«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Кәсіпкерлік қызметті тоқтату және



бет51/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
14.1 Кәсіпкерлік қызметті тоқтату және

кәсіпкерлік ұйымдардың таратылуы
Еліміздің заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет заңды тұлға құрмастан (дара кәсіпкерлік ) және заңды тұлға құру (түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындар құру) арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты олардың кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы мен таратылуы бойынша өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметті тоқтату себептері мен шарттарын,тарату тәртібін қарастырайық.

Дара кәсіпкерлік үшін де заңды тұлғалар үшін де кәсіпкерлік қызметті тоқтату 2 түрде :ерікті және мәжбүрлі тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңына сәйкес (28-бап), дара кәсіпкердің қызметі өзіндік кәсіпкерлік кезінде дара кәсіпкер өз бетімен,бірлескен кәсіпкерлік кезінде барлық қатысушылар бірлесіп қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта ерікті түрде тоқтату үшін тіркейтін органға кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді.

Бірлескен кәсіпкерлік жағдайында оған қатысушылардың жартысы кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға дауыс берсе,онда кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешім қабылданды деп саналады(егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе).

Дара кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда сот шешімі бойынша мәжбүрлі түрде тоқтатылады:

1) ол банкрот деп танылса;

2)тіркеу кезінде жіберілген жойылмайтын сипаттағы заң бұзушылықтардың орын алуына байланысты дара кәсіпкерді тіркеу жарамсыз болса;

3) күндізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып қызметін жүзеге асырса;

4) ол қайтыс болды деп жарияланса;

5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылса.

Дара кәсіпкердің қызметі жоғарыда аталғандардан басқа мынадай жағдайларда:

1) өзіндік кәсіпкерлік-дара кәсіпкер әрекетке қабілетсіз деп танылған,қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда;

2)отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік-дара кәсіпкердің әрекетке қабілетсіз болуы және қайтыс болуы салдарынан бірлескен кәсіпкерлік қатысушысының біреуі қалған немесе бір де бірі қалмаған жағдайда,сондай-ақ некені бұзуға байланысты мүлікті бөлу кезінде тоқтатылады.

Кәсіпкерлік қызмет ерікті түрде таратылған жағдайда,дара кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ол туралы салық органына жазбаша түрде хабарлауы тиіс.Кәсіпкер өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 ай ішінде салық кезеңінің басынанбастап кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған күнге дейінгі жасалған салық есептемелерін ұсынады және кәсіпкерлік қызметтің тоқтатылуына байланысты құжаттамалық тексеру жүргізу туралы өтініш жазады.Бюджет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына құжаттық тексеру жүргізгеннен кейін және тіркеу (салық)органына дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті өткізгенсоң кәсіпкердің қызметі тоқтатылды деп есептеледі және ол Мемлекеттік тіркелімнен(регистрден) шығарылады.

Кәсіпорынды тарату меншік иесінің не болмаса уәкілетті органның шешімі бойынша іске асырылады.Яғни,ерікті және мәжбүрлі түрде жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес(49-бап),заңды тұлғаның мүлкін меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның,сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген органының шешімімен(ерікті түрде тарату)заңды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін.

Егер кәсіпорын ерікті түрде таратылатын(жойылатын)болса,бірақ оның мүлкі кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда,борышкер оны банкрот деп тану туралы жазбаша түрде сотқа өтініш беруі тиіс.Мұндай жағдайда ҚР <<Банкроттық туралы>>заңына сәйкес сот тәртібімен немесе соттан тыс (кредиторлардың бақылауымен)тарату арқылы іске асырылады.Борышкер сотқа жүгінбестен және тарату үрдісін дербес жүргізген жағдайда,оның басқарушысы қамтамасыз етілмеген мүліктері,қарыздары бойынша субсидиарлы жауапкершілікте болады.

Кәсіпорынды тарату ерікті түрде жүргізілсе және активтері міндеттемелерін жабуға жеткілікті болса, меншік иелері кредиторлар мен соттың қатысуынсыз азаматтық заңнаманың жалпы ережелері бойынша дербес ұйымдастырады.

Шаруашылық серіктестіктер,акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерді ерікті түрде тарату олардың қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша іске асырылады. Ал мемлекеттік кәсіпорындарды тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, коммуналдық кәсіпорындарды тарату жеткілікті әкімшіліктің шешімі бойынша орындалады.

Ал соттың шешімі бойынша (мәжбүрлі түрде)кәсіпорындар мынадай жағдайларда таратылады:

1)банкрот болған кезде;

2)кәсіпорынды құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда;

3)кәсіпорынның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметтерді жүйелі түрде жүзеге асырған жағдайда;

4)қажетті рұқсат алмастан(лицензиясыз),не болмаса заңды бірнеше рет бұза отырып заңмен тиым салынған қызметті жүзеге асырса;

5)заңнамалық актілерде қарастырылған басқа да жағдайларда.Егер сот шешімімен таратылатын заңды тұлғаның мүлкінің құны несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса,ондай заңды тұлға банкроттық туралы заңдарда белгіленген тәртіппен таратылады.Сонымен қатар заңды тұлғалардың жекелеген түрлері мемлекет уәкілдік берген тиісті органның шешімімен заң актілерінде көзделген негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған жағдайлармен қатар кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық нысандарының жекелеген түрлерінің қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты да таратуға негіз болатын талаптар бар. Атап айтқанда,егер толық серіктестікте жалғыз ғана қатысушы қалып, ол 6 ай ішінде басқа қатысушыларды қабылдамаса немесе басқа серіктестік нысанында қайта құрмаса, таратылуы тиіс. Сенім серіктестігінде оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда қызметін тоқтатады немесе таратылады. Бірақ толық серітестер сенім серіктестігін толық серіктестік ретінде қайта құруға құқылы.

Егер шаруа қожалығында бірде бір мүше,мұрагер немесе қожалықтың қызметін жалғастыруды қалайтын басқа да адамдар қалмаса,оның қызметі тоқтатылады,сондай-ақ,жер пайдалану құқығы тоқтатылғанда немесе банкрот болған жағдайда таратылуы тиіс.

Кәсіпорынды тарату келесі кезеңдерден тұрады:

1) Меншік иесінің, уәкілетті органның немесе соттың шешімі бойынша кәсіпорынды тарату туралы шешім қабылдау және тарату комиссиясын (конкурстық басқарушыны) тағайындау. Тарату тәртібі мен мерзімін белгілеу.

2)Басқару бойынша өкілеттіліктің тарату комиссиясына немесе конкурстық басқарушыға өтуі.Тарату жоспарын жасау.

3)Шешім қабылданған күннен бастап 3 күн ішінде тіркеуші органга (аумақтық әділет департаменті) және орналасқан жері бойынша салық комитетін тарату туралы жазбаша хабарлама жіберу.

4)Таратудың салық есептемесін жасау.

5)Кәсіпорынды тарату туралы,сондай-ақ кредиторлардың талап-тілектері бойынша өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты ҚР Әділет министрлігінің ресми басылымдарында жариялау.

6)Кәсіпорынның таратылуына байланысты алдағы уақытта жұмыстан босатылатындығы жөнінде барлық жұмыскерлерді жазбаша түрде ескерту.

7)Жұмыстан босатылатын жұмыскерлер туралы толық мәліметтерді аумақтық жұмыспен қамту орталығына жіберу.

8)Барлық кредиторларды айқындау және таратылатындығы туралы оларға жазбаша хабарлау.

9)Дебиторлық берешектерді айқындау және оларды алуға қатысты іс-шаралар қабылдау.

10)Дебиторлық және кредиторлық берешектердің тізбесін жасау.

11)Орналасқан жері бойынша салық комитетіне барып салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептесулерді тексеру;

12)Талап-тілектерді білдіруге арналған мерзім өткеннен кейін кәсіпорын мүлкінің меншік иесінің немесе тарату туралы шешім қабылдаған органның аралық тарату балансын жасауы және бекітуі.

13)Басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестерін немесе акцияларын сату жолымен құрылтайшылар (қатысушылар)құрамынан шығу.

14)Жарияланған акциялар,соның ішінде орналастырылған акциялар шығаруды жою(акционерлік қоғамдарда).

15)Сот шешімін орындау үшін белгіленген тәртіппен аукциондық саудада мүлікті сатуды ұйымдастыру және жүргізу.

16)ҚР Азаматтық кодексінің 51-бабында белгіленген кезектілік бойынша аралық тарату балансына сәйкес оның бекітілген күнінен бастап таратылатын кәсіпорынның кредиторларына ақшалай төлем жасау.

17)Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті акционерлер немесе қатысушылар арасында бөлу.

18)Тарату туралы шешім қабылдаған органның немесе кәсіпорынның меншік иесінің соңғы(қорытынды )тарату балансын жасауы және бекітуі.

19)Меншік иесінің,уәкілетті органның немесе соттың алдында тарату ісінің(конкурстық өндірістің)аяқталғандығы жөнінде есеп дайындау.

20)Салық комитетінен есептен шығару.

21)Таратылатын кәсіпорынның банктегі банктік шотын жабу.

22)Кәсіпорынның фирмалық мөрін жою және ол туралы орналасқан жеріндегі ішкі істер органының лицензиялық –рұқсат беру қызметінен анықтама алу.

23)Тіркеу (әділет)органына таратудың аяқталғандығы туралы құжаттар топтамасын (пакетін)ұсыну.

24)Тіркеу органынан кәсіпорынның таратылғандығы туралы бұйрықты алу.

25)Таратылған кәсіпорынның құжаттарын мұрағатқа өткізу.

Кәсіпорынды таратуды әділет органында тіркегеннен кейін ғана ол таратылды деп есептеледі.Сондықтан тіркеуші органға таратуды тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1.Белгіленген нысан бойынша таратуды тіркеу туралы өтініш;

2.Меншік иесінің немесе уәкілетті органның мөрмен бекітілген шешімі;

3.Құрылтай құжаттары,мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)туралы куәлік;

4.Кәсіпорынды тарату туралы,сондай-ақ кредиторлардыңталап-тілектері бойынша өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты ҚР Әділет министрлігінің ресми басылымдарында жариялағандығын растайтын құжат;

5.таратылатын кәсіпорынның мүлкінің құрамы,талап-тілектерін білдірген кредиторлардың тізімі,сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын аралық тарату балансы;

6.кәсіпорынды тарату туралы шешім қабылдаған органмен немесе кәсіпорынның меншік иесімен бекітілген тарату балансы;

7. кәсіпорынды тарату туралы шешім қабылдаған органның немесе кәсіпорынның меншік иесінің аралық және тарату балансын бекіту туралы мөрмен расталған шешімі;

8.кәсіпорын мөрін жойғандығы туралы құжат;

9.таратылатын кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерін есептеп шығарғандығын растайтын құжат (олар болған жағдайда);

10.салық бойынша қарызы жоқ екендігі жөніндегі анықтама;

11.аяқталмаған сыртқы сауда мәмілесі кедендік төлемдер бойынша қарызы жоқ екендігі туралы кеден органының анықтамасы;

12.уәкілетті органның шығарылған акцияларды жойғандығы туралы хабарламасы;

13.таратуды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлегендігін растайтын құжат.

Егер тарату тәртібі бойынша қателіктер анықталмаса және барлық іс-әрекеттер талапқа сай орындалса тіркеуші орган кәсіпорын қызметін тоқтатуды (таратуды)тіркеу 10 күннің ішінде жүргізілуі керек.Заңды тұлғаны тарату туралы мемлекеттік регистрге жазылғаннан кейін ғана таратылды деп есептеледі.

Сот шешімі бойынша таратылған кәсіпорынның қызметінің тоқтатылғандығын тіркеу сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.Ал сотпен банкрот деп танылған кәсіпорынды таратуды тіркеу банкрот деп танығандығы туралы соттың шешімі және конкурстық өндірістің аяқталғандығы туралы соттың анықтамасы негізінде жүзеге асырылады.Мұндай жағдайда тіркеу органына кәсіпорынды таратуды тіркеу туралы өтініш жазудың қажеті жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет