5-дəріс. Тақырыбы: Қоғамдық өндірістің нысандары.тауарлы өндіріс. Ақша Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары):
1.Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары мен үлгілері.
2.Натуралды шаруашылық жəне оның эволюциясы.
3.Тауарлы шаруашылығының: мəні, пайда, бөлу жағдайлары мен себептері.
4.Тауар айырбасы. Еңбек құн теориясы тауардың қасиеттері туралы. Құн
заңы.
5. Ақшаның пайда болуы мен мəні. Ақшаның қызметтері.
Дəрістің қысқаша мазмұны: Қоғамдық өндірістің екі формасы бар: натуралды жəне тауарлы.
Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз
қолыңмен жасау жатады. Ол өндіріс күшінің əлсіз дамуы мен өндірген өнімге
қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігінмен сипатта. Біріншісі қандай да
бір болсын өндірістің табиғи элементі болып табылады. Ал екіншісі болса
тарихи сипатқа ие, ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болды.
Өзінің өрленуіне басымдылық жағдайға жетті, кейін анағүрлым жетілген
формаға ороын беріп, құлдырауға түсті. Сондықтан натуралды – адамдар
өнімді айырбасқа нарыққа жеткізуге ұмтылған. Басым форма ретінде
натуралды шаруашылық тарихтың өлшеп берген жолын өтеп берді. Алайда
өндіріс тұтынушы принципі бойынша байланыс (айырбассыз жəне қоғамдық
бөлусіз) аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементін қазіргі заманғы
қоғамның макро, микро деңгейлерінде көрінеді.
Микродеңгей - натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс
кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсеткен бау-бақша жеріндегі жұмыс мысал
бола алады.
Макродеңгей - бір ғана елдің шегінде өзін-өзі қамтамасыз етуге
бағытталған автархия саясатын келтіруге болады.
Тауарлы - өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірілген тұтынушылар
арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын
шаруашылық. Тауарлы шарушылықтың пайда болуының шарты – нақты бір
өнімді шығаруға өндірістің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісі үшл кезеңнен тұрады:
1) мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасында
ұдайы айырбастың пайда болуына жағдай жасады.
2) қол өнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нəтижесінде тауарлы
шаруашылық пайда болды.
3) сауда өндірістен оқшауланды жəне көпестік капитал бөлініп шықты.
Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына
байланысты.
Тауар сату жəне сатып алу үшін өндірістен өнім тауардың екі түрі бар:
тұтыну құны жəне айырбас.
Тұтыну - адамның, қоғамның қандай да болмасын бір қажетін
қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас - тауардың белгілі пропорцияда басқа тауармен айырбасталу
қасиеті.
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.