіркеудің қиын тәртібі, өндіріс және қызметтік үй –жайлар берудегі шектеулер т.б жатқызылады.

  1. Нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейімен анықталатын

артықшылық. Ол келесілермен байланысты болып келеді:

  1. қажетті коммуникация құралдарынын дамуы (көлік, байланыс);

  2. еңбек, капитал, инвестициялық технологиялар мен тауарлар

нарығының ашықтығы мен ұйымдастырушылығы;

  1. дистрибьюторлық тораптардың дамуы, соның ішінде бөлшек сауда,

көтерме сауда, фьючерлік сауда; консалтингтік, ақпараттық, лизингтік және өзге де сипаттағы іскерлік қызмет көрсетулер жөніндегі қызметтер;

  1. фирма аралық кооперацияның дамуы.

  1. Техникалық (технологиялық) бәсекелік артықшылық саладағы

қолданбалы ғылым мен техниканың жоғары даму деңгейімен анықталады. Мысалы, өнім өндіруде пайдаланылатын шикізаттар мен материалдардың технологиялық ерекшеліктері, машиналар мен құрал –жабдықтардың арнайы техникалық сипаттамалары.

  1. Қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етілуімен анықталатын

бәсекелік артықшылық. Нарықтың инфрақұрылымы туралы ақпараттардың, сатушылар, сатып алушылар, жарнамалық қызмет т.б. жөніндегі кең көлемді мәліметтер базасының болуына негізделеді. Ақпараттың мүлдем болмауы, жеткіліксіздігі немесе жалған болуы бәсекелік күрес жүргізу үшін маңызды кедергілердің бірі болып табылады.

  1. Георграфиялық факторларға негізделген бәсекелік артықшылық

кәсіпорынның географиялық жағынан қолайлы орналасуы ( жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік) нарықтардың географиялық шекараларын үнемді жою мүмкіндігімен байланысты. Сонымен бірге, әлеуетті бәсекелестердің нарыққа енуінің географиялық кедергісі аймақтар арасында тауар алмасудың қиындығы немесе мүмкін еместігі болып табылады. Ол нарық шекарасынан өткенде айтарлықтай қосымша шығындардың туындауы, тауарды тасымалдау үрдісінде сапа деңгейі мен тұтынушылық қасиетін жоғалтуы нәтижесінде туындайды.

  1. Демографиялық факторларға негізделеген бәсекелік артықшылық. Ол

нарықтың сегментіндегі демографиялық өзгерістер және олардың ұсынылатын өнім түрлерінің көлемі мен құрылымына оң әсер етуі, халықтың мақсатты топтары санынын артуы, оның жастық –жыныстық құрамының өзгеруі, халықтын миграциясы, сондай ақ, білімдік және кәсіби деңгейдегі өзгерістер нәтижесінде құрылады.

  1. Құқықтық емес сипаттағы бәсекелік артықшылық.

Ол келесілерден туындайды:

  1. жат пиғылды бәсеке (мемлекеттік билік органдары мен ірі

шаруашылық субъектілер арасында қалыптасқан бейресми қатынастардың болуы. Яғни, мұнда бәсекелестерге қатысты шешімдерге қол жеткізуге және өз мүдделерін жоғары қоюы орын алуы мүмкін.

  1. криминалдық іс –әрекет: тауарларды контрабандалық жолмен әкелу

және шығару, нарықты криминалдыққұрылымдардың бақылауы.

Кез –келген меншік нысанындағы кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілік деңгейін арттыру, олардың нарықтық ортадағы қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруі мен қызмет етуі қазіргі экономиканың өзекті мәселелерінің бірі. Мұндай мәселені шешу экономикалық өсімге, кәсіпорындардың табыстылығы мен олардың нарық жағдайына бейімделуіне, ұдайы өндірістік үрдістер сапасына және т.с.с оң ықпал етеді.

Бәсекеге қабілеттілік –қандай да бір объектінің белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас объектілер мен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті (потенциалды) қанағатандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды.

Кез –келген меншік нысанындағыкәсіпорындардың бәсеке қабілеттілік деңгейін арттыру, олардың нарықтық ортадағы қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруі мен қызмет етуі қазіргі экономиканың өзекті мәселелерінің бірі. Мұндай мәселені шешу экономикалық өсімге, кәсіпорындардың табыстылығы мен олардың нарық жағдайына бейімделуіне, ұдайы өндірістік үрдістер сапасына және т.с.с оң ықпал етеді.



Бәсекеге қабілеттілік термині әртүрлі деңгейлерде қарастырылады. Яғни, өнімнің, фирманың немесе кәсіпорынның, саланың, экономиканың және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі. Осыған байланысты бәсеке қабілеттілік пирамидасын (18 сурет ) түрінде көрсетуге болады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі отандық экономикада ғана емес әлемдік экономикада да кеңінен зерттеуді қажет ететін мәселелрдің бірі. Бірақ әлі күнге дейін жалпыға ортақ бірыңғай анықтамасы қабылданбады. Ол мәселені зерттеуші экономист ғалымдар кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әртүрлі анықтамалар береді. Осы анықтамаларды (14 кесте) түрінде көрсетуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет