Әл-ауқат және қауіпсіздік



бет22/43
Дата27.09.2024
өлшемі1,14 Mb.
#145943
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
10-synyp d399l-aud29bat-zhd399ne-d29bauipsizdik

Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Оқушыларға бос уақытында эмоцияларды басқарудағы күшті және әлсіз жақтарының тізімін жасауды ұсыныңыз. Содан кейін бір әлсіз жағын таңдап, оны жақсарту үшін іс-әрекет жоспарын жасаңыз.

(Қосымша ресурстар: https://surgut-pnd.ru/deyatelnost-



uchrezhdeniya/publikatsii/aktualnaya-informatsiya/1436-psikhicheskoe-zdorove-ot- chego-zavisit-ego-blagopoluchie-i-kak-ego-sokhranit)
3-бөлім. Әлеуметтік ортадағы әл-ауқат

  1. сабақ. Өзара әрекеттесу және ынтымақтастық

Оқушылар:

    • ұжымдағы сәтті өзара әрекеттесу факторларын түсіндіреді;

    • өзара әрекеттесу және ынтымақтастық стратегияларын ұсынады.



Сабақ барысы




Оқушылармен бірге «Мейірімділік пен достық туралы әсерлі роликті» қараңыз


https://www.youtube.com/watch?v=ioxMjTfFlj0.

Қараған бейнероликті оқушылармен талқылаңыз: олар қандай сезімдер мен эмоциялар алды, мінез-құлықтың қандай қасиеттерін және қандай қарым- қатынастарды көрді.


  1. тапсырма. Оқушылар ой-талқы әдісі арқылы ұжымдағы сәтті өзара әрекеттесу факторларын тұжырымдайды. Төменде берілген факторларды оқушылармен бірге талқылаңыз.

    • Өзара сыйластық, ұжымның әрбір мүшесінің даралығын мойындау.

    • Ашық қарым-қатынас. Оқушылар бір-бірін тыңдауға және өз ойлары мен идеяларына айтылатын сыннан қорықпай, қабылдауға дайын болуы керек.

    • Ынтымақтастық орната білу. Оқушылар ортақ мақсатқа жету үшін командада жұмыс істей білуі, жауапкершілікті бөлуі және басқалармен қарым-қатынас жасай білуі керек.

    • Эмпатия. Басқа адамдардың эмоцияларын, қажеттіліктері мен көзқарастарын түсінуге және ескеруге дайын болу, жанашырлық пен қолдау көрсете білу.

    • Кикілжіңдерді шешу. Орын алған кикілжіңдерді тиімді шешу, ымыраға келу және барлық тараптардың мүдделерін есепке алу дағдылары.

    • Сенім және ынтымақтастық.

    • Жеке жауапкершілік.

    • Толеранттылық (төзімділік). Әртүрлі көзқарастарға, идеяларға және мәдени ерекшеліктерге құрмет көрсету.

    • Көшбасшылық және бастама. Көшбасшы рөлін атқара білу, бастаманы өз қолына алу және ұжымды ортақ мақсатқа жетелеу.

    • Кері байланысты тыңдай және қабылдай білу және т. б.

(Қосымша ресурстар:


https://studwood.net/1923951/psihologiya/osobennosti_sovremennyh_podrostkov)
  1. тапсырма. «Мәселені ұжыммен шешу». Оқушылар мәселелердің бірін шешу жолдарын бірлесіп әзірлеуі керек (басқаларын ұсынуға болады немесе оқушылар өздері ұсына алады):


    • әлеуметтік желілердің жастарға әсері;

    • жастар арасында темекі шегу;

    • буллинг және кибербуллинг;

Оқушыларды 4 топқа бөліңіз: «Талдаушылар», «Статистер», «Сыншылар»,


«Сарапшылар». Әр топ өз міндеттерін атқарады.

    • Талдаушылар мәселені шешуге бағытталған іс-шараларды талдайды;

    • Статистер статистикалық деректерді және осы мәселе бойынша ағымдағы жағдайды зерттейді;

    • Сыншылар мәселені сыни тұрғыдан қарастырады;

    • Сарапшылар барлық топтардың жұмысын бағалайды және мәселе бойынша қорытынды шығарады.

Әр топ кезекпен сөйлейді, содан кейін қорытынды шығарылады.


Рефлексия. Қорытынды жасаңыз. Бірлескен жұмысқа қандай факторлар кедергі келтіргенін және қайсысы оң нәтижеге ықпал еткенін талқылаңыз.

  1. сабақ. Қарым-қатынас этикасы

Оқушылар:

    • этика аспектілерін түсіндіреді;

    • этикалық дилеммаларды әртүрлі жағдайларда талдайды.



Сабақ барысы

Оқушылармен төмендегі сұрақтарды талқылаңыз:


    • Этика сіз үшін нені білдіреді?

    • Этика қоғамда және адамдар арасындағы қарым-қатынаста қандай рөл атқарады?

    • Этика өзара әрекеттесу мен ынтымақтастыққа қалай әсер етеді?



  1. тапсырма. Оқушылар «этика» ұғымы бойынша ой қозғап, этикаға қандай қасиеттер кіретінін тізімдейді.


«Этика» термині ежелгі грек тілінен «әдет-ғұрып» деп аударылады. Этика – бұл дұрыс пен бұрысты, жақсы мен жаманды ажырататын моральдық және өнегелік принциптер мен құндылықтар жүйесі. Оған біздің мінез-құлқымыз бен шешімдерімізді басқаратын моральдық принциптер кіреді. Ол бізге этикалық шешімдер қабылдауға және құндылықтарымызға сәйкес әрекет етуге көмектеседі.

Қарым-қатынас этикасы – басқа адамдармен салауатты және үйлесімді қарым- қатынас орнатуға бағыттайтын принциптер мен құндылықтардың жиынтығы. Қарым-қатынаста этиканы сақтау бізге басқаларға құрмет, әділдік, адалдық және қамқорлық көрсетуге көмектеседі. Төменде қарым-қатынас этикасына жататын негізгі аспектілер келтірілген.


    • Құрмет. Қарым-қатынас этикасы басқа адамдардың жеке басын, олардың құқықтары мен пікірлерін құрметтеуді, әртүрлі көзқарастарды тыңдауды және ашық болуды, басқа адамдардың сезімдері мен шекараларын құрметтеуді қамтиды.

    • Адалдық. Адалдық – этикалық қарым-қатынастың негізі: шындықты айту, басқа адамдарды алдамау және айла-шарғы жасамау, өз қателіктерін мойындау және өз іс-әрекеттеріне жауапты болу.

    • Сенім. Қарым-қатынас этикасы өзара сенімге негізделген: сенімді болу және өз міндеттемелерін орындау. Сондай-ақ, сенімге құпиялылықты сақтау және басқа адамдарға зиян тигізуі мүмкін ақпаратты таратпау кіреді.

    • Эмпатия. Қарым-қатынаста эмпатия көрсету дегеніміз өзін басқа адамның орнына қойып, оның сезімдері мен уайымдарын түсінуді білдіреді. Эмпатия басқа адамдарға түсіністікпен қарап, жанашыр болуға көмектеседі.

    • Әділдік. Қарым-қатынас этикасы басқа адамдарға әділ болуды қамтиды: кемсітушілікті, ағат пікірлілік пен теңсіздікті болдырмау. Сондай-ақ, әділдік дегеніміз барлық тараптардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескере білу және жанжалдарды әділ шешуге тырысу.

    • Қамқорлық және қолдау. Қарым-қатынас этикасы басқа адамдарға қамқорлық пен қолдау көрсетуді қамтиды, басқа адамдарға көмектесу, қолдау көрсету және олардың әл-ауқатына қамқор болу және т. б.

(Қосымша ресурстар: https://infourok.ru/tema-etika-medicinskaya-etika-etapi- razvitiya-2747868.html)
  1. тапсырма. Әдеп кодексін әзірлеу. Оқушыларға 3-4 адамнан тұратын топтарда әртүрлі жағдайларға арналған әдеп кодексін әзірлеуді (мектепте, спорттық ойындарда, достар арасында, отбасында және т. б.), салауатты қарым-қатынасты сақтау үшін ұстанатын негізгі принциптер мен ережелерді анықтауды ұсыныңыз. Әр топ өзінің әдеп кодексін ұсынады.


Оқушылармен «этикалық дилемма» түсінігін талқылаңыз.

Этикалық дилемма – бұл әртүрлі этикалық принциптер, құндылықтар немесе міндеттер арасында қайшылық туындайтын жағдай және бір тарапты таңдау екіншісіне қайшы келуі мүмкін. Мұндай жағдайларда адам моральдық шешім қабылдауда екіұштылыққа немесе қиындықтарға тап болады, өйткені екі нұсқаның да өзіндік этикалық аспектілері мен салдары бар. Этикалық дилеммалар өмірдің әртүрлі салаларында пайда болуы мүмкін. Этикалық дилеммалардың мысалдарына жеке және қоғамдық мүдде, әділдік пен әл-ауқат, адалдық пен сенім, жеке дербестік пен ұжымдық игілік немесе қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайда арасындағы таңдау жатуы мүмкін. Этикалық дилемманы шешу әртүрлі факторларды мұқият қарастыруды, талдауды және синтездеуді, сондай-ақ ең тиімді шешімді табу үшін этикалық принциптер мен құндылықтарды қолдануды талап етеді. Ол үшін өз әрекеттерінің салдарын ескеріп, басқалардың құқықтарын құрметтеу, әділдікті және барлық мүдделі тараптардың әл-ауқатын қамтамасыз ету керек.


(Қосымша ресурстар
https://www.storyboardthat.com/ru/articles/e/%D0%B4%D0%B8%D0%BB%D0%B5% D0%BC%D0%BC%D0%B0)
  1. тапсырма. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарға біріктіріп, туындаған жағдаятты талдауға шақырыңыз және этикалық принциптерге негізделген шешімдерді табуды тапсырыңыз (оқушылар осыған ұқсас басқа мысалдарды ұсына алады).


    • Емтиханда отырып досыңның сенің дәптеріңнен көшіріп жатқанын байқадың. Егер емтихан алушы оны байқаса, досың емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі.

    • Досың саған бір құпиясын айтып, ешкімге айтпауыңды өтінген. Бірақ сен бұл құпияның басқа адамдарға зиян тигізуі мүмкін екенін білдің.

    • Топтасың абайсызда жасаған ауыр теріс қылық үшін айыпталады. Оның кінәлі деп танылғаны сенің шешіміңе байланысты. Бұл жағдайда ол топтан шығарылуы мүмкін.

    • Сен маңызды жоба дайындап жатырсың, бірақ оны жүзеге асыру үшін қаржы жетіспейді. Қолда бар барлық ақшаң таусылды. Жобаға қатысушылардың бірі ата-анасының банк картасынан ақшаны білдіртпей алуды ұсынып, ата-анасы ақшаның жоғалғанын жақын арада байқамайтынын және алынған соманы орнына қоюға мүмкіндік болатынын айтты.

    • Саған өте қатты көргің келетін фильмнің пираттық көшірмесін жүктеп алуды ұсынды. Фильмнің премьерасы жақын арада болмайды.

    • Мұғалім емтихандағы жұмысыңды қате бағалап, саған лайықты бағадан жоғары баға қойды.

    • Болашағың шешілетін өте маңызды кездесуге асығып барасың. Осы сәтте жақын досың телефон соғып, шұғыл көмек сұрайды, өйткені оның сенен басқа сенетін ешкімі жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет