«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


-кесте – Бизнес- инкубаторлардың шағын кәсіпорындарға көрсететін қызметтері



бет48/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
23-кесте – Бизнес- инкубаторлардың шағын кәсіпорындарға көрсететін қызметтері



Көрсетілген қызметтер сипаты

Қызметтер түрлері

1

Жеңілдік шарттары негізінде өндірістік және кеңселік үй-жайлар беру.

Өндірістік және шеберханалық алаңдарды, кеңселерді жалға беру: қоймаларды, гараждар, конференц-залдар, келіссөздер жүргізуге арналған бөлмелерді т.с.с. пайдалану.

2

Кеңселік заттар және қазіргі заманғы телекоммуникациялық құралдарды беру.

Ұжымның пайдалануына арналған құрал- жабдықтар беру;интернет. Видеоконференция, хатшылық қызметтер; ақпараттық қызметтер, жарнамалық, баспа және басқа да қызметтер т.б.

3

Кеңсе берушілік (консалтингтік) қызметтер.

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген аспектілері бойынша мамандардың алғашқы және жүйелі кеңестері, маркетингтік стратегия, бизнес- жоспар әзірлеу;заңдық кеңестер; бухгалтерлік қызметтер; салықтық заңнамалар; кедендік рәсімдеу тәртібі т.б.

4

Оқыту бойынша қызметтер

Кәсіпкерлік іс-жүргізуді; менеджмент пен маркетингті оқыту; семинарлар мен «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру т.б.

5

Іскерлік қарым-қатынасты нығайту

Іскер әріптестер мен инвесторлар тарту; Сыртқы әріптестермен (шикізатты жеткізушілер, дистрибьюторлар) байланысты күшейту т.б.;

6

Сыртқы клиенттерге қызметтер

Жобаларды сараптау, талдау және қаржылық болашағын бағалау т.с.с.

Бизнес-инкубаторлардың шеңберінде кәсіпорындардың қызметі мынандай сатылардан өтеді:



  1. Үміткерлер ішінен жаңа клиенттерді таңдау.Таңдаудың негізгі өлшемі идеяның жаңашылдығы және оны нақты жүзеге асыру мүмкіндігі.

  2. Бизнес-инкубатор тарапынан белсенді қызметтер көрсету.Клиент қаржылық,техникалық,кеңес берушілік т.б көмектер алады.

  3. Кәсіпорынның өсуі,жұмыскерлер санның өсуі.Бұл сатыда бизнес-инкубатор көрсететін қызметтер көлемін қысқарады.

  4. Кәсіпорынның бизнес-инкубатордың шығуы және дербес шаруашылық жүргізу субьектісіне айналу.

Бизнес-инкубаторларды құру кезінде облыстық немесе қалалық әкімдіктер,корпорациялар,қауымдастықтар мен кәсіподақтар,университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары,үкіметтік емес ұйымдар т.б маңызды рөл атқарады.Осы аталғандарды әлеуетті құрылтайшылар ретінде қарастыруға болады.

Бизнес-инкубаторлардың кәсіпкерлікті дамытудағы ықпалы кең ауқымды болып келеді.Әртүрлі елдердегі бизнес-инкубаторларды салыстыру кезінде халықаралық деңгейде қолданылатын және көптеген елдердің тәжірибесіне негізделген бірқатар көрсеткіштер бар.Олар мыналар:



  • Бизнестің құрылуы мен өмір сүруі;

  • Қызмет көрсетілетін нарықтар мен бизнестің өсуі;

  • Табысы төмен немесе аз адамнан құралған компаниялар;

  • Кластерлік даму;

  • Қаржылық көрсеткіштер;

  • Тауарлар мен қызметтер нарығының кеңеюі;

  • Клиенттің компаниясындағы инвестициялар;

  • Құрылған және сақталған жұмыс орындары т.с.с.

Бизнес-инкубатордағы есептелетін көрсеткіштер келесі кестеден (24-кесте) көруге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет