«Экономика және қаржы» кафедрасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарының студенттері үшін



бет53/55
Дата05.04.2022
өлшемі361,63 Kb.
#29996
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
тұрақсыздығы (банкроттығы)

Кәсіпкерлік тек пайда табуды ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысушылар үшін қарыздарды төлей алмау тәуекелін де туғызады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пайда болған төлем қабілетсіздік, бір жағынан, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыра алмаса, екінші жағынан, өзіне және үшінші тұлғалар (құрылтайшылар, қатысушылар) үшін қолайсыз салдарлардың ( қарыздың ұлғаюы, қаржы-шаруашылық қызметінің тоқтауы, мүлікті басқарудан аластату т.б.) туындауына алып келеді. Сондықтан да мұндай жағдайда кәсіпкер банкроттықты жүргізу тәртібін немесе оңалту рәсімін қолданудың, сондай-ақ дағдарысқа қарсы басқарудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негіздерін білуі тиіс.

Банкроттық туралы заңнама төлемсіздік дағдарысын болдырмау, мерзімі өткен борыштардың одан әрі өсуін шектеу, болуы мүмкін теріс салдарлардың алдын алу мақсатында төлем қабілетсіз борышкергеқатысты қолданылатын құрал ретінде қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» заңына сәйкес, банкроттық деп болышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігін айтамыз. Ал дәрменсіздік-сот немесе борышкер мойындаған, кредиторлардың ақшалар міндеттемелер бойынша талаптарын (жалақы төлеу жөніндегі талаптарын қоса алғанда) борышкердің толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі. Басқаша айтсақ, банкроттық-шаруашылық субъектінің қарыздық міндеттемелері бойыншатөлем жасай алмауы және қаражаттың жоқтығынан ағымдағы негізгі қызметін қаржыландыру мүмкіншілігінің болмауы.

Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы мынадай жағдайлармен байланысты болып келеді:



  • кәсіпкердің кінәсінен емес, ойламаған міндеттемелердің туындауымен немесе төтенше жағдайлардың (апатты жағдайлар, әскери іс-әрекеттер, саяси тұрақсыздық, елдегі дағдарыс т.б.) орын алуымен байланысты «бақытсыз» жағдайлармен;

  • кредиторларға қарыздарды төлеуден қашу мақсатымен өз мүлкін саналы түлде жасыру нәтижесінде орын алатын «жалған» жағдайлармен;

  • кәсіпкерлік қызметте тәуекелді операцияларды жүзеге асыру кезінде жалған жұмыстардың тиімсіздігі салдарынан орын алатын «абайсыз (епсіз)» жағдайлармен.

Бірінші жағдайда мемлекет тағдарысты жағдайдан шығу үшін кәсіпорындарға көмек көрсету тиіс. Саналы түрде қаскүнемдік мақсатпен жасалған банкроттық қылмыстық жауапқа тардылады. Үшінші жағдай бірте бірте анықталады және кеңінен таралған қалыпты жағдай болып табылады. Оны өз кезегінде «әлсіз» жерлерді анықтауға және нақты іс-шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Еліміздің қолданыстағы заңнамаларына сәйкес заңды тұлғаның банкроттық белгілерін анықтау оның төлем қабілетсіздік қағидасына негізделеді. Төлем қабілетсіздік деп борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігін айтамыз. Егер борышкер міндеттемесін орындау мерзімі жеткен кезден бастап үш ай ішінде орындамаса, ол төлеуге қабілетсіз деп есептеледі. Яғни, осы мерзім өткеннен кейін кредиторлар борышкер-кәссіпорынды банкрот деп тану туралы сотқа жүгіне алады. Ал борышкердің қалпына келтіру мүмкіндігі болмаған кезде оның өзін банкрот деп тану туралы сотқа өтініш бере алады. Осы өтініш негізінде банкроттықты сот белгілейді.

Борышкердің қалпына келтірілу мүмкіндігі болса немесе оған алдағы жыл ішінде ақшалай міндеттемелерді орындайтындай шамасы болмаса, онда оның оңалту рәсімін қолдану туралы сотқа жүгінуге құқығы бар.

Мынадай жағдайларда банкроттық туралы істерді сот қарайды:



  • егер кредитордың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі салықтық берешегі (борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда) боынша талабы жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;

  • егер өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы дара кәсіпкерлер үшін 300 айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын, заңды тұлғалар үшін 1000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса.

Төмендегі жағдайларда сот борышкерді банкрот деп таниды және конкурстық іс жүргізуді қозғау туралы шешім шығарады:

  1. Іс қозғалған кезден бастап екі айдан аспайтын мерзімде соттың істі қарауы барысында борышкер өзінің төлем қабілеттілігін дәлелдей алмағанда;

  2. Іс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзімде борышкердің өз жауабында дәрменсіздігін мойындағанда;

  3. Іс қозғалған бастап он күннен аспайтын мерзімде, оның дәрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкер өзін банкрот деп тану туралы арыз бергенде.

Сот банкроттықнемесе оңалту туралы істі сот отырысында қарап, мынадай сот актілерінің бірін қабылдай алады:

  1. борышкерді банкрот деп тану және конкурстық іс жүргізуді қорғау туралы шешім;

  2. борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім;

  3. оңалту рәсімін қолдану туралы шешім;

  4. оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешім;

  5. іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым.

ҚР-ның «Банкроттық туралы» заңына сәйкес банкроттың түрі анықталған:жалған банкроттық және әдейі банкроттық.

Жалған банкроттық деп коммерциялық қйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ дара кәсіпкердің кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру, ұзарту немесе борыштардан шегерім жасатқызу және борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы жалған хабарламасын айтамыз. Ал, әдейі банкроттық дегеніміз коммерциялық ұйым басшысының немесе менжік иесінің, сондай-ақ дара кәсіпкердің жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы.

Борышкердің әдейі немесе жалған банкроттыққа ұшырауына кінәлі лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауапқа тартылады.

Мәселен, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес (216-217 баптар), әдейі банкроттық ірі зиянға немесе өзгеде ауыр зардаптарға әкеп соқса, 700-1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге не болмаса 300-500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал, жалған банкроттық жағдайындағы әрекет ірі зиян келтірсе, 800-1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не болмаса 300-500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Сонымен қатар, банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер бойынша да жауапкершілікке тартылу көзделген.Банкроттық жағдайында немесе банкроттылықты алдын ала біле отырып, борышкер ұйымының басшасы (меншік иесі) немесе дара кәсіпкер мүлікті немесе мүліктік міндеттеді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктеншығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау арқылы ірі зиян келтірсе, 1000-1500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не болмаса 700-1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл сала отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады. Өзінің шын мәнінде дәрменсіздігін (банкроттығын) білетін борышкер ұйымының басшысы немесе меншік иесі, сол сияқтыконкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік берілген адам басқа кредиторларға әдейі зиян келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын заңсыз қанағаттандыру ірі мөлшерде зиян келтірген болса, 700-1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не болмаса 300-500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығына айыру жазасы қолданылады.

Кәсіпорынның әдейі немесе жалған банкроттыққа ұшырауы, көбінесе, мынадай іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде орын алады:



  • мүліктіжәне ол туралы мәліметтерді немесе мүліктік міндеттемелерді жасыру;

  • борышкердің нақты алуға болатын дебиторлық берешектерді жасыру;

  • айтарлықтай өтімді активтерді үшінші тұлғалардың иелігіне немесе меншігіне, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына заңсыз негізде қайтарымды немесе қайтарымсыз беру;

  • бухгалтерлік және басқа да есептік құжаттарды бұрмалау немесе жою;

  • кәсіпорын үшін тиімсіз шарттар жасасу;

  • кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін жоғарылату үшін барлық пассивтерді топтастыру;

  • дебиторлық берешекте өз уақытында талап етпеу немесе кешіру т.б.

Банкроттықтың алғышарттары көптеген ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттестік нәтижесі ретінде сипатталады. Мұндай факторларды келесі түрде жіктеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет