«елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелеік нұСҚаулық



бет4/28
Дата07.01.2022
өлшемі249 Kb.
#20751
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Орталықтардың функциялары


  1. Оператормен келісе отырып, тәлімгерлер мен көшбасшыларды іріктеу және оларды тағайындау;

  2. Қатысушылардың деңгейлердің талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру;

  3. растау құжаттарын қоса бере отырып, таңдалған деңгейлердің шарттарын табысты орындаған қатысушылардың тізімін шығару және оны операторға жіберу.

Жеткізушінің функциялары


  • қызмет бағыттары бойынша қатысушыларға қызметтерді жеткізу.

Байқау комиссиясының функциялары


  1. Оператор ұсынған үміткерлердің құжаттарын қарау;

  2. үміткерлердің нәтижелерін бағалау;

  3. Қатысушыларды тиісті дәрежедегі «Елбасы медалі» үздік белгісімен марапаттау үшін, ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдау;

Тәлімгердің функциялары


  1. Тәлімгер Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің түйіндемесін толтырып, оны Бағдарлама орталығының қарауына қалдырады;

  2. Тәлімгер қатысушы аккаунтында көрсетілген деректерге ашық қол жеткізе алады;

  3. Тәлімгер қатысушының өзімен және оның заңды өкілдерімен де, сондай-ақ, қатысушының тұратын жерінің жағдайымен, оның дене және менталдық денсаулығымен алғашқы болып тікелей танысуды жүргізуге міндетті;

  4. Тәлімгер қатысушыға Бағдарламаға қатысу тәртібі, бағыттар, есеп беру формасы, көтермелеу және басқа да жағдайлар бойынша талаптар туралы жеке нұсқаулық жүргізеді;

  5. Тәлімгер Бағдарламаға қатысушының спорттық секцияларға, үйірмелерге, еріктілер іс-шараларына қатысу мониторингін айына кемінде бір рет жүргізеді, бұл ретте 18 жасқа толмаған қатысушы өзінің спорттық секцияларға, үйірмелерге, еріктілер іс-шараларына қатысуын ата-аналарымен (қамқоршыларымен) келісуі тиіс;

  6. Тәлімгер қатысушымен бірге жеке қатысу кестесін жасайды, онда сабақтардың түрлері, ұзақтығы, сондай-ақ, Бағдарламаның әрбір бағыты бойынша нормативтер анықталады;

  7. Тәлімгер өз аккаунты арқылы әр қатысушымен байланыс жасап, әдістемелік қолдау көрсете алады;

  8. Тәлімгер қатысушының жеке кестесіне сәйкес оның есептерін тексереді, сондай-ақ, оны растайды немесе тапсырманы қайта орындауды талап ете алады;

  9. Тәлімгер өз аккаунты арқылы өзіне бекітілген қатысушылардың ілгерілеуін қадағалайды және олардың әрқайсысына журнал толтырады;

  10. Тәлімгер қатысушының күнделігін толтыру барысын тексеріп, қажет болған жағдайда қатысушыға көмек көрсетуі керек;

  11. Тәлімгер күнделік толтырмаған, Бағдарлама шарттарын орындамаған, байланысқа шықпаған қатысушымен өзі байланысқа шығуы тиіс;

  12. Тәлімгер Бағдарлама деңгейі аяқталғаннан кейін талдау жазбаларын, сондай-ақ, оған бекітілген барлық қатысушыларға қатысты ұсынымдарды жазады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет