Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Дыбысқа еліктеу теориясы дегеніміз не және кемшілігі неде ?



бет45/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
ТБК емтихан жауаптары (копия)

43. Дыбысқа еліктеу теориясы дегеніміз не және кемшілігі неде ?

Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы». Бұл теория ежелгі грек философиясынан басталады. Ол әсіресе 17-18 ғасырда кең өріс алды. Мұның өкілі - неміс философы Г. Лейбниц (1646-1716). Аталған теория тілдің шығуын былайша түсіндіреді: Алғашқы адамдар жануарлардың дауыстарын, құстың сайрауын, судын сылдырын, желдің гуілін естіп соларға еліктеуден әр түрлідыбыстарды шығарған. Сол дыбыстардан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналды, - дейді.
Түрлі тілдерде қарк-қарқ, мияу-мияу, шиқ-шиқ, гу-гу, тарс-тарс тәрізді еліктеуіш сөздер бар екені рас. Бірақ бұған қарап тіл тек қана дыбысқа еліктеуден шықты деуге болмайды. Өйткені табиғатта дыбыс шығармайтын заттар да көп екені, олардың да атаулары бар екендігі даусыз.
Бұл теория тілдің пайда болуының әлеуметтік себебін ескермеді. Дыбысқа еліктеу теориясын жақтаушылар тілді «табиғат сыйы» деп қарайды. Ал шындығында тіл қоғамның жемісі. Ол қатынас жасау қажеттілігінен туған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет