«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Кәсіпкерлік аясындағы бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік



бет26/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
file-8557

11.Кәсіпкерлік аясындағы бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік.

11.1 Бәсеке түсінігі мен түрлері,қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы.



Бәсеке түсінігі латынның «concurrentia – қақтығысу» дегн сөзінен шыққан. Бәсеке – қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес. Бәсеке теориясы классикалық мектеп өкілдерінің еңбектерінде де кеңінен қарастырылады.Мәселен, А.Смит бәсеке пайда нормасын теңестіретінін, капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келетінін алғаш рет көрсетті. К.Р.Макконел және С.Л.Брю «Бәсеке –нарықта көптеген тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың болуы, нарыққа еркін ену және нарықтан еркін шығу мүмкіндігі» десе, А.Ю.Юданов «нарықтық бәсеке-тұтынушылардың төлемге қабілетті сұранысының шектеулі көлемі үшін фирмалардың күресі» деп сипаттайды. Р.А.Фатхутдиновтың пікірінше, «Бәсеке сирек игіліктерге қол жеткізуді барынша жақсы қанағаттандыруға ұмтылуы». Ал, Г.Л.Азоев бәсеке сол бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар арасындағы бақталастық деп түсінеді. Бәсеке түсінігін Н.Г.Миронов едәуір толық сипаттайды. Яғни, бәсеке -объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте жеңіске жету мақсатында субъектінің өзінің бәсекелік артықшылықтарын басқару үрдісі. Басқа да көптеген ғалымдардың анықтамалары бар. Бәсеке түсінігі жөніндегі анықтамаларды (13 кесте)түрінде көрсетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет