«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін


Кәсіпкерлікті қолдаудың заманауи институттарының дамуы: бизнес-инкубаторлар, индустриалдық аймақтар және технологиялық парктер



бет47/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
13.3 Кәсіпкерлікті қолдаудың заманауи институттарының дамуы: бизнес-инкубаторлар, индустриалдық аймақтар және технологиялық парктер

Қазіргі кезде кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына бизнес- инкубаторлар, технологиялық парктер, интустриалық аймақтар оң әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті қолдаудың осы аталған заманауи институттарына қысқаша тоқталайық.

Бизнес-инкубатор ағылшынның «business incubator» деген екі сөзінен шыққан. Бұл сөз жаңа кәсіпорындарды құрудың икемді әдістерінің жүйесі дегенді білдіреді. Бизнес -инкубаторлар тек АҚШ-та ғана емес Франция, Германия, Швеция, Англия, Жапония, Қытай сияқты елдерде де кеңінен тараған.Бірақ олар әр елде әртүрлі аталады (инновациялық орталық, кәсіпкерлік орталық, бизнес және технология орталығы т.б). Бизнес-инкубатор – кәсіпкерлерді қажетті кеңестермен (консультация) және түрлі қолдаулармен қамтамасыз ететін бизнесті қолдау бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңына сәйкес, бизнес-инкубатор бұл шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, құрал-жабдықтар беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға.

Бизнес инкубаторлар әртүрлі бағытта құрылуы мүмкін және соған байланысты оның әртүрлі түрі қалыптасты. Олар төмендегілер:


  • әлеуметтік бағыттағы инкубаторлар (өзінің қызметін белгілі-бір әлеуметтік топтарға бағыттайды);

  • халықаралық бизнес-инкубатор (қаржылық және технологиялық көмек түріндегі шетелдік инвестицияларға негізделеді);

  • өнеркәсіптік бизнес-инкубатор (ірі кәсіпорындармен іскерлік байланыста болады және олардың өнімдерін сатушы ретінде әрекет етеді);

  • салалық бизнес-инкубатор (белгілі-бір саланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған);

  • университеттік бизнес-инкубатор (ғылыми әзірлемелерді коммерциализациялауды жүзеге асырады);

  • технологиялық бизнес-инкубатор (негізгі клиенті жоғары білікті инженерлер мен өнертапқыштары бар кәсіпорындар болып табылады) т.с.с.

Бизнес – инкубатордың мынадай негізгі екі міндетін бөліп көрсетуге болады:

  1. Бизнес – инкубаторға орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік сцубьектілерін іріктеу;

  2. Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне білім беру, маркетингтік, консалтингтік және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету.

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің мәліметіне сүйінсек, қазіргі кезде елімізде 20 бизнес инкубатор ғана жұмыс жасап отыр. Солардың ішінде Шымкент қаласында қызметін табысты іске асырып отырған «Собди» бизнес-инкубаторын атап көрсетуге болады. Соңғы жылдары елімізде студенттік бизнес-инкубаторлар көптеп құрыла бастады. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унмверситеті, Шымкент қаласындағы Мирас университеті, Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті т.б. жанынан осындай бизнес-инкубаторлар құрылған.

Бизнес-инкубаторларды арнайы іріктеліп алынған шағын кәсіпорындарды өз алаңдарына жеңілдік шарттарымен орналастыратын және оларға консалтингтік, бухгалтерлік, білім беру, кеңселік қызметтер көрсететін құрылым деп те атауға болады. Шартты түрде бизнес- инкубаторлардың шағын кәсіпорындарға көрсететін қызметтерін келесі кесте (23-кесте) түрінде көрсетуге болады.

Көптеген бизнес-инкубаторлар халықаралық тәжірибеде әзірленген инфрақұрылымның нысанын құру тұжырымдамасына сәйкес келе бермейді. Олар кеңселік немесе өндірістік үй-жайлар берумен ғана шектеледі, өздерінің міндеттерін дұрыс орындамайды немесе мүлдем орындамайды. Сондықтан да бизнес-инкубаторлардың шағын кәсіпкерлікті дамытудағы орны мен рөлі, маңызы жоғары екендігіне көңіл бөлінуі тиіс.

Бизнес – инкубаторлар қысқа мерзім ішінде, әдетте, 3-5 жыл, ал инновациялық кәсіпорындар үшін 7 жылға дейін тұрақты қызмет ететін, нарықта бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың қалыптасуына және олардың дамуына жағдай жасайтын құрылым ретінде де қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет