Экономика және кәсіпкерлік негіздерінен Дәрістер қаз 2022-2023 Жазылбек


-дəріс. Тақырыбы: Сұраныс пен Ұсыныс теориясының негіздері



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата15.02.2023
өлшемі410,98 Kb.
#68171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Экономика дәріс

7-дəріс. ТақырыбыСұраныс пен Ұсыныс теориясының негіздері 
Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары): 
1.Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал жасаушы факторлар. 
2.Ұсыныс заңы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар.
3.Икемділік. 
Дəрістің қысқаша мазмұны: 
Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі 
айналған түрі немесе сұраныс – төлем қабілелеттілігі бар тұтыныс. 
Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық 
уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып 
алушылардың саны азайады, яғни сұраныс деңгейі төмен болады жəне 
керісінше, баға төмен болған сатып алушылардың саны мен сатылып 
алынған тауарлардың саны көп болады. 
Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тəуелділік сұраныс заңы деп 
аталады. 
Сұраныс қисығы - сатып алушылардың дəл осы уақытта түрлі бағамен 
экономикалық игіліктің қанша санын сатып алғысы келетінін көрсететін 
қисық. 
Сұранысқа бағадан басқа факторлар да əсер етеді.
Сұраныс қызметі – сұранысты оған əсер ететін əртүрлі факторларға 
байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішіндегі ең маңыздысы осы кездегі 
игілік бірлігінің бағасы болып табылады.
Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да факторлар əсер 
етеді: 
1)
тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы); 
2)
ұнайтын жəне басымдық беретін нəрселердің өзгеруі; 
3)
Бағаны жəне тапшылықты күту; 
4)
Жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы; 
5)
С у б с т и т т ау а р л а р д ы ң ( а л м а с т ы р у ш ы л а р д ы ң ) ж ə н е 
комплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының төмендеуі; 
6)
Сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы) жəне т.б. 
Барлық сатушылар нарықта ең жоғарығы баға алуға ұмтылады.
Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға 
ұмтылады, яғни ұсынысты ұлғайтады.
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденцияның болуы бір жағынан
бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші 
жағынан, баға өскенде кəсіпкер қосымша пайда алады жəне көп 
жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға , өндірісті 
ұлғайтуға мүмкіндік береді. 
Ұсыныс-тауар өндірушілердің нарыққа сатуға ұйғарған бағасы 
белгіленген тауар жиынтығы.
Ұсыныс Сұранысды өндірілген тауар ассортименті мен олардың бағасы 
арқылы қалыптастырылады; ал, Сұраныс болса, тауар Ұсынысының көлемі 
мен құрылымын анықтайды, себебі тұтынушы мойындаған нəрсе ғана ұдайы 
өндіріледі. 
Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы 
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым. 


8апта
№ 8 
дəріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет