әдістемені әзірлеу және Бағдарламаны әдістемелік бағытпен қамтамасыз ету;
Бағдарлама талаптарының сақталуын бақылау;
Серіктеске, жеткізушіге және орталықтарға қойылатын талаптарды бекіту және оларды авторландыру;
Бағдарламаның ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету;
«Елбасы медалімен» марапаттау үшін үміткерлердің құжаттарын байқау комиссиясының қарауына жіберу.
Серіктестің функциялары
Тәлімгерлерді, сарапшыларды, қатысушыларды, көшбасшылар мен орталықтарды алып жүру мақсатында өңірлік үйлестірушілер мен ресурстық орталықтар желісін құру;
Өңірлік үйлестірушілерді, тәлімгерлерді, сарапшыларды және орталықтардың қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру;
Өңірлік үйлестірушілерге, ресурстық орталықтарға, тәлімгерлерге, сарапшыларға, қатысушыларға, көшбасшылар мен орталықтарға әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету;
Операторға растау құжаттарын бере отырып, таңдалған деңгейлердің шарттарын табысты орындаған қатысушылардың тізімін ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |