Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Тілдің дамуы туралы қандай көзқарасты білесіз?



бет49/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
49. Тілдің дамуы туралы қандай көзқарасты білесіз?

Тіл - қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихы мен дамуы коғамның тарихы мен дамуына байланысты болады. Қоғам пайда болғаннан бері тіл қоғамга қатынас кұралы ретінде қызмет етіп, оның дамуымен бірге дамып келеді. Қоғам және оның дамуы тілдің дамуына әсер етпей тұра алмайды. Солай бола тұрса да, тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз заңдары бойынша дамиды.
Тілдің дамуы туралы бірнеше қате көзкарастар болды. Мысалы, Н.Я. Марр тіл дамуының әртүрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға (айталық, феодалдық қоғамға, капиталистік қоғамға) сай келеді деп есептеді.
Ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың тілдің өткен дәуірін - классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер - тілдің азу, бүліну дәуірі деп есептеулері ешбір шындыққа жанаспайтын, мүлдем қате көзқарас.
Неміс лингвисі Август Шлейхер тілдің дамуының өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ, - деп есептейді. Шлейхердің пікірінше, тіл биологиялық организм сияқты туады, өседі, қартаяды, ақырында өледі. Бұл да қате көзқарас. Тіл - биологиялық құбылыс емес, қоғамдық құбылыс. Осылай болғандықтан бұл екеуінің даму жолдары әр басқа. Тілдің дамуының өзіне тән заңдылықтары бар, тірі организмдердің дамуының өзіне тән заңдары бар. Демек, бұл екеуін бірдей деп есептеу қате.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет