«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


-кесте – Бизнес-инкубатордың қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері



бет49/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
file-8557

24-кесте – Бизнес-инкубатордың қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Бизнес – инкубация үрдісінің көрсеткіштері

Тиімділік көрсеткіштері

Пайда мен шығындардың ара-қатынасы

Кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу мақсатымен ұйымдастырылған іс-шаралар саны; бизнес- инкубатордың іс- шараларына тартылған адамдардың саны; ұйымдастырылған тренингтер саны; тренингке қатысқан адамдар саны; бірінші рет байланысқа түскендер саны; ұсынылған өтініштер саны.

Дайындалған бизнес-жоспарлар саны; жаңа компаниялар саны; шағын бизнес субьектілерінде немесе старт- ап компанияларда құрылған жұмыс орындары-ның саны; бизнес-инкубатордың клиенттерімен құрылған жұмыс орындарының саны;

Құрылған сәтінен бастап үш жыл өткеннен кейінгі қалған кәсіпорындар саны; қолдау көрсетілген шағын бизнес субъектілерінің саны т.б.



Құрылған бір жұмыс орнына жұмсалған шығындар; бизнес-инкубаторлардың 100 000 теңге шығындарына келетін жұмыс орындары-ның саны;

Бизнес-инкубаторлардың 100 000 теңге шығындарына келетін жаңа компаниялар саны; бизнес- инкубаторлардың 100 000 теңгесіне жасалған бизнес- жоспарлар саны; бизнес- инкубатордың штаттағы қызметкерінің көмегімен құрылған жаңа компаниялардың, жұмыс орындарының, әзірленген бизнес-жоспарларының саны т.б.



Дереккөз:Бизнес – инкубатор моделі. USAID есебі.

Бизнес-инкубаторлар өз бетінше дербес түрде,сондай-ақ технопарктердің құрамында да қызметін жүзеге асыруы мүмкін.

Технологиялық парк дегеніміз-технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметі іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешені бар аумаққа меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға.Технопарк шағын инновациялық фирмалардың дамуы үшін қолайлы орта қалыптастырады.Ол әртүрлі орталықтардан (маркетингтік,зерттеушілік,оқыту т.б) тұрады және олардың әрқайсысы белгілі бір қызметтер жиынын көрсетеді.Технопарктер инновациялық қызметті дамытуды қолдайды және нарыққа дайын ғылыми-техникалық жаңашылдықты шығаруға мүмкіндік береді.Технопарктер алғаш рет шет елдерге пайда болды,атап айтсақ,1950 жылы АҚШ-тың Стэнфорд университетінде құрылды.

Технопарктер индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтердің бірі.Олардың қызметінің негізгі түрі индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерінің жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде оларға үй-жайлар,жабдықтар беру,бухгалтерлік есеп жүргізу,заңдық,ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу,инвестициялар тарту,жобаларды басқару бойынша қызметтер,сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер ұсынуды білдіретін технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар жатады.Ал технологиялық бизнес-инкубациялаудың мақсаты-инновацияларды енгізу және солар арқылы кәсіпкерлік қызметтің дамуына көмектесу.

Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы щеңберінде қамтамасыз етілетін қызметтердің негізгі бағыттарына төмендегілер жатады:



  1. бухгалтерлік ,маркетингтік,экономикалық,заң қызметтерін көрсету;

  2. инфрақұрылымынмын қамтамасыз ету;

  3. жобаларды кәсіби басқару;

  4. бизнес-жоспар дайындау;

  5. инжиниринг,мамандандырылған консалтинг,техниалық құжаттарды дайындау;

  6. жобаны жылжыту,жалпы және әкімшілік қолдау көрсету;

  7. сынау,сертификаттау,лицензиялау;

  8. Қазақстан Республикасында патенттеу;

  9. өнімді нарықта сынақтан өткізу апробациялау;

  10. бизнес-жоспарлау мен инновациялық мененджмент негіздеріне оқыту.

Технопарктер қызметін мынандай сипаттамалар бойынша да қарастыруға болады:

  1. өзіне тиесілі жылжымайтын мүлігі және жері болады;

  2. ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелеріне іскерлік байланыста болады;

  3. ғылыми сыйымдылықты және жоғары технологиялық кәсіпорындар қалыптастырады немесе өнімдер өндіреді;

  4. ҒТП-ның дамуына сай техникалар мен технологияларды ұдайы жаңартып отырады.

Еліміздің инновациялық дамуында технопарктердің маңызы жоғары.Қазақстанда технопарктерді құру мен одан әрі дамыту экономиканың бәсекеге қабілетті өңдеуші секторын қалыптастыруда мынандай бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік шешуге мүмкіндік береді:

  • Ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты нығайту;

  • Заманауи озық технологияларды енгізу ;

  • Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру;

  • Бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру.

Қазақстанда технопарктердің екі деңгейлі жүйесі қалыптасқан ұлттық және аймақтық.Ұлттық технопарктердің негізгі айырмашылығы-салық салу жеңілдіктері қолданылатын еркін экономикалық аймақ( ЕЭА) режимі мен олардың қызметінің салалық бағытталуы.Мұндай технопарктер ұлттық экономиканың болашақтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа салаларды құруға бағытталға.Еліміздің ұлттық ғылыми-технологиялық парктердің қатарына келесілерді жатқызуға болады :«Алатау» ақпараттық технологиялық паркі( «Alatau It-City Management ЖШС ),Атырау қаласындағы «Ұлттық индустриалдық мұнай – химия технопаркі», Курчатов қаласындағы «Тоқамақ» ядролық технологиялар технопаркі, Приозерск қаласындағы «Ғарыштық мониторинг технопаркі».

Аймақтық технопарктердің мақсаты – аймақ экономикасының инновациялық өнімдерге деген қажеттілігін қамтамасыз ету, аймақтың инновациялық әлеуетін анықтау және дамыту.

Қазақстанда мынадай аймақтық технопарктер құрылып, қызметін жүзеге асырып отыр:


  1. «Алгоритм» технопаркі ЖШС (Орал қаласы);

  2. «Алматы аймақтық технопаркі» ЖШС;

  3. «Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі» АҚ;

  4. «Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркі» АҚ;

  5. «Алтай» Шығыс Қазақстан аймақтық технопаркі ЖШС (Өскемен қаласы);

  6. «Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық технопаркі» ЖШС;

  7. «Ақтөбе аймақтық индустриалдық технопаркі» ЖШС;

  8. «Астана қаласының аймақтық техноопаркі»;

  9. «Сарыарқа» технопаркі ЖШС («UniScien Tech технопаркі») (Қарағанды қаласы).

Қазақстандық технопарктерге тән белгілердің бірі – олар ірі кәсіпорындардың және ғылыми – зерттеу, білім беру ұйымдарының территориясында орналасқандығы. Технопарктердегі жұмыстар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ғылыми орталықтардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми – зерттеу институттарының қатысуымен орындалады. Жоғарыда аталған аймақтық технопарктердің екеуі («Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі» АҚ, «әл – Фараби атындағы ҚазҰУ технопаркі» АҚ ) университеттің жанынан құрылса, бірқатар технопарктер жұмысына «Алтай» Шығыс Қазақстан аймақтық технопаркі ЖШС (Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті), «Алматы аймақтық технопаркі» ЖШС (Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясы) жоғары оқу орындары тартылған.

Елімізде кәсіпкерліктің дамуына арнайы экономикалық аймақтар да өзіндік ықпалын тигізеді. Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңына сәйкес, арнайы экономикалық аймақ – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі. Оны өз бизнесін орналастыратын компаниялар үшін мемлекет тарапынан ынталандыру пакетін (мысалы, жеңілдетілген кедендік режим, салықтық жеңілдіктер) ұсынатын, бір ұйыммен басқарылатын, ерекше әкімшілік режимі мен анық белгіленген шекаралары бар географиялық оқшауланған аймақ ретінде де сипааттауға болады.

Арнайы экономикалық аймақ қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілеттті өндірістерді жедел дамыту, экономика салаларына және өңірлерге инвестициялар, жаңа технологиялар тарту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында құрылады.

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағынан басқа барлық экономикалық аймақтарды басқарушы компания басқарады. Басқарушы компания деп арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлғаны айтамыз. Мұндай компанияны ҚР Үкіметі, әкімдіктер, жеке меншіктегі заңды тұлғалар (шетелдік заңды тұлғалар) құруы мүмкін.

Арнайы экономикалық аймақ мемлекеттік органдардың бастамасымен құрылған жағдайда мұндай компанияның дауыс беретін акцияларының кемінде 50 мемлекетке тиесілі болуы керек. Ал егер жеке меншік заңды тұлғалардың бастамасымен құрылатын болса дауыс беретін акцияларының кемінде 26 мемлекет иеленуі тиіс.

Арнайы экономикалық аймақта жүзеге асырылатын қызмет түрлері және қосалқы болып бөлінеді. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруды жоспарлаған және сол аймақта салық төлеуші ретінде тіркелген заңды тұлғалар (шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы бола алады.

Төменде берілгендер арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары бола алмайды:


  1. Жер қойнауын пайдаланушылар;

  2. Акциздік тауарлар өндіретін ұйымдар;

  3. Арнаулы салық режимін қолданатындар;

  4. Инвестициялық салықтық преференцияларды қолданатындар;

  5. Ойын бизнесі саласында қызметін жүзеге асыратындар.

Барлық арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін мынадай салықтық жеңілдіктер қарастырылған:

  • Корпоративті табыс салығынан босату;

  • Жер салығынан босату;

  • Мүлік салығынан босату;

  • Арнайы экономикалық аймақтың аумағында сатылатын тауарларға қосымша құн салығы нөлдік стаавка бойынша салынады;

  • Басқа да жеңілдіктер (шетелдік жұмыс күшін жалдаудың оңайлатылған тәртібі; 10 жылға дейін жер телімін тегін беру).

«Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА мен «Астана – жаңа қала» АЭА – ның қатысушылары үшін басқа да қосымша салықтық жеңілдіктер бар.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында 9 арнайы экономикалық аймақ құрылған, оның ішінде үш экономикалық аймақ Индустрияландыру бағдарламасының аясында 2011 жылдың соңында нақты салалық бағыт бойынша құрылған.

Олар: Қарағанда облысындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы металлургия және металл өңдеу саласына бағытталған. Алматы облысындағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық айймағы көліктік-логистикалық саланы дамытуды мақсат тұтады. Ал Павлодар облысындағы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы химия және мұнай химия өнеркәсібін дамытуды көздейді.

Қалған 6 арнайы экономикалық аймақтарға төмендегілер жатады:



  • «Астана – жаңа қала» АЭА (Астана қаласы);

  • «Теңізпорт Ақтау» АЭА (Маңғыстау облысы);

  • «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА (Алматы қаласы);

  • «Оңтүстік» АЭА (Оңтүстік Қазақстан облысы);

  • «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопарк» АЭА (Атырау облысы);

  • «Бурабай» АЭА (Ақмола облысы).

Арнайы экономикалық аймақтарды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады:

  1. Өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар: «Теңізпорт Ақтау», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопарк», «Павлодар», «Сарыарқа»және «Астана-жаңа қала»;

  2. Сервистік аймақтар: «Бурабай», «Астана-жаңа қала», «Қорғыс-Шығыс қақпасы»;

  3. Техникалық-енгізу аймағы: «Ақпараттық технологиялар паркі».

Мемлекет индустриялық аймақтар құру арқылы да кәсіпкерліктің дамуына көмектеседі.Индустриялық аймақтар 100 жылдан астам бұрын Ұлыбритания мен АҚШ-та пайда бола бастады.Батыс Еуропада индустриялық құрылымдық қайта құрудың құралы ретінде қолданылып отырған кезде,Азия елдерінде аймақтарды құрудың негізгі мақсаты,көбінесе,елдің жедел экономикалық дамуы болып табылады.

Индустриялық аймақтар деп коммуникациялармен қамтамасыз етілген,мемлекет жеке кәсіпкерлік субьектілеріне өнеркәсіп обьектілерін орналастыру және пайдалану үшін беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді айтамыз.Индустриялық аймақтар жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Индустриялық аймақтардың міндеттері:


  1. Өнеркәсіп саласыңдағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу;

  2. Жаңа өндірістер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;

  3. Өндіріс тиімділігін арттыру;

  4. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Әрбір индустриялық аймақтың мамандануы аймақтарды ұйымдастырудың мынандай мақсаттарына сәйкес айқындалады:

  1. Өнеркәсіптің белгілі бір салаларын дамыту.

  2. Белгілі бір өңірлерді дамыту.

  3. Шағын және орта бизнесті дамыту.

Индустриялық-инновациялық даму жағдайында технополистерді де дамытудың маңыздылығы жоғары.Технополис –қаланың немесе аймақтың шеңберінде қызмет ететін технопарктер,инкубаторлар және өзге инновациялық құрылымдар кешені.Басқаша айтқанда,технополис жекелеген қала немесе аймақ негізінде құрылған және сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге септігін тигізетін дамыған инфрақұрылымы бар біртұтас ғылыми-өндірістік кешенді білдіреді.

Технополистер өздері орналасқан аймақтардың дамуына айтарлықтай ықпал етеді және мыналарға мүмкіндік береді:



  • Инновациялық белсенділікті арттыруға;

  • Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға;

  • Жаңашылдықты коммерцияландыруды жеделдетуге;

  • Жаңа жұмыс орындарын құруға;

  • Инновациялық қызмет механизмін жетілдіруге;

  • Өнеркәсіптің ғылыми сыйымдылығын дамытуды күшейтуге ;

  • Экономиканың инновациялық қабілетін арттыруға және т.б.

Технополистерді құру кезінде жергілікті билік жергілікті міндеттерді шешуге мүдделік танытады. Технополистердің басқа инновациялық инфрақұрылым элементтерін басты айырмашылығы-шағын ауданда ғылым мен инновациялық үрдіске қатысы бар барлық ресустардың шоғырлануы. Технополистерді құру идеясы алғаш рет Жапонияда 1982 жылы «Технополис» жобасының негізінде жүзеге асырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет