Экономика және кәсіпкерлік негіздерінен Дәрістер қаз 2022-2023 Жазылбек


-дəріс. Тақырыбы. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата15.02.2023
өлшемі410,98 Kb.
#68171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
6-дəріс. Тақырыбы. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері 
Қарастырылатын сұрақтар (дəріс жоспары): 
1.Нарықтың мəні мен атқаратын қызметтері. Нарықтың түрлері мен жіктелуі.
2.Нарық механизімінің негізгі элементтері: Сұраныс, Ұсыныс, баға, бəсеке. 
3.Əртүрлі белгілеріне сəйкес нарықтың түрлерін жіктеу.
4.Нарықтың түрлері. Нарықтың инфрақұрылымы. 
Дəрістің қысқаша мазмұны: 
Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың 
төмендегідей үлгілері қалыптасқан. Олар жоспарлы-нұсқаулы (əміршілдік-
əкімшілдік), нарықтық, аралас болып келеді. 
Шаруашылықты əміршілдік-əкімшілдік əдіспен ұйымдастыру 
өндірушінің үстемділігіне негізделеді. Бұндай жағдайда, əрине, нарықтық 
механизм қажет емес. Тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы 
шаруашылық байланыстар орталық органдардың шешімі арқылы 
анықталады. Əміршілдік əдісте барлығы алдын ала баланс құру арқылы 
есептелінеді. Орталық органдар өздерінің қарамағындағы шаруашылықтарға 
не өндіру, кімге өндіру жəне қандай бағамен өндіру керек деген сұрақтарды 
бұйрық-нұсқау түрінде беріп отырады. 
Нарықтық механизм бұған қарама-қарсы принципке негізделген, онда 
шаруашылық субъектілердің ешқайсысы сұрақтарды алдын ала, саналы 
түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: 
тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарық арқылы экономиканың 
өзекті үш мəселесін ( не өндіру, қалай өндіру жəне кім үшін өндіру керек? )
шешу мақсатында əрекет етеді.
Нарықтық экономика төмендегілерден көрінетін белгілі бір 
басымдылықтарға ие: 
1)
ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі; 
2)
өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді; 
3)
тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен əрекет ету
бостандығын қамтамасыз етеді; 
4)
ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа 
технологиялары, əдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі; 
5)
өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға жəне 
тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағытталады. 
Нарықтық экономикаға мынандай белгілі бір кемшіліктер тəн: 
1.
табыс алуға кепілдік бермейді; 
2.
толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді; 
3.
қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді; 
4.
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді əлсіз
ынталандырады; 
5.
ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді 
өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді. 
Нарықтық экономиканың əрекет етуі жиынтығында нарық жүйесін 
құрайтын оның белгілі бір элементтеріінің болуын көздейді. 
Нарықтық экономиканың бірінші əрі маңызды элементі өндірушілер 
мен тұтынушылар. 
1
Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым. 


7апта
№ 7 
дəріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет