Сыртқы факторлар. Оған жататындар:
экономикалық факторлар: ел экономикасының дағдарысты жағдайы, өндірістің жалпы төмендеуі, инфляция, қаржы жүййесінің тұрақсыздығы , ресурстарға бағаның өсуі, нарық конъюнктурасының өзгеруі, әріптестердің төлем қабілетсіздігі және банкроттығы т.б.
халықаралық бәсекенің күшеюі және интеграциялық үдеріс жағдайындағы мемлекеттік саясаттың ықпалы;
саяси факторлар:қоғамдағы саяси тұрақсыздық, мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты, экономикалық байланыстардың үзілуі, экспорт пен импорт шарттарының өзгеруі, заңнаманың жетілмеуі т.б.
демографиялық факторлар: халықтың саны, құрамы, халықтың әл+ауқат деңгейі, халықтың төлем қабілетті сұранысы мен қажеттілігінің құрылымы және мөлшері т.б.
Ішкі факторлар. Мұндай факторларға жататындар:
меншікті айналым капиталының тапшылығы және соның салдарынан тиімсіз өндірістік –коммерциялық қызметтің немесе тиімсіз инвестициялық саясаттың жүргізілуі;
техникалар мен технологиялардың және өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейі
кәсіпорынның өндірістік әлеуеті мен ресурстарын пайдалану тиімділігінің төмендеуі және зиянның, өзіндік құнның деңгейінің жоғары болуы;
дайын өнімнің, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің нормадан тыс жинақталуы және осыған байланысты капиталдың айналымдылығының төмендеуі;
кәсіпорынның жауапсыз клиенттерінің ұлғаюы, яғни төлемдерді кешіктіріп жасау немесе банкроттық себебімен мүлде төлемеуі;
өнімді өткізу нарықтарын зерттеу, тапсырыстар портфелін қалыптастыру, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату, баға саясатын әзірлеу бойыншы маркетингтік қызметті ұйымдастыру деңгейінің төмендігі;
тиімсіз шарттармен кәсіпорын айналымына қарыз қаражаттарын тарту т.б
Елімізде кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігіне жол бермеу және қаржылық сауықтыру шараларын іске асыру мақсатында айтарлықтай мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр. Осы мақсатта 2011 жылы арнайы бағдарламада қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4наурыздағы қаулысымен «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)» қабылданды. Бұл бағдарламаның мақсаты-бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бағдарламаның мынадай негізгі 2 міндетін бөліп көрсетуге болады.
Жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді сауықтыру (оның ішінде қаржылық)
Жұмыс орындарының барынша мүмкін санын сақтау.
Бағдарламаны үш кезеңде жүзеге асырылады:
Бірінші және екінші кезеңдер - 2011 жыл. Бұл кезең алдын ала іріктеу кезеңі болады.
Екінші кезең-сауықтыру жоспарларын қарау және бағдарламаға қатысушыларды іріктеу.
Үшінші кезең- 2011-2016 жылдар аралығы. Үшінші кезең бағдарламаны іске асыруды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |