Оқушыларды «күйзеліс» ұғымын тұжырымдауға жұмылдырыңыз. Оқушылармен ұзақ уақытқа созылған стрестің неге әкелуі мүмкін екенін талқылаңыз. Стресс пен күйзелістің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын талқылаңыз.
Дүниежүзілікденсаулықсақтауұйымыныңмәліметібойынша,«күйзеліс, мазасыздық және мінез-құлық бұзылыстары жасөспірімдер арасындағы ауру мен мүгедектіктің негізгі себептері болып табылады. Жасөспірім шағында психикалық саулықтың бұзылуына қарсы шара қолданбау физикалық және психикалық саулыққа теріс әсер ететін және толыққанды ересек өмір сүру мүмкіндіктерін шектейтін ересек жасқа дейін созылатын салдарға әкеледі» (дереккөзhttps://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/adolescent-mental- health).
Стресс – бұл дененің физикалық, эмоциялық немесе психологиялық талаптарға немесе қоршаған ортадағы қиындықтарға табиғи реакциясы. Стресс әртүрлі жағдайлар мен оқиғаларға байланысты пайда болып, белгілі бір уақытқа созылады. Стрестің негізгі белгілеріне мазасыздық, ашуланшақтық, ұйқысыздық, денсаулықтың нашарлауы (бас ауруы, шаршау) және көңіл-күйдің өзгеруі жатады.
Күйзеліс – бұл көңіл-күйдің тұрақты және ұзаққа созылатын бұзылуымен және бұрынғы әрекеттерге қызығушылықтың жоғалуы немесе олардан ләззат алмауымен сипатталатын психикалық бұзылыс. Күйзеліс ұзақ уақытқа созылуы мүмкін (апталар, айлар, жылдар). Күйзелістің негізгі белгілеріне депрессиялық көңіл-күй, қызығушылықтың болмауы, тәбет пен ұйқының өзгеруі, шаршау, зейіннің нашарлауы, дәрменсіздік сезімі және өзін-өзі бағалаудың төмендігі жатады. Күйзеліс адамның күнделікті өмірдегі жұмысына, соның ішінде жұмыс, оқу және тұлғааралық қатынастарға теріс әсер етеді.
Стресс пен күйзеліс қатар жүре алады және бір-бірімен байланысты. Адамдар ұзақ уақыт бойы стреске ұшырағанда күйзелістің күшейю қаупі жоғарылайды.
(Қосымша ресурстар https://ifightdepression.com/ru/dlja-molodezhi)
тапсырма. Оқушыларды 3-4 адамнан тұратын топтарда күйзелістің ықтимал себептерінің тізімін жазуға, оның алдын алу шараларын ойлап табуға шақырыңыз. Оқушылар жұмысты презентация немесе постер түрінде рәсімдейді және сыныптастарына ұсынады.
тапсырма. «Көңіл-күй шығармашылық коллажы». Оқушыларға олардың көңіл- күйі мен эмоцияларын көрсететін суреттерді, фотосуреттерді, сөздерді және түстерді пайдаланып шығармашылық коллаж жасауды ұсыныңыз. Оларға жасаған коллаждарымен сыныппен бөлісіп, оларды не шабыттандырғанын және белгілі бір элементтерді неге таңдағанын түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Содан кейін көңіл-күй мен эмоциялар біздің әл-ауқатымызға қалай әсер ететіні, сондай-ақ көңіл-күйді көтеру және жабығумен күресу үшін шығармашылық әдістерді қалай қолдануға болатыны туралы пікірталас жүргізіңіз.