Мәтінде артық, тақырыптан басқа жаққа алып кететін, керегі жоқ мәліметтер болмау
тиіс. Реферат мазмұнының берілген тақырыпқа сәйкестілігі бағалаудың маңызды критериі
болып саналады. Сондықтан рефераттың бас мақсаты ақпарат көздерін толық пайдаланып,
авторлардың пікірлерін дұрыс түсіну және жұмыста оларды өзгертпей көрсете білу.
Рефераттың құрылымы қойылған міндеттемелерге байланысты.
Реферат титулдық беттен басталады. Одан кейін мазмұны көрсетіледі.
Мазмұны
рефераттың
жоспары болып табылады, бұл жерде әр бөлімнің қасында тиісті беттердің
нөмірі көрсетіледі.
Рефераттың мәтіні үш бөлімге бөлінеді, яғни кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.
Кіріспеде
тақырыптың өзектілігі негізделеді, сонымен
бірге негізгі мәселелер,
жұмыстың мақсаты мен міндеттері, пайдаланған қайнар көздері сипатталады.
Жұмыстың
негізгі бөлімі
реферат логикалық қатарының басты элементі болып
табылады. Ол бірнеше тараудан немесе біртұтас мәтіннен тұрады. Негізгі бөлімде
кезегімен, тараулар арасындағы логикалық байланыстың
сақталынуымен кіріспеде
қойылған мәселесі сипатталады, осы сұрақ бойынша алуан пікірлер көрсетіледі, авторлық
көзқарасы негізделеді. Қажет болған жағдайда рефераттың мәтіні суреттер, кестелер мен
сызбалармен толықтырылады.
Жұмыстың
қорытындысында
зерттеу жұмысының теориялық мәселелеріне қатысты
басты-басты қол жеткен тұжырымдары көрініс табады.
Рефераттын соңында библиографиялық тізімі яғни пайдаланылған әдебиеттер мен
басқа қайнар көздерінен тізімі көрсетіледі.
Рефераттың рәсімделенуі де жұмыстың маңызды аспектісі болып табылады,
себебі
рефераттың дұрыс рәсімделгені қорытынды бағаға ықпал етеді. Өзекті, қызықты жазылған
рефераттың құнтсыз рәсімделуі бағаны төмендетуге негіз бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: