Экзаменационные вопросы Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті


Сөз таптарының таптастырылуда қандай принциптерге сүйенеді?



бет42/50
Дата27.01.2022
өлшемі57,76 Kb.
#24419
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
41. Сөз таптарының таптастырылуда қандай принциптерге сүйенеді?

Ф.Ф. Фортунатов болса сөз таптарын морфологиялық-грамматикалық (формальды-грамматикалық) категория деп қарайды. Ол сөздерді алдымен «түрленетін» және «түрленбейтін» (үстеу) сөздер деп топтастырады да, түрленетін сөздерді «септелетін» (зат есімдер), «жіктелетін» (етістіктер) сөздер деп, іштей тағы да жіктейді.
О.П.Суник пен А.А.Реформатскийлер сөз таптарын таза грамматикалық категория ретінде қарастырады. Мәселен, О.П.Суниктің пікірінше, тіл білімінде сөз таптарын топтастыруда негізге алынып жүрген заттылық (зат есімдерге тән), анықтауыштық немесе атрибутивтік (сын есімдерге тән), іс-әрекеттік немесе процессуальдық (етістіктерге тән) мағыналарды жалпы грамматикалық мағыналар деп қарап, бұларды басқа сөз таптарынан ажырататын белгілер деп есептейді.
Сөз таптарын лексика-грамматикалық категория деп қарайтын ғалымдардың пікірлері дұрыс. Өйткені сөз таптары, шындығында да, бір-бірінен тек грамматикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге, олар лексикалық мағынасы жағынан да ажыратылады. Мәселен, зат есімдерге тән мағына - заттылық мағына, сын есімдерге тән мағына - атрибутивтік мағына, етістіктерге тән мағына - процессуальдық мағына. Бұлар - олардың сөз табы ретіндегі мағыналары. Бұл мағыналар әр сөз табына енетін күллі сөздердің бәріне ортақ.
Сөз таптарына тән категориялды (жалпылама ортақ) мағынаны сөздің лексикалық мағынасымен де, оның грамматикалық мағынасымен де шатастыруға болмайды. Сондықтан да, бұл мағына, сөз таптарына тән жалпылама ортақ мағына тіл білімінде - жалпы категориалды мағына деп аталынады (ол сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының жалпылану арқылы бірігуінен жасалады).
Сонымен, сөз таптары бір-бірінен, біріншіден, жалпы категориялды мағыналары жағынан ажыратылады, екіншіден, олар өздеріне тән грамматикалық белгілері арқылы (көптелу, жіктелу деген сияқты) ажыратылады. Грамматикалық белгілердің өзі екі түрлі. Оның бірі -морфологиялық белгі, екіншісі - синтаксистік белгі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет