тапсырма. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда ой-талқы әдісі арқылы эмоциялық және психикалық әл-ауқатты қалыптастыратын факторлардың тізімін жасауға шақырыңыз. Оқушылар әр факторды сипаттай отырып, эмоциялық және психикалық саулықты нығайту стратегияларын ұсынады.
Тапсырманы орындағаннан кейін эмоциялық және психикалық саулық факторларын талқылаңыз:
өмірдің мәні мен мақсаты, өмірге мән мен бағыт беретін құндылықтар,мүдделермен мақсаттардыбілу;
күйзелісті басқара білу, релаксация, медитация, жоспарлау және уақыттыұйымдастыру сияқты күйзелісті басқару стратегиялары мен дағдыларындамыту;
жұмыспендемалысарасындағытепе-теңдік:жұмыснемесеоқуталаптары мен демалу, қалпына келу және өзін-өзі күтуге арналған уақытарасындағытепе-теңдіктітабабілу;
қанағаттанужәнеөзқабілеттерінжүзегеасыру:өзіс-әрекетіненқанағаттанусезімі,сондай-ақөзқабілеттерінесенужәнеқойғанмақсаттарғажетуге деген сенімділік.
тапсырма. «Даналыққа жету жолы» жаттығуы. Оқушыларды 3–4 адамнан тұратын топтарға бөлініп, әртүрлі ресурстарды қолдана отырып, оларды шабыттандыратын және позитивті көзқарас пен психикалық әл-ауқатты сақтауға көмектесетін 10 дәйексөзді, мақал-мәтелдерді немесе дана сөздерді жазуға шақырыңыз. Топтар тізімдерді оқып, олардың мағынасын түсіндіреді. Оқушыларды
қазіргі уақытта олар үшін ерекше маңызды бір дәйексөзді таңдап, неліктен маңызды екенін түсіндіруді сұраңыз.
тапсырма. «Музыкадағы эмоциялар». Оқушыларды күшті эмоциялар тудыратын әнді таңдауға шақырыңыз. Бұл әнді тыңдағысы келетіндерден бұл ән олардың көңіл-күйі мен эмоцияларына қалай әсер ететінін сұраңыз. Оқушыларды олардың эмоцияларын реттеуге және психикалық әл-ауқатын нығайтуға көмектесетін әндердің тізімін жасауды сұраңыз.